Анималист суретшілер. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6 Бөлім: Атақты тұлғалар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Анималист суретшілер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.1

Қоршаған ортаның визуалды элементтерін әртүрлі тәсілдермен құралдарды үйлестіре отырып бейнелеу

 Сабақ мақсаттары

  • анималистиканы бейнелеу өнері жанры ретінде тану;
  • анималистік жанрда шығармашылық жұмыс орындау;
  • жануарлардың өздеріне тән ерекшелігін көркем құралдар арқылы көрсету.

 Жетістік критерийлері

  • анималистика өнерімен танысады;
  • анималистика жанрында шығармышылық жұмыс орындайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Аниалистика жанрының ерекшелігін, анималист суретшілердін жұмыстарын сипаттайды.

Оқушылар келесі сұраққа жауап береді:

  • Бұл суреттерде не бейнеленген?
  • Бұл суреттер несімен ерекшеленеді?
  • Анималист суретшілер қандай көркем құралдар қолданылады?

 Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім

Өнер түрлерімен танысуды жалғастырады, көркем материалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларың жетілдіреді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың мақсатын оқушылар өздері анықтау үшін оқушылардан суретке назар аударуды сұраңыз.

Cұрақтар:

Суретке қара. Онда не бейнеленген? Мұндай жануарды қалай атауға болады?

Бұл жануар шын мәнісінде тіршілік ете ме?

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

Альбом, акварель бояулары, гуашь, сорғыш, су

құятын ыдыстар, қой денесінің трафареті, қаламдар,

қарындаштар, желім, түрлі түсті қағаз, қалың мата

(фланель, жүн), пазлға арналған жануарлар суреттері, ою қалыптары, иллюстрациялары бар жануарлар туралы кітаптар.

Сабақтың ортасы

Адамдар сонау ежелгі дүниенің өзінде жартастарға жануарлардың бейнесін сала бастаған. Уақыт өте келе үй жануарларының бейнесін естелікке сақтау дәстүрі пайда болады. Адамдар қасиетті деп санаған жануарлар мен құстардың суретін сала бастады. Осылайша бейнелеу өнерінің өзгеше жанры – анималистика пайда болды. Анималистиканың басты нысаны жануарлар болып саналады.

Сұрақтар:

Неліктен адамдар жануарларды бейнелей бастады?

Анималист-суретші нені білуі тиіс?

Ол қандай қасиеттерге ие болу керек? Неліктен?

Оқушылармен бірге анималист суретшілердін (Е.В.Чарушин және т.б.) суреттерін қарастырыныздар, онда бейнеленген жануарлармен, жұмысты орындау техникасына назар аударыныздар.

Оқушыларды анималист суретшілердің шығармашылығымен толығырақ танытырыныз.

Евгений Иванович Чарушин – балалар сүйіп тамашалайтын жануарлар дүниесін бейнелеген суретші. Ол жануарларды бейнелеп қана қоймай, олар туралы әңгімелер де жазған. Е.Чарушин – ең үздік анималистсуретшілердің бірі.

Тәжірибелік жұмыс

Оқушылар өздері қалаған материал мен техниканы пайдаланып анималистика жанрда шығармашылық жұмыс орындайды.

Оқушылар жануарлардың өздеріне тән ерекшеліктерін көркем құралдар арқылы көрсетулеруі қажет.

Оқушылар жұмысты апликация техникасында орындай алады.

Сұрақтар:

Қандай жануарларды бейнелейсін?

Жануардың ерекшелігін, мінезін қалай көрсете аласын?

Қандай материалдар қолданасын?

Тәжірибелік жұмысты орындау алдында оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертіңіз.

Оқушыларды орындалатын жұмысқа қойылатын талаптармен және бағалау дескрипторларымен алдын ала таныстырыңыз.

Оқушылармен барлық орындалған жұмыстарды жинап, ортақ фонға жабыстыра отырып, ортақ сәндік композиция құрастырыңыздар.

Евгений Иванович Чарушин

https://shkolnaiapora.ru/literaturnoe-chtenie/charushin-evgenij-ivanovich

Сабақтың соңы

Бағалау

Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу