Көрсетілімге дайындаламыз. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8Д- бөлім: Өнер | Мектеп: Көкшетау қаласы, Физика- математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: Мухаметкалиева Г.Т. | |||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | ||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Көрсетілімге дайындаламыз | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.4.1 зерттеу, жазып алу, бақылау, елестету, сурет салуды үйрену кезінде әр түрлі тәсілдер арқылы өз идеялар мен сезімдерін саналы түрде елестету және жеткізу | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пән лексикасы мен терминологиясы: бумеранг, оралады, жақсылық бумерангі, өлшеу, белгілеу. Диалог/жазуға арналған сөз тіркестері: Бумеранг ұшып, қайтып келуі үшін … қажет. | |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Бір- бірінің ойын құрметтеу. Бір- бірін тыңдай алу. Бір- біріне жақсылық жасай білу. | |||||||||||||
Мультикультурализм | Кинетикалық өнер саласындағы өнертапқыштардың туындыларымен танысу арқылы әлемдік өнерді құрметтеу және дарыту. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих. | |||||||||||||
Бастапқы білім | Әуе шарларын қолдана отырып динозаврларды жасады. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы
| 1.Амандасу. Сабақтың мақсатын айту:
Сабаққа дайындығын тексеру: қатты қағаз, желім, қайшы, жай қарындаш, сызғыш, циркуль. | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 35 минут | 2. Балалар, бүгін біз адамның тапқан өнертабысының бірі- бумерангпен танысуды жалғастырамыз. (4 минут) - Бумеранг дегеніміз не, кім айтып береді? - Бумеранг неге қайтып келеді? Дұрыс. Бумеранг- алдыңғы жаққа лақтырғанда ұшатын қабілеті бар, ағаштан жсалған зат. Сонымен қатар қайтып келеді. Ол Австралияда 50000 жыл бұрын туындаған екен. Аң аулауға және әскери қару ретінде қолданылған. Қазіргі кезде көңіл көтеру үшін және спорттың бір түрі ретінде қолданылады. - Балалар, «Жақсылық бумерангі» деген ұғымды қалай түсінесіздер? Адамның өмірінде бумеранг секілді жағдайлар болып тұрады, кез келген біздің істеген іс- әрекеттеріміз өзімізге қайтып келеді, егер жақсылық жасасаңыз, ол да сізге оралады. Сондықтан жақсылық істеу ол маңызды. Күнделікті өмірде жасалған жақсылық туралы видеоны қарау. (3 минут) Кері байланыс. Фильмдегі адамдар не істеді? Күнделікті өмірде сіздер қандай жақсы істер жасай аласыздар? (3 минут) 3 Тапсырма. Қатты қағаз жолақшаларынан «Жақсылық бумерангін» жасаңыз. (24 минут) Қайшымен, циркульмен жұмыс істеу кезіндегі және бумерангті лақтыру кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау қажеттігін айту. Орындау алгоритмі:
Қалыптастырушы бағалау. Мұғалімнің бақылауы. Саралау. Кейбір оқушылар мұғалімнің қолдауын қажет етеді. Кейбір оқушылар бумерангті тығыздау материалдан жасай алады. Кері байланыс: Жұмыс барысында қандай қиыншылықтар туындады? (1 минут) | Адамның жасайтын жақсылық іс-әрекеттерінің видеосы.
Қатты қағаз, желім, қайшы, жай қарындаш, сызғыш, циркуль, фломастерлер. | ||||||||||||
Сабақ соңы 3 минут | 4.Рефлексия. «Жетістік баспалдағы» 5. Жұмыс орындарын жинау. | |||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Саралау. Кейбір оқушылар мұғалімнің қолдауын қажет етеді. Кейбір оқушылар бумерангті тығыздау материалдан жасай алады. | Мұғалімнің бақылауы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Практикалық жұмыс 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Эстетикалық бағытындағы әдістемелік бірлесігінің жетекшісі________________Дюсенова Г.Г.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?