Өнертапқыштық. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық

Сабақ тақырыбы: Өнертапқыштық

Оқу мақсаттары:

3.2.2.1Күрделі тәсілдер мен ехникаларды қолдана отырып құралдар мен материалдарды (табиғи және жасанды) пайдалану және олармен эксперимент жүргізу

Сабаққа арналған теориялық материал

Леонардо да Винчидің кейбір өнертабыстары

Біздің заманымызға дейін жеткен Codex Atlanticus жинағында Леонардо да Винчи сипаттаған танымал өнертабыстардың ішінде: велосипед, өздігінен жылжитын арба – автокөліктің ежелгі замандағы атасы, водолазды скафандр, парашют, орнитроптер, теңселу подшипниктері және т.б.

Шебердің көзі тірісінде оның ешбір өнертабыстарының бірі іске асырылмаған болатын. Алайда, олардың тарихи әрі техникалық тұрғыдағы құндылығы одан кеміген жоқ. Белгілі бір өнертабыстың иесі ретінде танылған кейінгі ғасырлар инженерлерінің Леонардо да Винчи идеяларымен таныс болып, оларды өз жұмысының негізі ретінде алуы да мүмкін деген пікірді жоққа шығара алмаймыз.

Велосипед

Бұрынан белгілі болған нәрсені жаңалық етіп ашуда «Велосипед шығару» сөз тіркесімен теңестіретіні Леонардо да Винчи идеясына ешбір қатысы жоқ. Себебі, ол расында да бұл көлік құралының ең алғашқы өнертапқышы болып табылады. Қайта өрлеу дәуірінің иұлы инженері құрастырған велосипедтің қазіргі заманауи модельдерінің концепциясынан айырмашылығы жоқ дерлік. Жүз жылдар өткеннен кейінгі құрастырылған бірінші үлгілерге қарағанда қазіргі кездегі заманауи велосипедтің комплектациясына ұқсаса теңдей диаметрлі дөңгелектер, тізбекті жетегі,басқа да элементтер бар үлгілерге барынша жақын еді.

Леонардо да Винчи велосипедінің заманауи машиналардан бір ғана кемшілігі алдыңғы дөлгелектердің бұруға болмайтындай қатты бекітілуінде.

Парашют

Оның дәуірінде ұшатын аппараттардың болмауына қарамастан, биіктен бірқалыпты әрі қауіпсіз жерге қону идеясы, бірінші парашют, эскиз түрінде іске асырылған болатын.

Леонардо тек концепциясын ғана емес, сонымен қатар аппараттың жүк көтеру салмағын да есептеп құрастырды. Оның күмбез аумағы шамамен 60 шаршы метрге жетті, ол қазіргі кездегі заманауи парашюттардың параметрлеріне сәйкес дегенді білдіреді. Аспалы жүйесі де заманауи үлгіге ұқсаса болып келді. Қазіргі таңда шығарылатын жүйелерден басты айырмашылығы – күмбез пішіні, ол домалақ әрі қанат тәрізді емес еді, пирамида пішіндес болатын.

Өздігінен жылжитын арба

Тұтас ағаштан жасалған автокөліктің атасы кәдімгі ат арбасына ұқсас келген. Алайда, оның қозғалуына ешқандай да жылқыларды жегудің қажеті жоқ еді.

Энергия көзі ретінде – «мотор» - арнайы тұтқаның көмегімен алдын ала қысу қажет ететін спиралды икемді пружиналы қозғалтқыш қолданылды. Машинаның қызықты ерекшелігі - ол жүргізушінің көмегін қажет етпей, басқару автоматты түрде механизмнің белгілі бір әрекеттерге «бағдарламалануы» арқылы іске асырылуында жатыр. Осылайша, Леонардоның өздігінен қозғалатын арбасы, шындығында бірінші автокөлік қана емес, сонымен қатар ең алғашқы өздігінен жүретін «робот» болған. Басқару жүйесінің бір ғана кемшілігі оның конструкциясының күрделеніп кетпеуін алдын алу мақсатында арба тек оңға қарай бұрылуы.

Водолазды костюм

Леонардоның су асты скафандры оның заманауи түрінен еш айырмашылығы болмады. Водолазды ауамен қамтамасыз ететін екі түрлі жүйесі қарастырылған. Біріншісінде ол шланг арқылы сырттан берілсе, екінші жағдайда суасты сүңгуірлері өздерімен бірге кәдімгі шарап ыдыстарына толтырылған қор ретінде алып түсуі керек еді. Бұл өнертапқыштың іске асырылуына сәл қалған жалғыз ғана бір жобасы болатын. Алайда, скафандрды қолданудың нақты мақсаты жоғалып, пратикалық маңызы қалмаған жобаны ешкім де қаржыландырғысы келмеді.

Сілтеме: https://hi-news.ru/technology/10-genialnyx-izobretenij-leonardo-da-vinchi.html

Сабақ беру бойынша нұсқаулық

Сабақты оқушылардың ойлау дағдыларын белсендіруге бағытталған «Миға шабуыл» әдісін қолдану арқылы бастаңыз. Сұраққа алынған жауап сабақ тақырыбы болып табылады.

Бірінші тапсырманы ұйымдастыру үшін оқушыларды бірнеше топқа біріктіріңіз. Дидактикалық материалды таратып, нақты нұсқау беріңіз. Көрнекілік материалдарды зерделеу арқылы оқушылар леонардо да Винчи өнертабыстары туралы қысқа мәлімет беруге дайындалады. Оқушылар жұпта жұмыс жасайды, себебі ғалымның 10 өнертабысы қарастырылатын болады.

Топтардың таныстырылым кезінде интерактивті тақтаны не проекторды (егер аппаратура болмаса әр топқа бір суреттен есебі бойынша алдын ала өнертабыстарды басып шығарыңыз) қосыңыз. Өткен дәуір ғалымдарының идеясынан заманауи идеяларға қарай баяу өтіңіз. Мысалы, қазақстандық ғалымдардың бірқатар идеяларын, сондай-ақ әлемдегі соңғы өнертабыстарды көрсетіңіз.

Оқу мақсатының практикалық сипатын ескере отырып, заманауи өнертабыстарды талқылауға уақыт көп бөлмеңіз, сабақтың келесі кезеңі – практикалық жұмысқа өтіңіз.

Пратикалық тапсырма жұпта қандай да бір өнертабыстың өз идеяларын құруға бағытталған. А3 форматында эскиз орындауға кіріспес бұрын, оқушыларға скечбуктарында ойластырып, бірнеше идеялардың ізденіс эскиздерін салып, олардың арасынан ең қызық деген біреуін таңдауды ұсыныңыз. Эскиз түс қолдану арқылы орындалып, жалпы немесе материалдары, функциялары т.б. нақты көрсетілген сипаттамасы жазылуы мүмкін.

Практикалық жұмыс орындау барысында оқушылардың іс-әрекетін бақылау керек.

Сабақ соңында рефлексия өткізіңіз.

Саралау бойынша ұсыныстар

№1 тапсырмадағы саралау:

Бұл тапсырмада саралау ретінде оқушылардың белгілі бір өнертабыстарды қызығушылығына қарай бөлісуі тұрғысында қарастыруға болады. Егер оқушылардың белгілі бір қызығушылығы туралы ақпарат болса, мысалы, робот, ұшатын аппараттар және т.б. осы оқушыларды ұйымдастыруда бір топқа біріктіріп, олардың қызығушылықтарына сай келетін дидактикалық материалдарды беруге боладж.

2 тапсырмадағы саралау:

Практикалық тапсырманы орындау барысында оқушыларға қолдау көрсетіңіз. Оның өзінде, оқушы жұмысының қателіктерін жөндеуге, қандай да бір бейне суреттерін қосуға болмайды. Идеялар мен бейнелеу тәсілдерін басқа параққа салып көрсету қажет. Сондай-ақ, мұғалімнің қолдауы өздігінен шешім қабылдауда, идея құруда қиналатын оқушыларға ұсыныстар айту арқылы жүргізілуіне болады. Бұл жағдайда нақты бір тақырып, өнертабыс идеяларын ұсыныңыз.

Оқушылар өз қабілеттеріне қарай өнертабыс идеяларын таңдайды, мысалы, жоғары деңгейлі оқушы қандай да бір элементтерді (қимылдайтын, айналатын т.б.) қолдану арқылы жасалатын объектілер ойлап табуы мүмкін. Ал кейбір оқушыларидеяларды қарапайым деңгейде дамытуы мүмкін. Мысалы, функциясы мен өнертабыстың маңыздылығынан гөрі дизайнға акцент жасау.

Қалыптастырушы бағалауға арналған ұсыныстар

№1 тапсырмада қалыптастырушы бағалауды оқушылардың пікір білдіруі арқылы ауызша өткізу тиімді.

№2 тапсырмада дескрипторлар арқылы өзара бағалау түрін қолдану.

Дескрипторлар:

Оқушылар:

  • олардың объектілері қандай функция атқаратындығын ойластырады;
  • өз өнертабысының эскизін орындайды;
  • жаңа объектінің орындалу материалдарын көрсетеді;
  • өз өнетабысына атау береді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу