Болашаққа саяхат. Коллаж. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: Уақыт

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Болашаққа саяхат. Коллаж.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.1 Аса күрделі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперемент жүргізу

 Сабақ мақсаттары

  • Бөлме интерьерінің дизайның жасайды;
  • Коллаж техникасында интерьер көрінісін орындайды.

 Жетістік

 критерийлері

  • Қазіргі заманғы интерьерге қойылатын талапты анықтайды;
  • Әртүрлі материалдарды коллаж жасағанда үйлесімді пайдаланады
  • Коллаж техникасында бөлме интерьерін орындайды;

 Тілдік мақсаттар

 

Қазақ ұлттық киімдерін сипаттайды, олар туралы өз ойын айтады.

  • Берілген фотосуреттерде қандай интерьер бейнеленген?
  • Берілген интерьер қандай заттардан тұрады?
  • Берілген интрьер кімге арналған?
  • Берілген интерьерде қандай түстер жиі қолданылады?
  • Жұмыстың негізгі орындалу кезеңдері қандай?
  • Коллаж техникасында қалай жұмыс жасауға болады?

 Құндылықтарды

 дарыту

Еңбек және шығармашылық, Қазақстандық патриотизм

 Пәнаралық байланыстар

Әдебиет, дүние тану

 АКТ қолдану

 дағдылары

Осы сабақта оқушылардың АКТ дағдылары дамымайды себебі қолданбайды

Бастапқы білім

Қағазбен жұмыс жасау дағдылары,

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Заманауи интерьер көрсетілген бейнепрезентация көріңіздер. Оқушылардың назарларын интерьердегі элементтер мен жиhаздарға, бөлмелердің саны мен қандай қызмет атқаратынына аударыңыз. Оқушылардан уақыт өте келе интерьердің қалай өзгергендігін сұраңыз.

Оқушылар жауап бергенен кейін, бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Сабақтың ортасы

Тапсырма №1

Қазіргі заманғы интерьер

Оқушыларды топқа бөліңіз. Әр топ бір интерьерге арналған материалдарды анықтайды (мысалы; 1 топ – ас үй интерьері, 2 топ – қонақ бөлмесі).

Сұрақ: Ас үйінде, жатар бөлмеде, балалар бөлмесінде, қонақ бөлмесінде қанда жиһаз бен жабдықтар болады? Жиһаздар мен жабдықтар тізімін постерге жазып шығындар, 1 топ - ас үйдін, 2 топ – жатар бөлме, 3 топ – балалар бөлмесінің, 4 топ – қонақ бөлмесі жиһазы мен жабдығын дайындайды.

Жұмысты аяқтаған нан кейін әр топ өз тізімдерімен таныстырады және презентациядағы (немесе дидактикалық материалдарда берілген) интерьер көріністерімен салыстырады, қажет болса өз тізімдеріне түзету жасайды.

Жасаған тізімдерін сабақта жасайтың тәжірибелік жұмыс кезінде пайдалана алады.

Тапсырма №2

Тәжірибелік жұмыс

Оқушыларға заманауи интерьер дизайнын коллаж техникасында құрастыруды ұсыныңыз. Ол үшін оқушылар интерьердің элементтері бар газет пен журналдардағы суреттер қималарын қолданады. Жұмыстты А3 форматында орындайды.

Оқушыларды бөлме түріне таңдау/жеребе арқылы жұптарға біріктіру:

1.Қонақ бөлме дизайны;

2.Асхана дизайны;

3.Балалар бөлмесі дизайны.

Оқушылар сыныпта бірігіп интерьер коллажын орындаудың бірізділігін құрастырады. Мұғалім оқушылардың назарын бөлме композициясын құрастыру барысында композициялық тепе-теңдікті ұстану қажеттілігіне аударады.

Тұрмыста қолданатын заманауи нысандардың суреттері бар газет, журнал, брошюралар таратып беріңіз.

Оқушылар таңдап алған бөлмелеріне және жоспарларына қатысты өздеріне қажетті нысандарды қиып алады. Қиып алған бөлшектерін А3 форматына орналастырады.

Бөлме дизайнының соңғы композициялық шешімі бойынша соңғы нұсқаны қарастырып болған соң, оқушылар негізгі жұмысқа интерьер элементтерінің суреттерін қосады.

Жұмыстың соңғы кезеңінде оқушылар итерьер элементтеріне сәйкес келетін материалдарды, мысалы, мата қиындылары, тюлб, жасанды тері, пластик және түрлі-түсті қаламдар/бояу, пастель борларын пайдаланып, коллажды жетіспейтін заттар мен бөліктермен толықтырады..

Дифференциация:

Қажет болса жұмыс барысында кейбір оқушыларға қолдау көрсетіңіз. Дидактикалық материалдарда берілген үлгәлерді пайдалана алады.

Жұмысты аяқтаған соң, шағын көрме ұйымдастырыңыздар.

Коллаж техникасында орындалған интерьер суреттері

https://interiors-ru.livejournal.com/1257310.html

АЗ/А4 форматындағы қатты қағаз, ақ қағаз, желім, қайшы, ескі газет пен журнал беттері.

Сабақтың соңы

Бағалау

Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

нені білдім, нені үйрендім?

нені толық түсінбедім?

немен жұмысты жалғастыру қажет?

Үй тапсырмасы:

Келесі сабаққа қажетті материалдарды дайындау.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу