График суретшілер. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 Сабақ тақырыбы: График суретшілер

 Оқу мақсаты: 3.2.2.1 аса күрделі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу.

 Қажетті материалдар

 А4 немесе А5 форматтағы қағаз, графикалық материалдар (қарандаш, түшь, гельді қалам және т.б.), қара-ала түстегі ғазет пен журнал қалдықтары, желім, қайшы.

 

 Сабаққа қажетті қосымша ақпарат

 Графика – «жазамын», «суретке саламын» деген сөздерден шыққан. Ол-сурет салу өнері. Сурет салу өнерінің күллі жиынтығын «графика» деп атайды. Графикалық жұмыстың негізі, кескіндемедегідей түс емес, сызықтар, штрихтар, нүктелер болып саналады. Мысалы, кітаптардағы суреттер «кітап графикасы» деп аталады. Графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады.

 Графикаға қарындаш, көмір, тущьты пайдаланып, қолмен салынған суреттер, баспа графиканың әр алуан түрлері – ағашқа жасалған гравюра (ксилография), металға жасалған гравюра (офорт) , литогравия, линогрвюра жатады.

 Графиканың маңызды салаларының бірі - кітап графикасы. Кітаптың ішкі және сыртқы безендіру жұмыстарының барлығы тұтас өнер туындысын құрайды. Әсіресе суретші – иллюстрацияшылардың рөльі зор.

 Гравюра – графика өнерінің бір түрі; тақтаға бедерлеп салған суреттің қағазға түсірілген көшірмесі. Бедерлену әдісіне қарай мысқа ойылып жасалатын гравюра, ағаштағы гравюра – ксилография, линолеумдегі гравюра – линогравюра, офорт, меццо-тинто, т.б.

 Ксилография – ағашта орындалатын сурет.

 Линогравюра – линолум бетіне орындалған сурет.

 Литография – тегіс орындалатын гравюра, яғни майлы тушьпен немесе қарындашпен салынады.

 Қазақстан суретшілерінің ұлттық графикаға қосқан үлесі зор. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек еткен суретшілерден: М. Қисамединов, Е.М. Сидоркинды, т.б. атауға болады.

 Қисамединов Мақым Мұстақұлы 1939 – 1982 – график суретші. Оның сурет салу тәсілдері линогравюраны қолдана отырып ,қондырғылы және кітап графикасында жұмыс істеді.Диплом жұмысы ретінде . МӘуезовтың «Абай жолы » романына иллюстрациялар топтамасын дүниеге әкелді. Қисамединовтың басты туындыларының бірі – Абай портретінде ақын киізүйдің айқара ашылған сігінен шығып келе жатыр. Иығына шапан жамылған ақын тұлғасы көрнекті , иілген ік жақтаулары ұлттық өрнекпен көмкеріліп, шығарма асқақ сезім мен монументтік қалып береді.

 Евгений Матвеевич Сидоркин – Қазақстан график-суретшісі, Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР халық суретшісі. Суретшінің «Көңілді өтірікшілер» және «Қазақ эпосы», қазақ халық ертегілеріне салған иллюстрациялары, М.Е. Салтыков-Щедрин романына арналған иллюстрациялары белгілі. Ол сонымен қатар «Қазақ ұлттық ойындары», «Ақсақалдар» білдектік автолитографияларын жасаған.

 

 Сабақ барысы

 Сабақты өткенге саяхат жасаудан бастаңыз. Оқушылардың назарын ілініп қойған жартасқа салынған суреттерге аударыңыз. Суреттерді қарап, осы суреттер жайлы, оларда не бейнеленгенін, кімнің салғанын, қазіргі заман суреттерінен айырмашылықтары жайлы әңгімелесіңіз.

 Оқушылар әңгіме барысында сабақ тақырыбы мен сабақ мазмұның анықтайды.

 Оқушылар ұсынылған суреттерді қарап графика өнерінің ерекшеліктерін анықтайды. Сурреттерді қарап оқушылар графика – ақ-қара суреттер екенін, кескіндемеден осылайша ерекшеленетінін білуі тиіс. Кескіндеме үшін негізгісі – түс, ал графика үшін – сызықтар, штрих, нүкте. Оқушылар графист-сурет шілердің қарындашты, тушты қолданатындарын көруі тиіс.

 Оқушыларға суретші графиктер М.Қисамединов пен М Е.Сидоркиннің суреттері жайлы айтып беріңіз. Оқушылардан суреттерге назар аударуды және алған әсерлерімен бөлісуді сұраңыз.

 

 Тәжірибелік жұмыс

 Оқушылар графика техникасында өзіне ұнайтың кейіпкердің суретін салады. Сабақтың негізгі тапсырмасын орындай отырып, әрбір оқушы жұмысына сюжетті өзі таңдайды. Қызығушылығы төмен оқушыларға дайын қалыптарды ұсынуға болады, қызыққан оқушылар тапсырманы өз беттерінше орындайды. Үлгі ретінде Е.Сидоркин және М.Қисамединов еңбектерін пайдалануға болады.

 Оқушыларды орындалатын жұмысқа қойылатын талаптармен және бағалау дескрипторларымен алдын ала таныстырыңыз.

 

 Бағалау

 Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

 Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.

 Бағалау кезінде тек тәжірибелік дағдыларына ғана көңіл аудармай, осы сабақ аясында менгерген академиялық терминдер мен коммуникативті дағдылардың дамуына да аса назар аударыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу