Қанатты жәндіктер. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 «Көңілді жануарлар» тақырыбына арналған сабақта 3.2.3.1 Нақты дәлдігіне жетіп материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру және 3.1.3.1 Орындау техникасын негіздеп таңдай отырып шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл-күйі, мінезі) көрсету оқу мақсаттары қаралады. Аталған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін екі мәселеге аса көңіл аудару қажет. Біріншісі, әртүрлі шығармашылық идеялар мен сезімдерді көркем құралдар арқылы бейнелеу тәсілдеріне. Екінші мәселе ол оқушылардың көркемдік құралдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамыту (мысалы, материалдар мен бөлшектерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру).

 Қажетті материалдар

 Жәндік моделін жасауға қажетті материалдар: пластик бөтелкелер, киндер сюрприз ойыншықтарының қорапшасы, қақпақтар, жұмсақ алюминий, мыс, шашақталған сым, майлықтардан қалған қатырма шығыршықтар, моншақтар, страздар, мата, гофрленген қағаз, түрлі түсті қатырма қағаз, түймелер. Жалғауға арналған құралдар мен материалдар: қайшылар, тістеуіктер, степлер, түрлі түсті скотч, бояу таспа, ПВА желім және желімнің басқа түрлері, мысалы, «Момент».

 Сабаққа қажетті қосымша ақпарат

 Жәндіктер екі класс тармағына бөлінеді: алғашқы қанатсыз жәндіктер және қанатты жәндіктер. Қазақстанда 2 класс тармағына жататын 28 отряды 550-ден астам тұқымдасы бар.

 Бұлардың дене тұрқы бірнеше мм-ден (ең майдасы трихограмма – 0,2 мм) – 33 см-ге дейін болады. Жәндіктердің ең басты ерекшелігі – денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Денесін тығыз кутикула (эпителий клеткаларынан бөлінетін тығыз қабықша) жапқан. Басында екі күрделі фасеттік көздері, қарапайым майда көзшелері, екі мұртшасы болады. Ауыз құрылысы қоректену әдісіне қарай: инеліктер, тарақандар, дәуіттер, қоңыздардың аузы кеміруге; көбелектер, шыбындардың аузы сұйық қоректі соруға; өсімдіктердің шырынымен және адамның, жануарлардың қанымен қоректенетін маса, бит, қандала, цикада, т.б. аузы шаншып-соруға бейімделген. Жәндіктердің кейбір түрінде аузы болмайды (бөгелек, біркүндіктер). Жәндіктердің басым бөлігінде ұшуға екі жұп қанаттарын (көбелектер, инеліктер, торқанаттылар, т.б.), кейбір түрі тек артқы жұбын (қоңыздар, т.б.) ғана қағады.

 Сабақ барысы

 Ұшатын жәндіктер бейнесін көрсетіңіз, олардың ұшқандағы көзге тартымды көрінетін мәнерлі элементтеріне көңіл аударуын сұраңыз (бейне ролик, презентация және т.б.). Ол үшін итернет желісінен алынған бейнероликтерді көрсетуінізге болады (1. Жәндіктер қалай ұшады https://www.youtube.com/watch?v=ED9jwEkuDtc, 2. Масалардың ұшу құпиясы https://www.youtube.com/watch?v=WTOuTm-103c).

 Ақпаратты толығырақ беру үшін көбелектердің, шегірткелердің және басқа да жәнтіктердің этимологиялық топтамасын ұсынуға болады. Шығармашылық жұмыста пішінді әшекейлеу мен қызықты эстетикалық және көркемдік шешімін табу үшін ою, пішінің, түстік шешімнің табиғи элементтеріне назар аударуларын өтініңіз. Визуалды қабылдау үшін үлкен көлемде көрнекіліктерді пайдалануға болады.

 Тапсырма №1

 Көркемдік құралдар мен орындалу техникасына, материалына оқушылардың назарын аударта отырып, оларды бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларында қанатты жәнтіктерді салған суретшілердің өнер туындыларымен, өнеркәсіп бұйымдары мен интерьерде қолданылған жәндіктер мүсіндеріменн таныстырыңыз.

 Әр түрлі шығармашылық идеяларда табиғи пішінді қалай пайдаланатындығына оқушылардың назарларын аудартыңыз. Ол кескіндіміе, графика, зергерлік бұйымдар, ас үй тұтқышы т.б. болуына қарамастан. Бұл тапсырма әр түрлі тәсілдер мен шығармашылық идеяларды сан қырлы жолдармен орындауға болатындығына оқушылардың зейінін аудартады.

 Бірнші тапсырмаға аса көп уақыт бөлменіз, тапсырманы тезірек орындау үшін сұрақтарды топтарға бөліп беріңіз. Жауапқа 1 минуттай ғана уақыт беріңіз.

 Тапсырма №2

 Бұл тапсырма оқушылардың қанатты жәндіктердің кескінің жасаудың сан алуан жолдарымен таныстырады, бұл әрекет шығармашылық жұмыстарына арналған жана идеялар құру үшін көмектеседі. Таныстырылымда берілген түрлі тәсілдермен және қолда бар материалдардан жасалған қанатты жәндіктердің суреттері мен модельдерімен танысады. Оқушылардың назарын негізгі идеяның бірі, қолда бар құралдардан жәндік жасау болғанын, бірақ материал мен орындау тәсілдерінің түрліше болғанына аударыңыз. Суреттерді қарап шыққаннан кейін жәндіктерді жасаудың қандай идеялары туындағанын нақтылаңыз.

 Тапсырма №3

 Оқушылар түрлі материалдар мен түрлі тәсілдерді қолдана отырып, қанатты жәндік макетің, мүсінің немесе кескінің жасап көреді. Оларға шығармашылық ой еркіндігін беріңіз. Материалдармен тәжірибе жасасын, жұмыс жасау материалдарын өздері тандасын. Оқушылар шығармашылық жұмысты жұптасып немесе топпен орындай алады. Дайын бөліктерін қиып алу үшін жәнтіктердің (көбелектер, шегірткелер, аралар) дайын шаблондарын ұсынуға болады.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 Бағалау

 Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

 Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.

1 қосымша

Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  • жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  • оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  • құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  • бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  • жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  • жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  • басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  • жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  • жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  • қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  • қайшыны ашық тастама;
  • сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  • қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  • қайшыны керек уақытында пайдалан.

Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -

  • жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
  • арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
  • жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
  • ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.

Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  • желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  • желімді керек мөлшерде ғана ал;
  • артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  • жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  • бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  • жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  • тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу