Сәулет туралы сен не білесің? Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 В-бөлім: Сәулет |
| |||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Сәулет туралы сен не білесің? | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.3.2 әртүрлі тәсілдермен және материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) көлемді пішіндер жасау; 3.2.2.2 жұмысты орындау үшін әртүрлі әдістер мен материалдарды ұсыну | |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы:
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Сәулет нысандары, ғимарат стилі, ғимарат элементтерінің ерекшеліктерін сипаттап береді Талқылауға арналған сұрақтар:
Неліктен … айта аласың ба?
… заманауи ландшафт ежелгіден ерекшеленеді ме? | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ-ны сабақ барысында қолданбайды. | |||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар іс жүзінде үйренгендерін қолданады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 16 минут | Сабақты «Сәулет өнері» атты бөліміне кірісуден бастаңыз. Оқушыларға ғимараттардың әртүрлі болатындығын және олардың өзара ажыратудың ең қарапайым әдістерін үйренетіндіктерін айтыңыз. Кейін оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстырыңыз. Сабақ тақырыбы: Сәулет туралы сен не білесің? Сабақ мақсаттары: •Ғимараттардың көлемді пішіндермен эксперимент жасай отырып, ерекшеліктерін зерттеу; •Нобайды орындай отырып, болашақ макетті ойластыру. Оқушыларға бұл сабақтың келесі сабақтарға дайындық сабағы екендігін айтып өтіңіз. | |||||||||
Тапсырма№1: Оқушыларға сәулеттік нысандардың суреттерің қарастыруды, олардың пішіні мен ерекшеліктерің талдауды ұсыныңыз. Сұрақ: - Сәулет туралы не білесіз? Суреттегі ғимараттар несімен ерекшеленеді? - Сіз ғимараттарды тұрғызып, жобалаған адамды қалай атайды? Сәулет өнері – ғимараттар мен құрылыстарды салу, жобалау өнері. Сәулет өнерінде түрлі стильдер бар. Ғимарат стилі – берлгілі бір уақыт кезеңіне және орналасқан жеріне байланысты ерекше белгілер. Стильді ғимараттың пішіні мен элементтері бойынша айқындауға болады. Ойлан: Ғимаратты қызметінеи қарай қалай ажыратуға болады? Сыртқы көрінісіне қарап анықтауға бола ма? Мысал келтірініз. Ғимараттар қызметіне қарай:
| 10 Ғажайып сәулеттік ғимараттар https://www.youtube.com/watch?v=3HEYu2NHwGs | |||||||||
Сабақтың ортасы
20 минут 2 минут | Тапсырма №2. Тәжірибелік жұмыс Оқушыларға «Ертегілер қамалында» тақырыбына ғимараттар моделін салуды ұсыныңыз. Қораптан және қатырма қағаздан жасалған қамал туралы қысқа видеоролик көрсетіңіз. Қамал неден және қандай материалдардан жасалғанын, қай кезеңдерде салынған ғимарат және қазіргі заманғы ғимараттардан айырмашылығы мен ұқсастығын талқылаңыздар. Жұмысты орындау үшін оқушыларды топқа бөлініз. Топта талқы жүргізе отырып, оқушылар «Ертегі қамалының» нобайын бірнеше нұсқада орындайды: Жұмыстың бір әдісін таңдаңыз: •Альбом бетіндегі нобай немесе аппликация техникасында орындайды; •Ғимараттың тағайындалуы анықтап, оның стилін ойластырыңыз; •Ғимараттың стиліне байланысты қандай элементтерді көргіңіз келеді. Ғимараттың түсі туралы ойланыңыз. Дифференциация. Оқушыларға қажет жағдайда қолдау көрсетіп отырыныз, түсіндіріп жіберініз, басқа суретшілер орындаған нобайларды да көрсетуге болады. Сабақтағы қауіпсіздік ережелері: Шығармашылық жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертіңіз. «Ертегілер қамалы» тақырыбына өздерінің шығармашылық идеяларын ұсына отырып орындайды. Ескерту: аяқталмаған жұмыстарын бағалау мүмкіндігін оқушыларға қалдырыңыз. Топтардың қалыптастырушы бағалауы. Тәжірибелік жұмысты орындап болғаннан кейін, олар нобайыларымен алмасып, дескрипторлар көмегімен бағалайды: •Ғимараттың орындады толық орындалды; •Олардың пішіні негізгі идеяға сәйкес; •Ғимаратың негізгі элементтері ойластырылыған. Сабақты қорытындылау үшін сабақ мақсатына қайта оралып, оларға кері байланыс беру қажет. | Дайындап алып келген ресурстарды сабақта пайдаланыңыз: Аяқ киімнен босаған қорап, қағаз қол сүртетін сүлгіден босаған картонды целиндр т.б. Түрлі түсті ермексаз, қағаз, картон, желім, қайшы. | ||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексияны жүргізеді: Сабақ қалай өтті? Сабақтың қандай сәтті тұстарын атап өтуге болады? Қай кезеңінде сізге жәйлі болады? Неліктен? Сабақтың қай кезеңінде өзіңізді жәйсіз сезіңдіңіз? Неліктен? Ол сезім немен байланысты болды? | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Оқушыларға қолдау көрсету. Кейбір оқушылар өз бетімен жұмыс істейді. | Бір-бірін бағалау. Жетістік критерийлер бойынша бағалау. Мұғалімнің байқауы.
| Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?