Пейзажист-суретшілер. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Бөлім: Атақты тұлғалар | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Пейзажист-суретшілер | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.2.1 қазақ халқының және әлем халықтарының қолданбалы өнерінің ұлттық ерекшеліктерін анықтау және суреттеу | |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Жетістік критерийлері | Білім алушы:
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Әртүрлі пейзаж туындыларының ерекшеліктерін сипаттайды. Оқушылар келесі сұраққа жауап береді:
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Шығармашылық, азаматтық жауапкершілік | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды | |||||||||
Бастапқы білім | Табиғат әлемімен танысуды жалғастырады, көркем материалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларың жетілдіреді. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | |||||||||
Сабақтың басы 2-3 минут | Пейзажист - суретші туындыларын оқушыларға көрсетініз (бейне ролик, презентация және т.б.). Сұрақ:
Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет. | Шөлде мекен ететің жануарлар https://www.youtube.com/watch?v=2-9NUpIVCXQ | ||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 7 минут 22 минут | Оқушыларғай пейзаж туралы қысқаша ақпрат беріңіз. Пейзаж – бұл табиғатты ғана емес, кез келген жерді бейнелейтін туынды. Пейзажға кейбір негізгі элементтер кіреді. Бұл жер беті, өсімдіктер дүниесі, адамдар салған құрылыстар. Суретте сонымен қатар су қоймалары, фауна, адамдар, жарық, бұлт, жаңбыр көріністері берілуі мүмкін. Жұмыстарды талдау Оқушыларға берілген пейзажист (А.Қастеев, И.Шишкин, Жанатай Шарденев) суретшілердің жұмыстарын ұсыныңыз. Оқушыларды топқа бөліңіздер. Пейзажист суретшілердің шығарсаларының көшірмелерін таратып беріңіз. Фотосуреттерді қарап және бейнеленген суреттерді сипаттап беруін сұраңыз. Сұрақтар: Суреттерде пейзаждың қандай элементтері кездеседі? Сол күні күн райының қандай болғанын анықтауға бола ма? Суретшілер табиғатты бейнелеу үшін қандай материалдар қолданған? Суретші табиғат құбылысының өзіне тән қасиетін көрсету үшін, өнердің қандай суреттеу құралдарын қолданған? Ал сендер қандай суретшілерді білесіндер? Бұл туындылардың авторлары (суретшілер) туралы қысқаша ақпарат беріңіз. Әбілхан Қастеев – қазақтың танымал кескіндемешісі, Қазақстанның халық суретшісі. Оның сүйікті материалы акварель болған. Иван Шишкин – орыстың ең танымал суретші-пейзажшысы. «Орман түкпірі» суреті үшін оған профессор атағы берілген. Жаңатай Шәрденов – кескіндемеші, Қазақ КСР-інің халық суретшісі (1991). Тәжірибелік жұмыс Оқушылар әртүрлі материалдармен және техникаларды пайдаланып табиғат көрінісін бейнелейді. Табиғаттың өздеріне тән ерекшеліктерін көрсете отыра тибиғатын суреттерің (А5/А4 форматында) салады, олардын түстік шешімін көркем құралдар арқылы бейнелейді. Орындау материалдары мен техникасын оқушылар өздері тандауларына болады. Оқушылар, суретшілердің жұмыстарына сүйене отырып өз жұмыстарын орындай алады. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды. | Шығармашылық жұмысты орындауға қажетті материалдар: қаптайтын бұдырлы полиэтилен, таблетка ұяшықтары және басқа материалдар мен текстураны көрсете алатындай қолда бар құралдар (мысалы, ермексаздан мөртабан жасауға болады), поролон жұмсақ сорғыш, гуашь бояу (қажетті консистенцияға жеткенше суға еріту), әртүрлі қылқаламдар, ақ түсті және/немесе түрлі түсті қалың қағаз, қайшы, қарындаш. | ||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Бағалау Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз. Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды Рефлексия: Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
| |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?