Коллаж техникасындағы жарық пен көлеңке. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы)

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Коллаж техникасындағы жарық пен көлеңке

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану

3.3.2.1 Арнайы терминдерді қолдана отырып өнердің әртүрлі туындыларының суреттеу құралдары мен орындау материалдарын анықтау және салыстыру

Сабақ мақсаттары

  • Суретшілердің жұмыстарында қолданған техникалар мен материалдарды тану, талдау және бағалау;
  • Коллаж техникасында тоналды натюрморт орындау;
  • Қауіпсіздік ережелерімен танысу және тәжірибелік жұмыс барысында ережелерді сақтау

Бағалау критерийлері

  • Суретшілердің туындыларын біледі, оларды талдайды, бейнелеу өнері құралдарымен салыстырады;
  • Музыкадағы негізгі идеяны бейнелеу құралдары арқыла суреттейді;
  • Қауіпсіздік ережелерін жұмыс барысында сақтайды.

Тілдік мақсаттар

  • Суретшілер жұмыстарында қолданған техникалар мен материалдарды сипаттайды

Диалог құруға арналған сұрақтар:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Бұл жұмыстар қандай техникада жасалған?
  • Берілген жұмыстар қандай көңіл күй тудырады?
  • бұл техникада жұмыс жасау үшін қандай материалдар дайындау қажет?

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық

байланыстар

Жаратылыстану

АКТ қолдану

дағдылары

АКТ-ны сабақ барысында қолданбайды.

Бастапқы білім

Оқушылар іс жүзінде үйренгендерін қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Бұл сабақ Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы) бөлімінің соңғы сабағы, осы бөлімді оқу барысында жарық және көленке, түстің тоны (өңі) туралы ақпарат алдындар, бүгін сол алған білімдеріне сүйене отырып коллаж техникасында шығармашылық жұмыс (натюрморт) жасайсыздар.

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

22 минут

Тапсырма №1

Оқушыларға геометриялық денелерден құралған натюрмортты қарастыруларын сұраңыз.

Оқушыларға жұптарында талқылауға сұрақтар қойыңыз:

  • Қандай пішіндер алдыңғы қатарда және қандай пішндер артқы қатарда орналасқан?
  • Бір-бірлеріне қатысты олар қалай орналасқан?
  • Қандай пішіндер үлкен болып көрінеді? Жақын орналасқанда ма, әлде алыс орналасқанда ма?
  • Жарық қай жақтан түсіп тұр?
  • Көлеңке қай жақта?
  • Жұмыста кеңістіктегі 3D елесі қалай көрсетілген?

Тапсырма №2

Эскиз жасау

Оқушылар өз натюрморттарының эскизін салуды бастайды. Оқушылардың назарын пішіндердің пропорциясына және оларды альбом парағына дұрыс орналастыруларына аударыңыз.

Сұрақтар:

  • Сіздің жұмысыңызда қанша тон болады?
  • Сіз қандай материалдар қолданасыз?
  • Сз қағазды қыясыз ба, әлде жұласыз ба?
  • Натюрморт үшін сіз қандай нысандарды таңдайсыз?
  • Коллажға қандай нысандар қолданасыз.

Тапсырма №3

Тәжірибелік жұмыс

Оқушылар ақ, сұр, қар түсті газеттер немесе екінші сабақтағы қағаздарды қолданып, коллаж жасайды.

Материалдармен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережесі туралы ескеріңіз.

(С, Қ) Оқушылардың жасаған жұмыстарын тосын көрмеге орналастырыңыз. Оқушыларға әр түрлі материалдармен көрсетілген тонның айырмашылығын салыстыруларын ұсыныңыз.

А4 немесе А3 форматтағы қағаз, графикалық материалдар (қарандаш, түшь, гельді қалам және т.б.), қара-ала түстегі ғазет пен журнал қалдықтары, желім, қайшы.

Сабақтың соңы

Бағалау

Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Үй тапсырмасы:

Келесі сабаққа қажетті материалдарды дайындау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу