Аксессуарлар жасаймыз. Көркем еңбек, 2 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6 С - Бөлім: Салт-дәстүр және фольклор

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні, сынып: 2

«А» 27.02.2018 «В» 28.02.2018

Мұғалім аты-жөні: Шойынбекова Л.Н.

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Аксессуарлар жасаймыз.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.3.3

Бұйымның сыртқы түрін жақсарту үшін өңдеудің қарапайым тәсілдерін және жабдықтарын пайдалану

2.1.4.1

Бейнелеу өнерінің тәсілдері арқылы сезім мен шығармашылық идеяларды жеткізу

 Сабақ мақсаттары

 Өндеудің қарапайым тәсілдерін қолдана отырып, аксессуар жасайды.

Бағалау дескрипторлары

  • қарапайым әдістерді қолдана алады;
  • аксессуар әзірлей алады;
  • қауіпсіздік ережесін сақтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

ою, киіз, қоржын, фетр, трафарет, баспа.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Мен өз ... жасау үшін ... қолдандым.
  • ... қазақтың ұлттық ... оюын қолдандым.

 Құндылықтарды

 дарыту

Топтарда бір-бірімен қарым-қатынас және ортақ шешім таба білу, жұмыс істеуге дағдыларын дамыту. Сөз сөйлеу қабілетін дамытады, шығармашылық жұмыстарын ұсынады. Эстетикалық және көркемдік талғамын, шығармашылық белсенділігін дамыту. Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, өзара түсіністік, бір-біріне деген құрмет.

 Пәнаралық

 байланыстар

Қазақстан тарихы пәні мен байланысты - біздің ата-бабаларымыз мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы мәліметтер.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушыларға презентация көрсету барысында АКТ-ны қолдану.

Бастапқы білім

Оқушылар үйренгенің шығармашылық жұмыста қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

  • Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен және мақсаттары мен таныстыру:

  • Өндеудің қарапайым тәсілдерін қолдана отырып, аксессуар жасау.

Оқушылар сыныпқа кірген кезде, оларды тапсырма орындауға дайындау үшін дәстүрлі қазақ музыкасын қосуға болады: «Қобыз», «Домбыра».

АКТ- презентация

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

20 минут

4 минут

  • Зерттеу жұмысы.

Тапсырма №1. Оқыту әдісі – көрнекілік, топтық жұмыс түрі, зерттеу жұмысы.

 Жұпта бірнеше суреттерді қарастыру. Топтаса олардың пішінін, өлшемін, әсемделуін талқылайды. Тағы да қандай сөмкелер бар екенін бір- бірлерінен сұрастыруға да болады.

 Олардың қолданылу мақсаты қандай екендігіне мән беріп анықтайды. Қолданылуына орай сыртқы әсемделуі қалай өзгеретіндігін талқылайды. Мысалы, клатчтар, шабадан мен шаруашылыққа арналған сөмкелер.

  • Шығармашылық жұмыс. Талқылау- топтық.

 Тапсырма №1. Қоржын атты ұлттық сөмкені зерттеңіздер. Бұйымның қалай және неден жасалғанын қарастырыңыздар. Бұл бұйымды қалай әсемдеуге болатындығына назар салыңыздар.

Кері байланыс.

  • Қоржынды қандай материалдардан жасауға болады? (Мысалы, қағаздан, фетр мен киізден.)
  • Оны қалай жасайды? (Бүктеу, жабыстыру, қию және т.б. арқылы.)

 Тапсырма №2. Жекеше жұмыс түрі. Қоржынды немесе заманауи сөмкені жасаңыздар. Оны ұлттық элементтермен әсемдеңіздер.

 

Дескрипторлар:

  • бұйым шынайы суретіне сай;
  • контур бойымен ұқыпты қиды;
  • ою- өрнектері бұйымға сай салынған.

 Саралау.

 Кейбір оқушыларға дайын шаблондарды пайдалануға беремін, ал қалғандары өздігінен орындай алады.

 

Кері байланыс:

Қазақ ұлттық киімінде қандай оюларды көріп тұрсыз? Олар қайда орналасқан?

  • Қандай оюлармен сіз өз киімінізді безендіресіз?
  • Сізге қандай үлгілері ұнайды?
  • Таныстырылым.

Әр оқушы өздерінің жасаған бұйымдары туралы қысқаша айтады. Өз сөздерінде берілген терминологияны және сөз тіркестерін қолдана алады. (Киіз, қоржын, фетр, трафарет, баспа)

  • Мен өз ... жасау үшін ... қолдандым.
  • ... қазақтың ұлттық ... оюын қолдандым.

Кері байланыс:

- Сіздер бүгін сабақта қандай жаңа қолөнер түрімен таныстыныздар?- қандай қиындықтар болды?- Сіз жұмысынызға ризасыз ба?

АКТ- презентация

Қайшылар, жіп, картон, қарындаштар, желім, безендіру заттары, мысалы: паетки, таспалар, моншақ және т/б.

Сабақтың соңы

3 минут

  • Рефлексия:

«Алма ағашы»

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Саралау.

 Кейбір оқушыларға дайын шаблондарды пайдалануға беремін, ал қалғандары өздігінен орындай алады.

Дескрипторлар арқылы өзін- өзі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің

Қайшымен байқап жұмыс жасау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Эстетикалық бағытындағы әдістемелік бірлестігінің жетекшісі: Г.Г. Дюсенова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу