Аспаптарды безендіру. Көркем еңбек, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7С-бөлім саяхат

Мектеп: Көкшетау қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сынып: 1 «А», «В»

Мұғалімнің аты-жөні:Шойынбекова Л.Н.

Күні: 09.03.2017

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы

Аспаптарды безендіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.3.2

өңдеудің қарапайым тәсілдерін тани және пайдалана бастау

1.2.4.1

қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

 Сабақ мақсаттары

• геометриялық, өсімдіктектес және жануартектес өрнектер туралы мағлұмат алады;

• музыкалық аспаптарды безендірудің дәстүрлі және жаңа түрлері туралы ақпарат алады;

• өзі жабысатын қағаздан өрнектің аппликацясын жасап, музыкалық аспапты безендіруді үйренеді.

 Жетістік критерийлері

-уақытты тиімді пайдаланады;

-аспапты көркем безендіреды;

-безендіру үшін әр түрлі идеяларды қолданады;

-қауіпсіздік ережесін сақтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Түйін сөздер:

геометриялық өрнек – геометрический орнамент – geometrical ornament

өсімдіктектес өрнек – растительный орнамент – plantornament

жануартектес өрнек – животный орнамент – animalornament

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет көрсету:

Сыныптастарымен ынтымақтаса жұмыс істеу;

Сыныптасының ойын құрметтеу және тыңдау;

Еңбек және шығармашылық:

Шығармашылық жұмыс барысында еңбектену дағдыларын қалыптастырады;

 Пәнаралық байланыстар

Математика.

Үшбұрыш, дөңгелек және шаршының негізінде геометриялық өрнектерді танып білу.

Өнер. Қолдан жасалған музыкалық аспапта халық әуенін сүйемелдеу.

Дүниетану. Жануарлар мен өсімдіктер әлемімен байланыстырып, өрнектерді танып білу.

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация мен видео жазбаны көрсету үшін, АКТ қолданылады

Бастапқы білім

Аспаптар жасау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Оқушылармен амандасу, көңіл-күйлерін сұрау және назарларын сабаққа аудару.

Оқушыларға өткен сабақ бойынша сұрақтар қою:

Өткен сабақтарда біз қандай жұмыстар жасадық?

Қандай материалдарды қолдандық?

Бұл сабақ музыкалық аспап жасау бойынша соңғы сабақ болып табылады. Оқушылар өткен сабақта қолда бар материалдарды пайдаланып жасаған аспаптарын безендіру керек. Сабақтың басында қазақхалық музыкасы ойнап тұрады.

Сабақтың ортасы

33 минут

Алдын ала музыкалық аспаптардың көрмесін дайындап қою. Мысалы: домбыра, қобыз, шертер, асатаяқ, дауылпаз, маракас, барабан, гитара. Аспаптар болмаған жағдайда суреттерін қоюға болады. Қазақ ою- өрнектерін тақтаға іліп қою қажет. Көрмеге қойған аспаптардың арасына мүмкіндігіне қарай дәстүрлі және заманауи түрде безендірілген аспаптар қою. Осы аспаптарды фотосуреттер немесе слайд арқылы көрсетуге болады.

Топқа бөлу, аспаптарды талқылау: 3 минут.

Оқушыларды шағын топтарға топтастыру.

Оқушылар көрмедегі немесе суреттердегі аспаптардың қалай безендірілгенін талқылайды.

Талқылап болған соң өз ойларын айтады.

Мұғалімнің түсіндіруі: 2 минут

Оқушыларға «Қошқар мүйіз» өрнегі қазақ оюының негізі болып табылатынын айтып өту. Осы өрнектің бірнеше нұсқасын көрсету. Ою-өрнектермен безендіру дәстүрлі безендіру болып саналатынын баса айту. Қазіргі уақытта аспаптарды безендіруде тың идеялардың пайда болғанын да айтып өту.

Оқушылардан өздерінің аспаптарын қалай безендіргілері келетінін сұрастыру.

Шығармашылық жұмыс:28 минут

Бұл тапсырмада оқушылар өрнектің орнын дайындайды, өлшейді, қияды және барлық компоненттерін қосады. Оқушылар өздері жасаған аспапты безендіре бастайды. Өрнекті қалай дайындап алу керек екенін түсіндіру.

1. Қағаздың түсін таңдап алу керек. 2. Қағаздан қажетті мөлшерін қиып алып, екі қабаттап бүктеп, бүктелген жағынан бастап өрнектің жартысын салып қиып алу қажет. 3. Одан әрі өзі жабысатын қағаздың артық бөлігін алып тастап, шыққан оюды аспапқа жабыстыру керек. Осының барлығын оқушыларға жасап көрсету. Егер олар бірнеше түс қолданғылары келсе, онда осының барлығын қайталап істеу керек екенін ескерту. Жұмыс кезінде шамасы келмей жатқан оқушыларға көмектесіп, жігерлендіріп қою қажет. Жұмыс аяқталған соң жасаған аспаптарын,көрмедегі аспаптың қасына апарып қоюларын сұрау. Оқушылармен бірге көрмені тағы бір рет қарап шығу. Көрменің арқасында оқушылар өздерінің жасаған аспаптарына сын көзбен қарауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар жұмыстарының артықшылығы мен кемшілігі туралы пікір естиді.

Презентацияның екінші беті.

Презентацияның үшінші беті.

Түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, сызғыш, скоч және т.б.

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында жақсы жұмыс істегендері үшін, ерекше безендірілген аспаптары үшін алғыс айту.

Рефлексия:

Оқушылар сабақ соңында өздерінің сабақты қаншалықты меңгергендерін таратылған жасыл, сары, қызыл стикерлер арқылы көрсетеді.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырманы уақыттан бұрын орындаған оқушыларға тарату материалында берілген 2-ші тапсырманы орындауын ұсыну.

Сумоншақтармен безендірудегі ерекшелікті, ұқыптылықты және мата қиындыларының біркелкі тігілуін бағалау. Барлығының талпынысына алғыс айту.

Өткір, үшкір заттармен жұмыс істеу барысында әрдайым техника қауіпсіздік ережесі туралы ескеріп отыру қажет.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу