Динозаврлар кезеңі! Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 Бөлім: Тірі табиғат | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Динозаврлар кезеңі! | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.1.1 Қоршаған ортаның визуалды элементтерін әртүрлі тәсілдермен құралдарды үйлестіре отырып бейнелеу | |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Жетістік критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Динозаврларды және олардың өмір сүру ортасын ауызша сипаттайды;. Оқушылар келесі сұраққа жауап береді:
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Азаматтық жауапкершілік | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды | |||||||||
Бастапқы білім | Табиғат әлемімен танысуды жалғастырады, көркем материалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларың жетілдіреді. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | |||||||||
Сабақтың басы | Сыныпта динозаврлардың дыбысы шығып тұрады. Сұрақтар:
Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет. | Динозаврлар дыбысы | ||||||||
Сабақтың ортасы
| Әнгімелесу. Сұрақтар: Динозаврлар дыбысын оқушыларға тағы да бір рет тыңдату. Оқушылардан көздерін жұмып динозаврларды және олардың мекен ету ортасын көзге елестетуін сұрау. Көздерін ашқаннан кейін не елестеткендігі жайында сыныппен талқылау. Тапсырма №1 Динозаврлар мекендеген орта туралы қысқаша бейнеролик көрсетіңіз. Белгілі бір динозаврдың мекендеу ортасын (батпақ, орман, ми батпақ немесе өзенді) көз алдарына елестетіп, олардың мекендейтін ортасының ерекшелітерің сипаттауды бастайды. Оқушылар өз идеясын бүкіл сыныпқа түсіндіріп береді. Динозаврлар ерте заманда, бор дәуірінде өмір сүргендігін айтыныз (бор дәуірінің ерекшелігіне қысқаша тоқталуынызға болады). Бүгінгі сабақта динозаврлар мекен еткен қоршаған ортаның суретін салатындықтарын атап өтіңіз. Өсімдіктердің суреті бар композицияларды көрсетіңіз, жапырақтардың пішініне және олардың монохромды түстері мен өсімдіктердің қағазда қалай орналасқанына назар аударыңыз. Суретшілер алдыңғы пландағы өсімдктерді бірінші және үлкен өлшемде салады, түстерін жасыл түстің қанық реңктермен бояйды. Сонымен қатар бор дәуірі кезінде өскен өсімдіктердің суреті бар слайдпетаныстырыңыз. Оқушылармен салынған суреттерді, қолданылған материалдарды талқыланыздар. Тапсырма №2 Тәжірибелік жұмыс Динозаврлардың өмір сүру ортасының суретін салыңыздар. Сол кезде өскен өсімдіктерді бейнелеңіздер. Алдыңғы және артқы планды көрсетіңіздер. Өсімдіктерді бояңыздар. Дескрипторлар: - түрлі өсімдіктерді бейнеледі; - алдыңғы планда жапырақтарды ірі салды және қою түспен бояды; - түстік шешімді қолдана отырып суреттерді бояды; - жұмысы аяқталған. Кейбір оқушылар дайын өсімдік суретін көшірмей, өздерінің қиялынан ойластырып салады. Алайда кейбір оқушыларға дидактикалық материалдарда берілген дайын үлгілерді көмекші құрал ретінде беруге болады. Сонымен қатар түрлі түсті қағазды қолдануға болады. | Динозаврлар туралы деректер https://martebe.kz/dinozavrlar-turaly-derekter/ Dinos Invade Our World! https://www.youtube.com/watch?v=sQS7T8da168 Dinosaur Animation - Cartoon for Children - PANGEA Movie Trailer | ||||||||
Сабақтың соңы | Бағалау Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз. Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды Рефлексия: Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? Оқушылар өз жұмыс орындарын жинастырады. | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?