Атақты суретшілер. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 «Атақты суретшілер» тақырыбына арналған сабақта 3.3.2.1 Арнайы терминдерді қолдана отырып өнердің әртүрлі туындыларының суреттеу құралдары мен орындау материалдарын анықтау және салыстыру оқу мақсаты қаралады. Аталған оқу мақсаттары аясында оқушылар өздері жасаған шығармашылық жұмыстарды, суретшілердің туындыларын талдайды, бағалайды және пәндік терминологияны қолдана отырып өз ойларын (пікірлерін) айтады. Сол себепті осы сабақ аясында академиялық тілге және коммуникативті дағдыларды дамытуға аса назар аудару қажет.

 Қажетті материалдар

 График суретші туындыларының репродукциялары, графикалық материалдар, қарапайым қарандаш, көркем көмір, А4 форматтағы қағаз, өшіргіш.

 Сабаққа қажетті қосымша ақпарат

 Графика – бейнелеу өнерінің бір түрі. Кескіндемеде түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қара (қоңыр) дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады, сондай-ақ заттардың ең негізгі белгілері таңдап алынады. Графикаға гравюраның барлық түрлері (литография, линогравюра, ксилография), плакаттық, сатиралық сурет түрлері жатады.

Евгений Матвеевич Сидоркин – қазақстандық график-суретші. «Көңілді өтірікшілер» және «Қазақ эпосы» қазақ халық ертегілері кітаптарын көркемдеп безендірген. Бұл кітаптардағы суреттер графиканың жарқын үлгілері болып табылады.

 Қазақстандағы оның алғашқы жұмысы 1958 жылы орындалған "Көңілді алдаушылар" атты акварельдер топтамасы. Бұл туындылар халық ертегілері негізінде жасалды. Оның басты кейіпкерлері – есімдері аңызға айналған дала данышпандары Алдаркөсе мен Тазша бала, Жиренше шешен.

 Сидоркиннің линогравюра тәсілінде орындалған келесі үлкен туындысы "Қазақ эпосы" иллюстрациялары - біртұтас декоративті мәнерде шешілген. Аталмыш жұмысында суретші халық эпосындағы қаһарман батырлар мен кербез сұлулар сынды өлмес кейіпкерлерді жаңғыртты. "Қазақ эпосына" арналған кітап безендірулер мен мазмұнды иллюстрациялар ақ сызықтармен нақтыланған қара сұлба арқылы берілген. Бұл декоративті мәнерді суретші келесі топтамаларында дамыта түседі. Кәсіби шеберлігін арттырып, композициялық құрылымды күрделендіре келе, 1963 жылы "Қазақтың ұлттық ойындары" автолитографиялар топтамасын (Көкпар, Бәйге, Қыз қуу, Бүркітпен аңға шығу) жасайды.

 Е. Сидоркиннің теңдесіз жұмыстары оның үлкен талантын көрсетеді. Суретшінің артына қалдырған жауһар қолтумалары Қазақстан өнерінің алтын қазынасына қосқан елеулі үлесі болып табылады.

 График суретші, живописьші сияқты, перспективаны меңгеруге, анатомияны білуге, сурет сала білуге тиіс. Бірақ егер живописьте түс және ол жасаған колорит бірінші орында тұрса, ал сурет қажетті, бірақ әйтсе де көмекші роль атқарса, графикада суреттің рөлі шешуші, мұнда ол өнердің дербес түріне айналады. Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қара қоңыр дақтардың ара қатынасы жетекші маңызға ие болады. Рас, графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады, бірақ оның рөлі, әдетте, шектеулі, қызметтік дәрежеде ғана болып қалады.

 Графикаға гравюралардың барлық түрлеріне жатады, суреттерден айырмашылығы сол, оларды көп дана етіп көбейтуге болады. Гравюралар сондай-ақ ақ-қара және түрлі-түсті болады. Түрлі-түсті гравюралар бірнеше тақталардан басылады. Гравюралардан басқа, графика өнерінің тағы бір түрі – литография да көбейеді. Бұл – бетіне тікелей сурет салынған ерекше жалпақ тастан басып шығару. Литография ақ-қара және түрлі-түсті болады.

 Графикалық өнердің ең көп тараған түрі – плакат. Оның түрлері аз емес, бірақ олардың ішіндегі ең бастысы – қоғамдық өмірде елеулі роль атқаратын саяси, үгіт плакаты. Плакаттың аса маңызды ерекшелігі суреттің қысқаша жазумен мағыналық және композициялық жағынан бірігуі болып табылады.

 Сатиралық графика – карикатура да бүгінгі өмірде айтарлықтай роль атқарады. Олармен біз, газеттің немесе журналдың кезекті санын аша отырып, күн сайын ұшырасамыз.

 Графика үшін тұтас алғанда қолданылған түстің шарттылығы, образдың жалпылығы, әсірелеу мен символика тән. Графика өнерінде живописьпен және скульптурамен салыстырғанда сыртқы ұқсастықтан едәуір ауытқуға жол беріледі.

 Сабақ барысы

 Оқушыларды топқа бөліңіз және тапсырманы түсіндіріңіз. №1 тапсырма аясында суретшілердің жұмысын мұқият талдаңыздар. Оқу мақсаты академиялық тілге және коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған, сол себепті осы тапсырмаға көбірек уақыт бөлгеніңіз дұрыс болады. Суреттердің туындыларын бақылау және талдау оқушыларға тондық шкаламен жұмыс жасау барысында және шығармашылық жұмысты орындау кезінде көмек көрсетеді.

 Тәжірибелік жұмыс

 Графикалық материалдарды пайдаланып өзіне ұнайтын кейіпкердің суретін салдырыныз.

 1.Өзіне ұнайтың кейіпкерді тандап ал, оның бейнесі мен ерекшелігін есіне түсір.

 2.Графикалық материал мен жұмысты орындау техникасын танда.

 3.Жұмыс орынын дайында. Жұмысты орында.

 Өз жұмыстарында оқушылар түрлі графикалық материалдарды пайдалана алады. Олар: Ақ және қара түсті қағаз, фонға арналған пастель реңіндегі қағаз, қара қарындаш, фломастерлер, гель қаламдар, көмір, пастель, бор.

 Шығармашылық жұмысты орындау кезінде дидактикалық материалдарда берілген үлгілерді қолдануынызға болады. Ол сурет салу дағдылары төмен оқушыларға көмек болады, және олардың жұмыс уақыттарын үнемдейді.

 Бағалау

 Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

 Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.

 Бағалау кезінде тек тәжірибелік дағдыларына ғана көңіл аудармай, осы сабақ аясында менгерген академиялық терминдер мен коммуникативті дағдылардың дамуына да аса назар аударыңыз.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу