Анималист суретшілер. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
Сабақ тақырыбы: Анималист суретшілер
Оқу мақсаты: 3.2.1.1 Қоршаған ортаның визуалды элементтерін әртүрлі тәсілдермен құралдарды үйлестіре отырып бейнелеу
Қажетті материалдар
А4 немесе А5 форматтағы қағаз, графикалық материалдар (қарандаш, түшь, гельді қалам және т.б.), бояулар, су құятын ыдыстар, ғазет пен журнал қалдықтары, желім, қайшы, қайшы, желім.
Сабаққа қажетті қосымша ақпарат
Анималистика (кейде анимализм) – жануарлар дүниесіне арналған бейнелеу өнерінің жанры. Бұл жанрда жұмыс істейтін суретшілерді анималистер деп атайды.
Алғашқы қауымдық өнердегі жартас кескіндемесінен жануарлар бейнесін байқауға болады. Сақ , скиф дәуірінде аң нақышында жасалған туындылар пайда болған. Алматы маңынан табылған «түйе мүсіншесі», Маңғыстау өңіріндегі «қойтас» , «қошқар тас » ескерткіштері қазақ халқының дәстүрлі өнерінде жан жануарларды бейнелеу, мүсіндеу ертеден қалыптасқандағын аңғартады. Қазақстан суретшілері анималистік жанрда елеулі шығармалар жазған. Мысалы Ә. Қастеев «Бие сауу» 1936 ж Ә. Ысмайлов «Дала жайрандары» 1972 ж , С. Айтбаев «Жайлаудағы түйелер» 1976 ж картиналарын осы жанрға жатқызуға болады.
График-суретші Евгений Иванович Чарушин анималистика жанрының аса белгілі өкілі.
Евгений Иванович Чарушин – ең үздік суретші анималист және балалар жазушысы. Евгений Чарушин балалардың жануарлар дүниесіне деген көзқарасын және өмірді қабылдаудағы пәктігі мен тазалығын шығармаларына арқау еткен.
Сабақ барысы
Сабақтың мақсаты мен мазмұның өздері анықтау үшін оқушылардан берілген суреттерге (әртүрлі материалдар мен техникада салынған жануарлар бейнесі) назар аударуды сұраңыз.
Анималистік жанр суреттерін іріктеп алып, жануарлар туралы, мысалы, Е.Чарушин немесе басқа жазушылардың балаларға арналған кітаптарын пайдалануға болады.
Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.
Оқушыларға анималистика жанры туралы қысқаша ақпарат айтып беріңіз. Оқушыларды атақты анималист суретші, балалар жазушысы Евгений Иванович Чарушин шығармашылығымен таңыстырыныз. Оқушылармен бірге анималист суретші Е.В.Чарушин суреттерін қарастырыныздар, онда бейнеленген жануарлармен, жұмысты орындау техникасына назар аударыныздар.
Берілген уақыт аясында үлгерсеңіздер, басқа анималист суретшілердің де шығармашылығын қарастыруға болады.
Тәжірибелік жұмыс
Тәжірибелік жұмысты бастамас бұрын оқушылар адамдардың жануарларды неліктен бейнелей бастағанын және неге әлі күнге дейін бейнелеп келе жатқанын ойлануы керек. Сонымен қатар әр оқушы қандай жануарды бейнелейтінің, оның өзіне тән ерекшелігін қалай анықтайтындығын алдын ала белгілеп алуы қажет.
Сұрақтар:
Анималист-суретші нені білуі тиіс? Оның бойында қандай қасиеттер болуы тиіс?
Қандай жануарларды бейнелейсін?
Жануардың ерекшелігін, мінезін қалай көрсете аласын?
Қандай материалдар қолданасын?
Оқушылар өздері ұнатқан жануардың бейнесін салуы/жасауы тиіс. Сабақтың негізгі тапсырмасын орындау үшін оқушылар бірнеше техниканы қолдана алады. Мысалы, апликация техникасында жануардын денесін немесе аса ірі бөлшектерін жасайды, графикалыөқ материалды пайдаланып ұсақ бөлшектерін салады, фактурасын көрсетеді, өзіне тән ерекшелігін нақтылайды.
Практикалық жұмыста қажет болатын жануарлардың суретінің үлгілерін де сабақ алдында ертерек дайындап қойған дұрыс. Қызығушылығы төмен оқушыларға элементтер қалыптарын ұсынуға болады, бұл жұмысты жеңілдетеді әрі жеделдетеді.
Оқушыларды орындалатын жұмысқа қойылатын талаптармен және бағалау дескрипторларымен алдын ала таныстырыңыз.
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.
Бағалау мүмкіндіктері
Сабақ соңында оқушыларға жасаған жұмыстары үшін алғыс айтыңыз. Өзіңіз бағалаған үздік жұмыстарға түсінік беріңіз немесе оқушылардан бәрінен де көбірек ұнаған жұмысқа түсінік беруді сұраңыз. Жұмыстарды мына критерийлер бойынша бағалаңыз: қойдың ұқсастығы, ұлттық оюды пайдалану, түрлі техникалар мен түрлі материалдарды пайдалану.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Қайшымен жұмыс жасау кезінде -
- жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
- қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
- қайшыны ашық тастама;
- сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
- қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
- қайшыны керек уақытында пайдалан.
Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -
- жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
- арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
- жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
- ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.
Желіммен жұмыс жасау кезінде –
- желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
- желімді керек мөлшерде ғана ал;
- артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
- жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.
Бізбен жұмыс жасау кезінде –
- бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
- жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
- тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?