Динозаврлар әлемінде- 2. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 «Көңілді жануарлар» тақырыбына арналған сабақта 3.2.3.1 Нақты дәлдігіне жетіп материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру және 3.3.3.1 Шығармашылық жұмысты жақсарту үшін идеяларын түсіндіру және ұсыну оқу мақсаттары қаралады.

 Қажетті материалдар

 Динозавр қажетті материалдар: пластик бөтелкелер, киндер сюрприз ойыншықтарының қорапшасы, қақпақтар, жұмсақ алюминий, мыс, шашақталған сым, майлықтардан қалған қатырма шығыршықтар, моншақтар, страздар, мата, гофрленген қағаз, түрлі түсті қатырма қағаз, түймелер. Жалғауға арналған құралдар мен материалдар: қайшылар, тістеуіктер, степлер, түрлі түсті скотч, бояу таспа, ПВА желім және желімнің басқа түрлері, мысалы, «Момент».

 Сабаққа қажетті қосымша ақпарат

 Диорама - таспа тәріздес, алдыңғы планда заттары бар кескіндемелі картинаның жартылай иілген түрі (құрылыс, шынайы және жалған заттар) Диораманы табиғат кеңістігінде суретші мен техникалық құралдардың синтездеуінен көрерменнің болуын жалған қылатын, көпшіліктің көруіне арналған өнерге жатқызады.

 Диорама әдетте жасанды жарықпен және арнайы павильондарда орналастырылады. Диораманы әшкерелеудегі үлкен рөлді экспозициондық зал және көру алаңының құрылысы, сонымен қатар жарық пен дыбыс алады. Диораманың көпшілігі тарихи шайқастарға арналған. Деректі материалды ерекше тарту әдісі ретінде диорама мұражай практикасында кеңінен қолданылады.

 Сабақ барысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 Бағалау

 Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

 Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі. Бағалау кезінде 2-қосымшадағы ақпаратты қолдануға болады.

1 қосымша

Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  • жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  • оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  • құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  • бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  • жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  • жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  • басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  • жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  • жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  • қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  • қайшыны ашық тастама;
  • сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  • қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  • қайшыны керек уақытында пайдалан.

Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -

  • жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
  • арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
  • жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
  • ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.

Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  • желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  • желімді керек мөлшерде ғана ал;
  • артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  • жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  • бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  • жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  • тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу