Динозаврлар әлемінде-1. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Көңілді жануарлар» тақырыбына арналған сабақта 3.2.3.1 Нақты дәлдігіне жетіп материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру және 3.1.3.1 Орындау техникасын негіздеп таңдай отырып шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл-күйі, мінезі) көрсету оқу мақсаттары қаралады. Аталған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін екі мәселеге аса көңіл аудару қажет. Біріншісі, әртүрлі шығармашылық идеялар мен сезімдерді, кейіпкерлерінің мінезін көркем құралдар арқылы бейнелеу тәсілдеріне, екінші мәселе, ол оқушылардың көркемдік құралдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамыту (мысалы, материалдар мен бөлшектерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру).
Қажетті материалдар
Динозавр моделін жасауға қажетті материалдар: пластик бөтелкелер, киндер сюрприз ойыншықтарының қорапшасы, қақпақтар, жұмсақ алюминий, мыс, шашақталған сым, майлықтардан қалған қатырма шығыршықтар, моншақтар, страздар, мата, гофрленген қағаз, түрлі түсті қатырма қағаз, түймелер. Жалғауға арналған құралдар мен материалдар: қайшылар, тістеуіктер, степлер, түрлі түсті скотч, бояу таспа, ПВА желім және желімнің басқа түрлері, мысалы, «Момент».
Сабаққа қажетті қосымша ақпарат
Диорама - таспа тәріздес, алдыңғы планда заттары бар кескіндемелі картинаның жартылай иілген түрі (құрылыс, шынайы және жалған заттар) Диораманы табиғат кеңістігінде суретші мен техникалық құралдардың синтездеуінен көрерменнің болуын жалған қылатын, көпшіліктің көруіне арналған өнерге жатқызады.
Диорама әдетте жасанды жарықпен және арнайы павильондарда орналастырылады. Диораманы әшкерелеудегі үлкен рөлді экспозициондық зал және көру алаңының құрылысы, сонымен қатар жарық пен дыбыс алады. Диораманың көпшілігі тарихи шайқастарға арналған. Деректі материалды ерекше тарту әдісі ретінде диорама мұражай практикасында кеңінен қолданылады.
Сабақ барысы
Сабақ барысында динозаврлар (бейне ролик, презентация және т.б.) бейнесін көрсетіңіз, олардың көзге тартымды көрінетің мәнерлі элементтеріне көңіл аударуын сұраңыз. Ол үшін итернет желісінен алынған бейнероликтерді көрсетуінізге болады (1. Dinosaur Animation - Cartoon for Children - PANGEA Movie Trailer https://www.youtube.com/watch?v=zBkjFGYKMhA).
Тәжірибелік жұмыс
Оқушылар алдынғы сабақтарда алған білімдеріне сүйене отырып динозаврлар әлемінің диорамасын жасайды.
1. Оқушыларға алдымен «Диорама» ұғымының мағынасын түсіндіріңіз. Диораманы өз қолымызбен қалай жасауға болатындығын көрсетіңіз. Дайын диорама үлгілерімен таныстырыңыз.
2. Әр түрлі материалдарды қолдана отырып, оқушылар динозавр мен диораманы жасау бойынша жұмысты бастайды.
Алдымен оқушылар динозаврлардың мүсінің жасайды. Көркемдік құралдар мен орындалу техникасына, материалына оқушылардың назарын аударта отырып, оларды бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларында динозаврлардың суретің салған суретшілердің өнер туындыларымен, өнеркәсіп бұйымдары мен интерьерде қолданылған жәндіктер мүсіндеріменн таныстырыңыз.
Бұл тапсырма оқушылардың динозаврлардың кескінің жасаудың сан алуан жолдарымен таныстырады, бұл әрекет шығармашылық жұмыстарына арналған жана идеялар құру үшін көмектеседі. Таныстырылымда берілген түрлі тәсілдермен және қолда бар материалдардан жасалған динозаврлардың суреттері мен модельдерімен танысады. Оқушылардың назарын негізгі идеяның бірі, қолда бар құралдардан динозавр жасау болғанын, бірақ материал мен орындау тәсілдерінің түрліше болғанына аударыңыз. Суреттерді қарап шыққаннан кейін динозаврлар макетің жасаудың қандай идеялары туындағанын нақтылаңыз.
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.
Бағалау
Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Қайшымен жұмыс жасау кезінде -
- жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
- қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
- қайшыны ашық тастама;
- сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
- қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
- қайшыны керек уақытында пайдалан.
Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -
- жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
- арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
- жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
- ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.
Желіммен жұмыс жасау кезінде –
- желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
- желімді керек мөлшерде ғана ал;
- артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
- жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.
Бізбен жұмыс жасау кезінде –
- бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
- жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
- тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?