Музыка. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Музыка» тақырыбына арналған сабақта 3.1.3.1 Орындау техникасын негіздеп таңдай отырып шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл-күйі, мінезі) көрсету оқу мақсаты қаралады. Аталған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін екі мәселеге аса көңіл аудару қажет. Біріншісі, әртүрлі шығармашылық идеялар мен сезімдерді көркем құралдар арқылы бейнелеу тәсілдеріне.
Қажетті материалдар
А5 форматтағы түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, графитті қарандаш.
Сабаққа қажетті қосымша ақпарат
Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.
А. К. Жұбанов — қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға буын композиторлардың бірі. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты. Олар «Тәжік биі», «Қазақ билері», «Төлеген Тоқтаров», «Ария», «Вокальдік сюитасы», «Абай сюитасы», тағы басқалар.
Композитор ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне өзіндік мелодиялық өрнек қосқан ондаған ән мен күйдің, романстар мен хорлардың, аспаптық симфониялық және вокальдық шығармалардың авторы. А. Жұбановтың композиторлық шығармаларының көрнектілері Л. Хамидимен бірлесіп жазған «Абай» (1944) және «Төлеген Тоқтаров» (1947) опералары, қызы Ғ. Жұбанова аяқтаған «Құрманғазы» (1970) операсы.
А.Қ. Жұбановтың ғалым, педагог, композитор, орындаушы және ұйымдастырушы ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне сіңірген еңбегі ұлттың мәдени рухани шежіресіндегі ең көрнекті белестердің бірі болып қалады.
А. К. Жұбанов қазақтың ұлттық өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын берді. Ленин орденімен, тағы басқа ордендермен, медальдармен марапатталған.
Айман Қожабекқызы Мұсақожаева 1958 жылы 15 наурызда Алматы қаласында дүниеге келді. Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры – атақты скрипкашы, Қазақстан республикасының халық әртісі, профессор. Дарынды музыканттың шығармашылық өнері К. Байсейітова атындығы республикалық музыка мектебінде профессор Н. М. Патрушеваның сыныбында басталып, П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында КСРО халық әртісі, профессор В. А. Климовтың сыныбында шыңдалды.
А. Қ. Мұсақожаева – көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты, олардың ішінде Югославияда өткен халықаралық конкурс (Белград, 1976), Н. Паганини атындағы халықаралық конкурс (Генуя, 1981), Жапонияда өткен халықаралық конкурс (Токио, 1983), Я. Сибелиус атындағы халықаралық конкурс (Хельсинки, 1985), П. И. Чайковский атындағы VΙΙΙ халықаралық конкурстары (Мәскеу, 1989) бар.
Скрипка - өте күрделі және талғампаз музыкалық аспаптардың бірі, әсем ән шырқау тембрімен адамның дауысына өте ұқсас, бірақ сонымен бірге өте мәнерлі және виртуозды. Скрипкаға «Оркестр патшайымының рөлі» берілгені кездейсоқ емес.
Скрипканың дауысы адамға ұқсас, оған «ән салады» және «жылайды» деген сөздер жиі қолданылады. Ол қуаныш пен қайғыға толы көз жасын төгілуін тудыруға қабілеті бар. Скрипкашы өзінің көмекшісінің қылдары көмегімен тыңдаушыларының жан дүниесінмен ойнады. Скрипканың дыбыстары уақытты тоқтатып, оны басқа өлшемді қиялды әлемге алып кетеді деген сенім бар.
Скрипка екі негізгі бөліктен тұрады: денесі мен мойыны, ішектері созылған. Толық скрипканың өлшемі 60 см, салмағы 300-400 г, бірақ одан да кіші скрипкалар бар.
Скрипканың корпусы белгілі бір дөңгелек пішінді болады.
Скрипка дыбысының күші мен тембрі, оның жасалған материалына байланысты.
Скрипканың мойыны – бір тұтас қатты ағаштан жасалған (қара эбен немесе палисандра ағашынан), бір жолда ойнаған кезде жақын тұрған ішектерге тиіп кетпес үшін қимада майысып орындалған.
Скрипкада төрт ішек бар.
Сілтеме: https://alashainasy.kz/omir/ayman-kojabekkyizyi-musakojaeva-49740/
Сабақ барысы
Сабақты әуеннің бір бөлігін тыңдаудан бастаңыз. Бірнеше минут ішінде оқушылар мен музыка арасындағы көңіл-күйі қалыптастырылған атмосферасын құрыңыз. Музыканы тыңдау барысында белгілі бір сезім туындайтынын ескертіңіз. Оқушыларды «музыкант» терминін түсінуге шақырыңыз. Оқушылардың музыканттар жайлы нені білетіндігін сұраңыз. Оқушылар жауап бергеннен кейін, терминнің мағынасын түсіндіріп, қорытындылаңыз. Содан кейін оқушылардан қазақстандық музыканттарды біле ме деп сұраңыз. Қазақстандық музыкалық мәдениеттің дамуына үлес қосқан музыканттар туралы таныстырылым көрсетіңіз. Осы сабаққа арналған таныстырылымда А.Жұбанов, Н.Тілендиев, М.Төлебаев, А.Мусаходжаева және т.б. туралы қысқаша ақпарат беріңіз.
№1 тапсырма скрипка туралы ақпарат алуға бағытталған. Скрипкамен берілген музыкалық композицияның дыбыстық немесе бейне жазбасын қойыңыз, музыка тыңдағаннан кеін сұрақтарға жауап алыңыз. А.Мусаходжаеваның скрипкада ойнаған композициясын ұсыныңыз. Нәтижесінде оқушылар сұрақтарға жауап беру барысында, олар скрипканың қандай музыкалық аспапқа жататынын және басқа қандай музыкалық аспаптармен байланысты екенін біледі немесе есте сақтайды, ысқылы ішекті музыкалық аспап. Сабақтың осы кезеңінде оқушыларға бірінші болып жауап беруге мүмкіндік беру керек, себебі сыныпта музыка мектебінде оқитын және музыкалық аспаптардың түрлерін білетін оқушылар бар болуы мүмкін.
Практикалық жұмыс орындау
Оқушылар жеке немесе жұпта берілген шаблон бойынша скрипка жасайды. Пратикалық жұмыс орындау кезеңдері:
•скрипка шаблонын картон (оң жағы) бетіне сызып шық. Скрипка силуэтін қырқып ал;
•қырқып алынған скрпика пішінін поролон бетіне жабыстыр. Поролонды қырқ.
•скрипка шаблонын картон (артқы бөлігі) бетіне қайта сызып шық. Скрипка силуэтін қырқып ал;
•қырқылған скрипка пішінін екінші жағынан поролонға жабыстыр;
•бүйір бөліктерін акварель не гуашь бояуларымен бояп шық;
•скрипка бөліктерін қос (эфа, 4 ішегін, бекіткіш, машинка т.б.);
•скрипканың қыл тартылған қол бөлігін картоннан жаса.
Оқушылар практикалық жұмыстарды кезең-кезеңімен орындайды. Скрипканың бөлшектерін әртүрлі тәсілдермен және материалдармен жасай алатындығын түсіндірініз (жіптер, түрлі-түсті қағаздар, картондар көмегімен сурет немесе желім)
Жұмыс барысында мен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасына назар аударыңыз. Практикалық тапсырманы орындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпаңыз. Сабақтың соңында практикалық жұмыстың күрделілік дәрежесін анықтауға бағытталған рефлексия жүргізіңіз.
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз.
Бағалау
Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Қайшымен жұмыс жасау кезінде -
- жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
- қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
- қайшыны ашық тастама;
- сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
- қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
- қайшыны керек уақытында пайдалан.
Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -
- жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
- арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
- жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
- ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.
Желіммен жұмыс жасау кезінде –
- желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
- желімді керек мөлшерде ғана ал;
- артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
- жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.
Бізбен жұмыс жасау кезінде –
- бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
- жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
- тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?