Театр өнері. Таныстырылым. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материал

«Бауырсақ ертегісі» қойылымының сценариі

 Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты. Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.

Бір кезде оған Қоян жолығып:

  • Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.
  • Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің

атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!». Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.

Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.

Бір кезде Аю жолығады:

  • Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.
  • Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама,

ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше.

  • Ал сендей ұстатпаймын мүлде де!

Сөйтіп домалай жөнеледі. Аю тек көзімен шығарып салады. Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:

  • Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? — дейді ол.
  • Жолмен домалап барамын.
  • Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!…

Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді.

Түлкі оған:

  • Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным.

Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, дейді.

Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі ұстап алады.

  • Түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді Бауырсақ. Жүр одан да біздікіне, Атам мен Әжеме барайық. Олар сені тойғызады. Түлкі келіседі.

Жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр мен Аюды ертіп алады. Олар келсе Әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты. Қоянға орамжапырақ салған, Қасқыр мен Түлкіге ет салған, Аюға таңқурай салған қаусырма тиеді. Ал Бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады.

«Күнді іздеген достар» қойылымының сценариі

 Музыка ойналады. Жаздың жаймашуақ күні еді. Айналаның бәрі әдемі, көкте күн күлімдеп, шуағын шашып тұр. Күннің шуағы айналаға нұрын төгіп, жан біткеннің бәріне ерекше көңіл күй сыйлап тұрды. Жаздың осындай жаймашуақ күнінде орманда ерекше бір оқиға болды. Сахнада көңілді балапан билеп, ойнап жүреді. Бір мезетте аспанды қара бұлт торлап, күннің бетін жауып тастады. Сол-ақ екен айналаның бәрі қараңғыланып, күн күрт салқындап кетті. Найзағай ойнап жаңбыр жауа бастады. Жаураған балапан ағаштың түбіне жасырынып қалды. Қорыққанынан жылай бастады. Оны көріп қасына мысық келеді.

 Мысық: Балапан, сен неге жылап отырсың?

Балапан: Аспанды бұлт торлады, күннің көзі жоғалып кетті. Мен қорқып отырмын.

Мысық: Сен қорықпа, Балапан! Екеуіміз дос емеспіз бе? Жүр, мен саған күнді іздеуге көмектесейін.

Автор: Сөйтіп екеуі күнді іздеуге шығады. Аз жүрді ме, көп жүрді ме, келе жатып, бұтаның түбінде жасырынып отырған қоянды көреді.

Балапан: Сәлем, Қоян!

Қоян: Сәлем, досым!

Мысық: Саған не болды? Неге жылайсың?

Қоян: Күннің сәулесі болмаған қандай жаман! Мен қорқып отырмын.

Мысық: Білесің бе, қоян, күн сәулесі бәрімізге қажет. Біз балапан екеуіміз күнді іздеуге шықтық. Бізбен бірге барасың ба?

Қоян: Әрине, Мысық досым! Мен де барамын.

Автор: Сөйтіп, үсті-басы су болып, тоңып қалған қоянды ертіп үш дос күнді іздеуді жалғастырады. Жолда құйрығын бұлғаңдатып, сылқым түлкі келе жатты.

Мысық: Амансың ба, түлкішек?

Түлкі: Жолдарың болсын, балақайлар!

Мысық: Түлкі, түлкі күнді қалай табуға болады?

Түлкі: Күнді қайтпексіңдер? Оны табу сендердің қолдарыңнан келе қоймас. Менің сендермен бос сөйлеп тұратын уақытым жоқ. Әтештен сұраңдар, сол бәрін біледі. Ал мен кеттім!

Автор: Үшеуі қол ұстасып, әтеш досына бет алады. Әтеш келе жатқан қонақтарды көріп амандасады: Әтеш: Ку-ка-ре-ку, ку-ка-ре-ку! Амансыңдар ма, достарым!

Балапан: Сәлем, әтеш досым!

Қоян: Әтеш досым, сен күнді қайдан табу керек екенін білесің бе?

Мысық: Бізге көмектесші, Әтеш досым, әйтпесе, барлығымыз қатты жаурадық, көңіл-күйіміз жоқ.

Әтеш: Жарайды. Мен сендерге көмектесейін. Анау таудың басындағы ақ бұлтқа жетсеңдер, ол сендерді күнге алып барады. Ку-ка-ре-ку!

Балапан: Тауға? Жоқ, мен тауға шыға алмаймын!

Қоян: Біз қалай тауға шықпақпыз? Мен қорқамын, бармаймын!

Мысық: Достар, бұларың не? Сендерсіз мен жалғыз қалай тауға шығып, күнді табамын? Күн бәрімізге де өте қажет қой.

Әтеш: Мысық дұрыс айтады. Достар қашан да бір-біріне көмектесуі керек. Достар тату, бірге болса,кез келген қиындықты жеңуге болады. Кеттік, ендеше!

Автор: Барлығы қол ұстасып биік тауға жетеді. Тауға шығу оларға қиын болды. Осының бәрін бұлт көріп тұрады.

Бұлт: Достар, сендер күннің әрдайым жарқырап тұрғанын қалайсыңдар ма?

Бәрі: Ия,иә, әрине, қалаймыз! Күн – бізге керек.

Бұлт: Олай болса, мен сендерді сынап көрейін. 1- тапсырма. Құм қалашығын салып беріңдерші. 2- тапсырма. «Достық» биін билеңдер.

Бұлт: Жарайсыңдар, достар! Мен сендерге ризамын. Қазір күннің көзін ашып берейін. Алдымен бірге айтайық: Жарқыра, күн, жарқыра! Бәрі осы сөзді қайталайды, таудың арт жағынан күн шығады.

Балапан: Жарқырасын күніміз!

Мысық: Жарқын болсын үніміз!

Қоян: Достығымыз берік боп,

Әтеш: Таусылмасын жырымыз!

Автор: Күннің жылы шуағы жандарын жылытып, құшақтары мейірімге толған Достар қуанысып, ән айтады. Мысық, Қоян, Әтеш «Достарым» әнін орындайды. Музыка ойналады. Сахна шымылдығы жабылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу