Қабыршақты балықтар. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.
«Қабыршақты балықтар» 4 сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Сабаққа арналған теориялық материал
Қабыршақ – сүйек немесе мүйізді пластинкалар арқылы пайда болатын кейбір тірі ағзалардың сыртқы келбеті. Балықтардың басым бөлігі қабыршақты.
Стилизация – бейнелеу өнерінде бейнеленетін объектілердің саналы түрде жеңілдету бойынша композиция тәсілі. Стилизацияда сурет пен пішін, көлем мен түстік қатынас барынша қарапайым түрге келтіріледі. Стилизация сәндік-қолданбалы өнерде функционалды не көркем-мәнерлі сапасын көрсету үшін жиі қолданады.
Стилизацияның түрлері, тәсілдері мен заңдылықтары
Өнер мен дизайнның заманауи даму кезеңінде стилизацияның қолдану аясы кеңеюде. Стилизацияға абстракция тән, туынды авторының пікірінше элементтердің негізгі мәнін ашатын, маңызды бөліктерін айқындау мақсатында артық бөліктерден, кездейсоқ белгілерден ойша арылу.
Стилизация – ерекше көркем, жаңа мәнмәтінде берілетін нәрсенің (дәуірдің көркем стилі, суретшінің авторлық стилі) мақсатты түрде формалды образдың белгілеріне еліктеу тәсілі ретінде де қолданылуы мүмкін. Стилизация жобалау қызметінде (дизайн) және көркем туындыларында (сәндік кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер) қолданылады.
Сабақты өткізу бойынша ұсыныстар
Сабақты жұмбақтың шешімін табудан бастау ұсынылады. Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстырып өтіңіз.
Сабақтың бірінші кезеңінде суретті талдауға арналған тапсырма болып табылады. Пішін мен балықтың қабыршағын суреттеудің тәсілдерін көрсетуден басталады. Оқушыларды балықтардағы қабыршақтарының пайдасы мен қажеттілігі туралы ойлануға бағыттаңыз. Сол арқылы оқушылар өзге пәндер бойынша білімдерін қолдануға мүмкіндік жасау ұсынылады. Сонымен қатар, оқушылар суреттегі пішінді суреттеудің тәсілдерін қарастырады. Оқушылар өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіреді. Түс, көлеңке, жарық пен көлеңкенің градацияларын қарастырды.
Әрі қарай оқушыларға балықтардың үш түрлі суретін салыстыруға ұсыныңыз. Оқушылар әртүрлі суреттердің ерекшеліктерін салыстырып, анықтайды. Балықтың ауқымды пішінінің суреті арқылы балықты суреттеудегі көлеңке мен жарықты суреттеудің әдістерін қарастырып өтеді. Оқушыларды балықтарды суреттеудегі стилизацияны жасаудың үлгілеріне көңіл аударыңыз. Балықтың стиллизациясы қандай үлгіде жасалғандығын анықтауды сұраңыз. Олардан бұрындары стиллизацияны (сызық, нүкте, фигуралармен) қалай орындағандарын сұрастырыңыз.
Сабақтың келесі кезеңінде оқушылардың жеке жұмыс жасауын ұйымдастыру ұсынылады. Оқушылар балықтың стилизацияланған және көлемді үлгісінің суреттерін салады. Оқушылар сабақ барысында жұмысты аяқтау үшін жұмысты А5 форматында орындауды сұраңыз. А4 қағазын бірден бөліп, суретті салуды бастауға болады.
Практикалық жұмысты орындау кезінде оқушыларды бақылау қажет.
Дифференциация бойынша ұсыныстар
Дифференциация негізінен практикалық тапсырмаларда жүргізіледі.
Оқушылар практикалық жұмыстарды түрлі материалдармен орындай алады. Графикалық және бояу материалдарымен орындай алады. Кейбір оқушыларға жұмысты акварельмен орындауын сұраңыз. Немесе қара сия мен гельді қаламсаппен орындауға болады. Гуашьпен орындаған да жұмысқа өзге сипат беруі мүмкін.
Дифференциация қағаздың өлшемі арқылы да жүргізілуі мүмкін. Оқушылардың ішінде кім жұмысты тез орындаса, оларға балықты А4 форматында орындауға болады. Балықтың бейнесін салу кезінде оқушылардың кейбірі қиындықтың барын байқаса, онда балықты салудың кезеңдері көрсетілген дидактикалық материал дайындауды ұсынамыз. Дидактикалық материалдың әрбір кезеңі түсіндірілуі тиіс.
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.
Формативті бағалау бойынша ұсыныстар
№1 тапсырмадағы формативті бағалау дұрыс берілген жауаптарға мақтау ретінде жүргізіледі. №2 практикалық тапсырманы өзара бағалау арқылы жүргізуге болады. Ол үшін оқушылар төмендегі дескрипторларды қолданулары мүмкін;
- жарық, күңгірт көлеңке, балықтағы көлеңкені суреттеді;
- түспен суреттің көлемін суреттеді;
- балықтың суретін стильдеді;
- қабыршақты суреттеді;
- жұмысты ұқыпты орындады.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Қайшымен жұмыс жасау кезінде -
- жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
- қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
- қайшыны ашық тастама;
- сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
- қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
- қайшыны керек уақытында пайдалан.
Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -
- жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
- арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
- жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
- ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.
Желіммен жұмыс жасау кезінде –
- желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
- желімді керек мөлшерде ғана ал;
- артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
- жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.
Бізбен жұмыс жасау кезінде –
- бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
- жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
- тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?