Алтын күз шығармашылық жұмыс. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Алтын күз шығармашылық жұмыс» тақырыбына арналған сабақта 3.1.3.2 Шығармашылық идеяларды дамытуға әр түрлі дерек көздерден ақпарат жинау оқу мақсаты қаралады. Аталған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін екі мәселеге аса көңіл аудару қажет. Біріншісі, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, олардан қажетті ақпаратарды алу. Біз ақпарт көздері ретінде әртүрлі объектер мен құбылыстар бола алатындығын түсінуіміз керек. Кез келген заттар мен құбылыстардың ерекшеліктерін зерделеу немесе танысу үшін қажетті ақпаратты түрлі тәсілдермен қарастыруға болады. Мысалы, балалар жыл мезгілдері, немесе күзді зерттейтің болса, күз туралы бейнероликтер, суретшілердің туындылары немесе балаларға арналып жазылған мақала болуы мүмкін. Бірақ осы сабақта зерделеуге арналған ақпарат көзі ретінде әртүрлі суретшілердің күз тақырыбына арнап салған туындылары, күз көріністері бейнеленген фотосуреттер және күзгі жапырақтар ұсынылады.. Осы сабақ аясында оқушылар атақты суретшілердің «Күз» тақырыбына арнап салған суреттерімен танысады, оны зерделейді және талдайды. Суретші мен қарастыратын туындыларды өздеріңіз таңдауларынызға болады, қысқамерзімді жоспарда берілген суретшілер мен туындылар міндетті емес. Екінші мәселе ол оқушылардың көркемдік құралдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамыту, әртүрлі көркем техникаларды меңгеру (мысалы, графикалық материалдармен жұмыс жасау, коллаж техникасын пайдалану).
Қажетті материалдар
А2 немесе А3 форматтағы қағаз, графикалық материалдар (қарандаш, түшь, гельді қалам және т.б.), желім, қайшы, газет пен журнал қиындылары.
Сабақ барысы
Сыныпта, күз көріністері бейнеленген суреттерді іліп, парталарға күзгі жапырақтарды жайып қойыныз. Оқушыларға сол суреттерге назар аударуларың сұраңыз. Оқушыларды бағыттау мақсатында келесі сұрақтарды қойыныз:
•Суреттерде қай жыл мезгілі бейнеленген?
•Күзде табиғат қандай түске оранады?
Тапсырма №1:
Оқушыларды топқа бөліңіз. Алтын күз бейнеленген суреттер мен күзгі жапырақтар бейнеленген фотосуреттерді таратып беріңіз. Мүмкіндік болса сол суретті интерактивті тақта арқылы көрсетіңіз.
Күзгі жапырақтарды да қолдануға болады.
Оқушылардың назарын жылдың қай мезгілінде табиғатта жапырақтардың жасылдан сарыға, қызылттан алтын түске ауысатын құбылыс байқалатынына аударыңыз. Жапырақтың түстерін оқушылар зерделейді, ондағы түстерді қарастырады.
Талықлау барысында оқушылардың назарын бейнежазбалар мен суреттерде қандай түстердің үйлесімділігі бар екендігіне аударыңыз. Оқушыларға әр түстің реңктерін сипаттауды ұсыныңыз. Мысалы, қызыл, қошқыл қызыл, ашық қызыл, қызғылт-сары. Оқушылардың назарын реңктерді атауда, терминдерді құруда сауаттылыққа аударыңыз.
Тапсырма №3
Тәжірибелік жұмыс. Жұптық/топтық жұмыс
Жұмыс жасар алдында оқушылармен бірге тапсырмаға арналған дескрипторларды құрастырып аламыныз.
Оқушылар А3/А2 форматта, коллаж техникасында «Күз» тақырыбына арналған композиция орныдайды. Тәжірибелік жұмысқа оқушыларды дұрыс бағыттау мақсатында сұрақтар қойыныз.
Бағыттаушы сұрақтар:
•Қандай күзді бейнелегің келеді. (Ерте күзді ме? Кеш күзді ме?)
•Күздің қандай көріністерің бейнелейсіңдер?
•Өз жұмыстарыңды қандай материалдармен орындағыларың келеді?
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.
Бағалау
Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз. Балалардың коллаж орындауға тандап алған материалдарды қарап шығыныз, қажет болса материалдарын қайта қарауды сұраңыз.
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Қайшымен жұмыс жасау кезінде -
- жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
- қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
- қайшыны ашық тастама;
- сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
- қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
- қайшыны керек уақытында пайдалан.
Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -
- жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
- арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
- жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
- ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.
Желіммен жұмыс жасау кезінде –
- желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
- желімді керек мөлшерде ғана ал;
- артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
- жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.
Бізбен жұмыс жасау кезінде –
- бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
- жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
- тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?