Пейзажист-суретшілер. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
Сабақ тақырыбы: Пейзажист-суретшілер
Оқу мақсаты: 3.1.2.1 Отандық және әлемдік өнердің әртүрлі шығармаларын білу және олардың ерекшеліктерін (жанры, орындау техникасы, көңіл-күйі) түсіндіру
Қажетті материалдар
А4 пішінді ақ қағаз парақтары, қара қарындаштар, бор тәріздес қарындаштар, пастель, акварель, гуашь, пейзаж суреттері немесе көшірмелер.
Сабаққа арналған теориялық материал
«Пейзаж» – француз сөзі, ол көркемөнер жанырының бір түрі. Пейзаж бірден жанр болып құрылған жоқ. Ол үлкен даму жолынан өтті. Пейзаж фон арқылы живописте, грағикада және басқа да жанр түрлерінде жұмыс істейді.
Табиғатты бейнелеу неолит кезеңінде кездескен. Релйеф, роспистерде ескі шығыста кездесті. Египет храмдарында, сосын фрескаларда көрініс тапты. Алғашқы пейзаждар Қытайда пайда болды. Олар кітап сияқты ұзыннан ұзақ болып жібек маталарда салынды.
XVI ғасырдың басында «пейзажист» деген түсінік пайда болды. Бірінші болып Альберт Дюрер Нидерландық суретші Иоахим Патинурдан үйренді десек болады. Дюрердің өзін пейзаж жанрында жұмыс істеген бірінші пионер десек те болады.
Әбілхан Қастеев (1904 – 1973 жж.) – қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері – Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы.
Суретші дарыны табиғат суреттерінен, әсіресе Жетісу көріністерінде толық ашылады. Жылдың түрлі мезгіліндегі табиғаттың әртүрлі күйінің пейзаждары суретші қылқаламынан туындаған. Әбілхан Қастеевті қазақ ұлттық пейзажының айтулы шебері. Оның суреттерінің сюжеті қарапайым әрі терең ұлттық мәнерде. Пейзаждар көбінесе акварельдік болып келеді.
Иван Иванович Шишкин (1832 - 1898) – орыс кескіндемешісі, 19 ғасырдың 2-жартысындағы орыс реалистік пейзажының негізін салушы, Петербург Көркемсурет академиясының академигі (1865) әрі профессоры (1873). Көпес семьясында туған. Мәскеудің кескіндеме, мүсін және сәулет өнері училищесінде (1852-1856), Көркемсурет академиясында оқыды (1856-1865). Передвижниктер бірлестігінің ұйымдастырушы- мүшесі. Петербургте тұрған. Шығармашылығы демократиялық эстетикамен тығыз байланысты, ол орыс пейзажы жайлы эстетикалық ой-пікірді ұлғайтты, әрі орыс кескіндемесінде орман көрінісін бейнелеуді қалыптастырды. Ол орыс табиғатының сұлулығы мен кендігін көрсететін «Қара бидай» (1878), «Көз жеткізсіз орман» (1884), «Қарағайлы ормандағы таң» (1889) және т.б. атты кең тынысты суреттердің авторы. Ол шебер суретші әрі литнография және гравюрамен де шұғыланданған. Передвижниктер мақаласының иллюстрациясына қараңыз.
Жаңатай Шәрденов – кескіндемеші, Қазақ КСР-інің халық суретшісі (1991). Ұлттық пейзаж өнерінің жетекші шебері ретінде танылғаны, өзінің жарасымдылығы және композиция шешімі жөнінен айрықша картиналарында туған ел табиғатының поэзияға толы әрі лирикалық жағынан пайымдалған образдарын («Орталық мұражайы», 1957; «Ағаш түбіндегі шағын үй», 1971; «Жас қайыңдар», 1975; «Қапшағай теңізі», 1976; «Алмаарасан сайы», 1978; «Тауда», 1981; «Медеуге апаратын жол», 1983; «Кешкі әуен», 1988) жасады.
Сабақ барысы
Танымал суретшілер (Әбілхан Қастеев, Иван Иванович Шишкин, Жаңатай Шәрденов)суреттерін таңданыз немесе түрлі пейзаждарды бейнелейтін суреттердің электронды таныстырылымын дайынданыз. Оқушылар олардың алуан түрлілігін көре алу үшін және соған тән белгілерді анықтай алу үшін, онда әртүрлі жыл мезгілі мен пейзаж элементтері қолданылып, түрлі түстер гаммасы, түрлі материалдар мен жазу техникалары пайдаланылуы тиіс.
Сабақты пейзаж таныстырылымынан немесе тамашалаудан бастаңыз. Иллюстрациялар, суреттер, фотосуреттерді кабинет қабырғаларына, оқушылар көре алатындай етіп орналастыруға болады. Ұсынылған суреттерді көріп шыққаннан кейін, оқушылардан сабақ тақырыбын анықтауды сұрап, содан соң оқулықтағы тапсырманы орындауға көшіңіз.
Оқушылар суреттерге қарай отырып, бұл суреттерді не байланыстыратынын, жанрдың қалай аталатынын, онда қандай жерлердің табиғаты бейнеленгенін айтуы тиіс.
Оқушылармен бірге пейзажист суретшілер (Әбілхан Қастеев, Иван Иванович Шишкин, Жаңатай Шәрденов) туралы әнгіме қозғаныз. Сабақ мазмұның басқа пейзажист суретшілер жұмысына негіздеп құрастыруға да болады.
Практикалық жұмыс
Оқушылар өз өңірінің пейзажының суретін салады. Ол үшін қандай пейзаж салатындарын, қандай пейзаж элементтерін бейнелеу қажет екенін, жыл мезгілін қалай көрсететіндерін айқындап алуы тиіс. Қызығушылығы төмендеу оқушыларға көмектесіңіз, олардың нені бейнелейтіндерін айтып жіберіңіз, элементтердің шағын мөлшерін пайдалануға кеңес беріңіз. Сурет салуға (табиғатты бейнелеуге) қиналатың оқушыларға пейзаж элементтерінің дайын шаблодарын немесе бейзаж салу кезендері көрсетілген суреттерді беруінізге болады (cаралау бойынша ұсыныс ретінде).
Бағалау мүмкіндіктері
Жұмыс аяқталған кезде оқушылардың жұппен/топтасып әрқайсысының қандай пейзаж салғанын анықтауын, жұмыстарындағы элементтерді атауларын сұраңыз. Оқушылар суреттерін талдауын дескрипторлар көмегімен бағалайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды