Динозаврлар кезеңі! Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 «Динозаврлар кезеңі!» тақырыбына арналған сабақ «Тірі табиғат» бөлімінің алғашқы тақырыбы. Сол себепті осы бөлім тақырыптарын бастамас бұрын сынып бөлмесінде тірі табиғат жағдайын қалыптастырыңыз. Ол үшін сынып бөлмесін аталған тақырыпта безендіріп, фон ретінде табиғат әуендерін (бүгінгі тақырыпқа байланысты динозаврлар дыбысын) қосыңыз. Әңгімені тірі табиғат әлемінің сан алуандығымен қызықты екенінен бастаңыз. Оқушылардың «Жаратылыстану» пәні сабақтарынан алған білімдеріне сілтеме жасап, тірі табиғат туралы көп жайттардан өздерінің хабардар екендігін айтып өтіңіз. «Көркем еңбек» сабақтарында оқушылар сурет салып, бейнелер жасаудың түрлі тәсілін үйреніп, жанды табиғаттың қызықты әлемінің (әсіресе динозаврлар әлемінің) бір бөлшегін өз қолдарымен жасай алады.

 Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:

  •  тірі табиғат әлемі туралы білімдерін жетілдіреді;
  •  Жер бетінде мекендеген динозаврларды, сол кездегі қоршаған ортаны зерттейді, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін анықтайды;
  •  динозаврлар мен олардың қоршаған ортасын бейнелеудің әртүрлі тәсілдерімен танысады;
  •  өздері зерттеген ақпараттарға сүйене отырып динозаврлар мен олар мекен еткен ортаның бейнелерін жасайды;
  •  жасалған жұмыстарды талдайды, жұмыстарын жақсарту үшін ұсыныстар айтады, дайындалған критерийлер бойынша жұмыстарды бағалайды;
  •  өз жұмыстарын таныстыру үшін көрме ұйымдастырады.

 «Динозаврлар кезеңі!» тақырыбына арналған сабақта 3.2.1.1 Қоршаған ортаның визуалды элементтерін әртүрлі тәсілдермен құралдарды үйлестіре отырып бейнелеу оқу мақсаты қаралады. Аталған оқу мақсатын жүзеге асыру үшін екі мәселеге аса көңіл аудару қажет. Біріншісі, оқушыларды қоршаған ортаның визуалды элементтерімен таныстыру керек (бұл сабақ аясында динозаврлар әлемін зерттейді, өздеріне тән ерекшеліктері, пішіні, қимылы, түсі және т.б.). Екінші мәселе ол оқушылардың көркемдік құралдармен жұмыс жасау дағдыларын дамыту (бұл сабақ аясында оқушылар динозаврлар мекен еткен ортаны әртүрлі көркемдік құралдар арқылы бейнелейді).

 Қажетті материалдар

 Шығармашылық жұмысты орындауға қажетті материалдар: А4 немесе А3 пішінді қағаз, акварель бояулары, гуашь, сия, су құятын ыдыстар, сулықтар, алжапқыш. поролон (жұмсақ сорғыш), әртүрлі қылқаламдар, ақ түсті және/немесе түрлі түсті қалың қағаз, қайшы, қарындаш, түрлі-түсті қарындаш, фломастер.

 Сабаққа қажетті қосымша ақпарат

 Динозаврлар – 160 миллионға жуық жылдар бойы (225 миллион жыл бұрынғы кезден бастап, 65миллион жыл бұрынғы кезге дейін) Жер бетіндегі ең басым жануарлар болды. Алып динозаврлар жануарлардың барлық кезеңдегі ең ірілері болды және олар көлемі жағынан пілдерден біраз асып түсетін. Ерте кездегі ұшатын бауырымен жорғалаушылар (рептилиялар) аспанға көтерілетін ең үлкен жануарлар болды. Жер үсті алыптарынан өзге мұхитта да құбыжық (монстр) жорғалаушылар өмір сүрді.

 Динозаврлар неге құрып кеткен? Динозаврлардың құрып кеткені жайында айтылғандарға назар аударсақ, ол Жерге астереоид, метеорит немесе кометаның соғылуы салдарынан болған деген пайымдау шындыққа жанасады. Жер тарихында жануарлардың өлуінің өзге де жағдайлыры бар, бірақ осыдан 65 милион жыл бұрын динозаврлардың жойылуы апаттық жағдайдан болды. Соқтығысу салдарынан ауаға көтерілген тозаң бұлттар климатты өзгертті: өсімдіктер құрыды, жұмыртқалар басып шығарылмады, ал ересек жануарлар аштық пен суықтан қырырлып қалды.

 Балалары

 Өз ата-аналарының аумаған кішкентай динозаврлардың балалары қандай болған? Өз ата-аналарының аумаған кішкентай көшірмесі сияқты болған. Бауырымен жорғалаушылар болып табылатын динозаврлар жұмыртқа салған. Олардың арасында маязавр сияқты кейбіреулері қамқор ата-аналар болған. Олар ұя жасап, жұмыртқаларын жыртқыштардан қорып, балалары аяқтанып кеткенге дейін қасынан шықпаған.

 Ең қорқынышты қай динозаврлар болған? Ұзындығы 12 метрге, салмағы 6 тоннаға дейін жететін, жақтары үлкен және бірнеше қатар тістері бар тираннозавр рекс және аллозавр сияқты сүтқоректілер ең қорқынышты динозаврлар болған. Бірақ "жезтырнақ" - дейноних, адам бойымен бірдей велоцираптор және кішілеу стенонихозавр сияқты динозаврлар да олардан қалыспайтын. Бұл жауыз етқоректілер ең ақылды динозаврлар болған. Тираннозавр рекс өзінен әлсіздеу динозаврларды аңдыған, сондай-ақ ол өлген жануарларды да тағажау еткен. Кейбір құрбандар анкилозавр секілді қарсылық шабуылдар жасаған. Брахиозаврдың өте ұзын қүйрығы мен сырықтай мойны.

 Қай жануарлар құрлықтағы ең ірілері болған? Тарихи кезеңге дейін сеймозавр және брахионавр сияқты бауырымен жорғалаушылар болды. 50 тонналық бауырымен жорғалаушылар үй сияқты өте үлкен болған. Олар тобырымен өмір сүрген, өсімдіктермен қоректенген және ағаштың басына дейін жететін ұзын мойындары болған. Аяқтарының тас болып қатып қалған іздері олардың жылдам жүгіре алатынын білдіреді. Қытайда сүйектері табылған шөпқоректі маменхизаврдың 15 метрлік мойны болған. Бұл алып жануарлардың кейбіреулерінің кұйрықтары мойындарынан да ұзын. Құрлықтағы ең үлкен сүтқоректі балухитерий болып табылады. Ол салмағы 30 тоннаны тартатын мүйізтұмсыққа ұқсайды. Бүгінгі таңда құрлықтағы ең үлкен жануар - салмағы не бары 7 тонналық африкандық піл!

 Бор кезеңі бұдан 135 млн. жыл бұрын басталып, 60 — 70 млн жылға созылған; екі бөлімнен (төмен және жоғары), 13 ғасырдан тұрады. Бор кезеңінде Анд, Верхоян-Чукот, Кордильера таулары көтерілген. Верхоян-Чукот пен Шығыс Азияның түйіскен жеріндегі терең жарылыстар арқылы әрекет еткен жанартау процесінің нәтижесінде Охота-Чукот жанартаулық белдеуі пайда боды. Орталық және Оңтүстік-шығыс Азияда геосинклинальдік жағдай аяқталып, қазіргі заманға дейін сақталған мезозойлық қатпарлы таулы жер бедері қалыптасты. Бор кезеңінде Гондвана мен Лавразия континенттерінің жекелеген материктерге бөлінуі басталды.

 Бор кезеңінің органик. әлеміне аммониттер, белемниттер, теңіз кірпілері, алтын сәулелі коралдар, фораминиферлер жатады. Бұл кезеңде сүтқоректілер, әсіресе, ірі денелі жануарлар тез дами бастады. Теңіздерде алып кесірткелер — мезозаврлар, плезиозаврлар, ихтиозаврлар, құрлықта — динозаврлар, ұзындығы 14 м-ге жететін жылан тәрізділер, әуе кеңістігінде қанаттарының өрісі 8 м-лік өткір тісті жыртқыш құстар өмір сүрді. Бор кезеңінің екінші жартысында жер бетінің физ.-геогр. жағдайының күрт өзгеруіне байланысты ірі жануарлардың жаппай қырылуы басталды. Оның себебі әлі толық ашылған жоқ. Өсімдік әлемінде жабық тұқымдылар (қайың, үйеңкі, терек т.б.) үстемдік ете бастады, гүлді өсімдіктер пайда болды.

 Материал https://kk.wikipedia.org/wiki/ сайтынан алынды (Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/Динозаврлар)

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 Бағалауға арналған мүмкіндіктер

 Тәжірибе жұмысын орындау кезінде оқушылардан қиындық тудырған мәселелерді атауды сұрауға болады. Осы мәселелерді қалай шешуге болатынын сұраңыз. Осылайша тапсырманы орындауда қиналған оқушылар аталған мәселелерді шешу жолдарын білетін болады. Тәжірибе жұмысын аяқтағаннан кейін оқушылар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды. Бағалау кезінде 2-қосымшадағы ақпаратты қолдануға болады.

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  •  жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  •  қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  •  қайшыны ашық тастама;
  •  сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  •  қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  •  қайшыны керек уақытында пайдалан.

 

 Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -

  •  жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
  •  арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
  •  жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
  •  ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.

 

 Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  •  желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  •  желімді керек мөлшерде ғана ал;
  •  артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  •  жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

 

 Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  •  бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  •  жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  •  тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.

 

2 қосымша

Ортақ тақырып

2- бөлім: Тірі табиғат

Бөлім

Жасау және дайындау

Бөлімше

2.1 Қоршаған ортаны бейнелеу

Оқу мақсаты:

3.2.1.1

Қоршаған ортаның визуалды элементтерін әртүрлі тәсілдермен құралдарды үйлестіре отырып бейнелеу

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну.

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Өздеріне тән ерекшеліктерін көрсете отыра динозаврлар өмір сүрген кездегі орман алқабының суретін салады;
  • Орман алқабының суретін салғанда әртүрлі материалдарды үйлестіре қолданады.

Орындау уақыты

15-20 минут ...

Тапсырма

 Динозаврлардың өмір сүру ортасының суретін орындаңыздар. Сол кезде өскен өсімдіктерді бейнелеңіз. Алдыңғы және артқы планды көрсетіңіз. Өсімдіктерді бояңыз.

Дескрипторлар

  • әртүрлі өсімдіктерді бейнеледі;
  • алдыңғы пландағы жапырақтардың өлшемі үлкен және қою түсті бейнеледі;
  • түстік шешімді қолдана отырып суреттерді бояды;
  • жұмысы аяқталған болып көрінеді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу