Театр өнері. Таныстырылым. Көркем еңбек, 3 сынып, презентация.


5 Бөлім «Өнер»

Сабақ тақырыбы: Театр өнері. Таныстырылым

Оқу мақсаттары

Сабақ мақсаттары

3.3.3.1

Өз жұмысының (эскиз, бұйым және т.б.) негізгі идеясын және үдерісін арнайы терменологияларды пайдаланып таныстыру

Жасалған жұмысты (бетпердені) бағалайды, талдайды, ұсыныстар жасайды;

Бетперделерді қолданып кішігірім қойылым жасау;

Жасалған сәндік бетперделерді бір жерге жинаңыздар. Оқушылармен бірге оларды қайта қарап шығыңыздар. Әр масканың қандай мақсатта жасалғаның, қандай кейіпкер ролін сомдайтының анықтаныздар.

Сұрақтар:

Бұл кімнің немесе ненің бетпердесі?

Бұл бетперде қандай кейіпкерді сомдайды?

Жасалған бетпердені тағы қалай толықтыруға болады?

Тапсырма №1:

Оқушылар бірнеше топқа бөлініп, қысқа қойылым дайындайды, немесе бүкіл сыныппен үлкен бір қойылым жасауларына болады. Ашық образдарды сомдау арқылы өз бетперделерін таныстырады.

Іс-әрекеттің жүйелілігі:

Оны қалай жасауға болатынын топта немесе жұп болып ойланып, талқылаңыздар.

Қойылымға қандай оқиға ойлап табар едіңіз?

Қандай қосымша атрибуттар немесе заттар қажет болатынын ойланыңыздар.

Кішігірім қойылым жоспарын қойыңыз және қажетті жағдайда оны скетчбукке жазып алыңыз.

Бірігіп жасаған жұмысыңызды басқа топқа көрсетіңіз және олардың алдын ала айтылған пікірлерін тыңдап алыңыз.

Тапсырма №2:

Оқушылар өз бетперделерімен кішігірім қойылымда ойнай отырып, өздерінің жұмыстарын көрсетеді.

Кішігірім қойылымды аяқтағаннан кейін оқушылар қойылым нәтижесін, бетперделерінің жасау барысын, қолданылған материалдар мен сәндік элементтерін талқылайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу