Қандай түрлі динозаврлар! Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Қандай түрлі динозаврлар!» тақырыбына арналған сабақта 3.1.1.1 Табиғатпен жасалған сәндік өрнектер (ою-өрнек) мен формаларды анықтау және тану, оларды өз жұмыстарында интерпретациялау оқу мақсаты қаралады. Аталған оқу мақсаттары оқушылардың көркемдік құралдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамытуға, қоршаған ортада (табиғатта) мекен ететің тіршілік иелері (немесе тіршілік еткен жануарлар) туралы білімін толықтыруға, табиғат әлемінде кездесетің сәндік элементтерді тани білуге, оларды шығармашылық жұмыстарда пайдалану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Қажетті материалдар
Шығармашылық жұмысты орындауға қажетті материалдар: А4 немесе А3 пішінді қағаз, акварель бояулары, гуашь, сия, су құятын ыдыстар, сулықтар, алжапқыш. поролон (жұмсақ сорғыш), әртүрлі қылқаламдар, қарындаш, түрлі-түсті қарындаш, фломастер.
Сабаққа қажетті қосымша ақпарат
Динозаврлар – 160 миллионға жуық жылдар бойы (225 миллион жыл бұрынғы кезден бастап, 65миллион жыл бұрынғы кезге дейін) Жер бетіндегі ең басым жануарлар болды. Алып динозаврлар жануарлардың барлық кезеңдегі ең ірілері болды және олар көлемі жағынан пілдерден біраз асып түсетін. Ерте кездегі ұшатын бауырымен жорғалаушылар (рептилиялар) аспанға көтерілетін ең үлкен жануарлар болды. Жер үсті алыптарынан өзге мұхитта да құбыжық (монстр) жорғалаушылар өмір сүрді.
Динозаврлар неге құрып кеткен? Динозаврлардың құрып кеткені жайында айтылғандарға назар аударсақ, ол Жерге астереоид, метеорит немесе кометаның соғылуы салдарынан болған деген пайымдау шындыққа жанасады. Жер тарихында жануарлардың өлуінің өзге де жағдайлыры бар, бірақ осыдан 65 милион жыл бұрын динозаврлардың жойылуы апаттық жағдайдан болды. Соқтығысу салдарынан ауаға көтерілген тозаң бұлттар климатты өзгертті: өсімдіктер құрыды, жұмыртқалар басып шығарылмады, ал ересек жануарлар аштық пен суықтан қырырлып қалды.
Динозавр балалары
Өз ата-аналарының аумаған кішкентай динозаврлардың балалары қандай болған? Өз ата-аналарының аумаған кішкентай көшірмесі сияқты болған. Бауырымен жорғалаушылар болып табылатын динозаврлар жұмыртқа салған. Олардың арасында маязавр сияқты кейбіреулері қамқор ата-аналар болған. Олар ұя жасап, жұмыртқаларын жыртқыштардан қорып, балалары аяқтанып кеткенге дейін қасынан шықпаған.
Ең қорқынышты қай динозаврлар болған? Ұзындығы 12 метрге, салмағы 6 тоннаға дейін жететін, жақтары үлкен және бірнеше қатар тістері бар тираннозавр рекс және аллозавр сияқты сүтқоректілер ең қорқынышты динозаврлар болған. Бірақ "жезтырнақ" - дейноних, адам бойымен бірдей велоцираптор және кішілеу стенонихозавр сияқты динозаврлар да олардан қалыспайтын. Бұл жауыз етқоректілер ең ақылды динозаврлар болған. Тираннозавр рекс өзінен әлсіздеу динозаврларды аңдыған, сондай-ақ ол өлген жануарларды да тағажау еткен. Кейбір құрбандар анкилозавр секілді қарсылық шабуылдар жасаған. Брахиозаврдың өте ұзын қүйрығы мен сырықтай мойны.
Қай жануарлар құрлықтағы ең ірілері болған? Тарихи кезеңге дейін сеймозавр және брахионавр сияқты бауырымен жорғалаушылар болды. 50 тонналық бауырымен жорғалаушылар үй сияқты өте үлкен болған. Олар тобырымен өмір сүрген, өсімдіктермен қоректенген және ағаштың басына дейін жететін ұзын мойындары болған. Аяқтарының тас болып қатып қалған іздері олардың жылдам жүгіре алатынын білдіреді. Қытайда сүйектері табылған шөпқоректі маменхизаврдың 15 метрлік мойны болған. Бұл алып жануарлардың кейбіреулерінің кұйрықтары мойындарынан да ұзын. Құрлықтағы ең үлкен сүтқоректі балухитерий болып табылады. Ол салмағы 30 тоннаны тартатын мүйізтұмсыққа ұқсайды. Бүгінгі таңда құрлықтағы ең үлкен жануар - салмағы не бары 7 тонналық африкандық піл!
Материал https://kk.wikipedia.org/wiki/ сайтынан алынды (Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/Динозаврлар)
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.
Бағалау
Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі. Бағалау кезінде 2-қосымшадағы ақпаратты қолдануға болады.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Қайшымен жұмыс жасау кезінде -
- жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
- қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
- қайшыны ашық тастама;
- сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
- қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
- қайшыны керек уақытында пайдалан.
Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -
- жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
- арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
- жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
- ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.
Желіммен жұмыс жасау кезінде –
- желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
- желімді керек мөлшерде ғана ал;
- артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
- жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.
Бізбен жұмыс жасау кезінде –
- бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
- жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
- тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.
Ортақ тақырып | 2- бөлім: Тірі табиғат |
Бөлім | Жасау және дайындау |
Бөлімше | 2.1 Қоршаған ортаны бейнелеу |
Оқу мақсаты: | 3.1.1.1 Табиғатпен жасалған сәндік өрнектер (ою-өрнек) мен формаларды анықтау және тану, оларды өз жұмыстарында интерпретациялау |
Ойлау дағдыларының деңгейі: | Білу және түсіну. Қолдану |
Бағалау критерийі: | •Өздеріне тән ерекшеліктерін көрсете отыра динозаврлардың терісінің текстурасын бейнелейді; •Динозаврлардың текстурасын бейнелеу үшін әртүрлі материалдарды сауатты қолданады. |
Орындау уақыты | 19 минут |
Тапсырма Әр түрлі материалдарды қолдана отырып динозавр терісінің текстурасын бейнелеңіз.
Дескрипторлар:
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?