Таңғажайып көліктер. Көркем еңбек, 1 сынып, сабақ жоспары.
19-сабақ. Таңғажайып көліктер | Мектеп: Ж. Мырзағалиев атындағы орта мектеп | ||||||||||
Күні: 9. 02.16ж | Мұғалімнің аты-жөні: Қайрбаева Бибісұлу | ||||||||||
Сынып: 1 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Оқыту мақсаты | 1.1.6.1 Өзінің тәжірибесі негізінде шығармашылық идеяларды тұжырымдау 1.1.3.1 Өнердегі бейнелер (образдар) мен формаларға қатысты идеяларды талқылау және сұрақтар қою 1.3.2.1 Өнер шығармаларының жанрын және жұмыс техникасын ажырату | ||||||||||
Сабақ мақсаты: |
| ||||||||||
Тілдік мақсаты | Оқушылар: айналадағы заттардың қасиетін сипаттау үшін сын есімдерді пайдалана алады және олардың сырт көрінісі неге олай екенін түсінетінін көрсете алады. Негізгі сөздер мен сөз тіркестері: көлік, ұшақ, кеме, отарба, машина Сөйлеу/жазу үшін қажетті пайдалы лексика: Талқылау тақырыбы : … Қандай көлік түрлерін білесіңдер? … Көліктердің бір бірінен қандай айырмашылығы бар? Көліктер мен жан-жануарлардың қандай ұқсастығы бар? Сөйлеу/жазу үшін қажетті пайдалы сұрақтар? ...Саяхатқа қандай көлікпен шыққыларың келеді? ...Таңдаған көліктеріңмен қай жерге саяхатқа шыққыларың келеді? | ||||||||||
Алдын ала қажетті білім | Пейзаж, перспектива, көркем материалдардың қасиеті, басу техникасы, (монотопия) аралас техника, бетперде. көліктер | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақ кезең дері | Сабақтағы жоспарлы әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 0-3 минут 4-6 Сабақтың ортасы 7-17 18-38 39-42 42-45 | 1 Ұйымдастыру Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 2. Қызығушылықты ояту. Жұмбақ жасыру. 1.Бір жануар домаланған екі көзді, Адамның ықпалымен жүреді өзі. Сыяды ішіне оның төрт-бес кісі, Жарқырап түнде жортса екі көзі. (Жеңіл машина) 2.Құс сияқты, құс емес, Самғап ұшқан биікке. Қанаты бар қақпайды, Жүрсе де сондай биікте. (Ұшақ) 3. Жүйткіген дәу үйінде, Жүйрік деп ел сүйсінді. Тас жолда жұртты тасып жүр, Жылдамдыққа басып жүр. (Автобус) 4. Үйрек емес, қаз емес, Балық емес судағы, Өзі жүзе біледі. Жемі көмір және май, Шешуін кім біледі? ( Кеме) Жұмбақты шешу барысында көліктердің дыбыстарын аудиожазбадан тыңдату. 3. Жаңа сабақ. 1.Бүгінгі сабақта біз таңғажайып көліктермен саяхат жасаймыз. Жеңіл машина, ұшақ, автобус, кеме барлығын бір сөзбен қалай атауға болады? Ендеше осы көліктер туралы қандай мәліметтер білеміз? Көлік-адамдарды бір жерден екінші жерге апаратын құрал. Тағы қандай көлік түрлерін білесіндер? Оқушылар көліктер: әуе көлігі, су көлігі, құрлықтағы көлік, жер асты көлігі болып бөлінеді. Оларға қандай көліктер жататынын сұрау. Көліктер мен жан-жануарлардың қандай ұқсастығы бар? Көлік- транспорт- transport Оқушыларға 3 тілде қайталатып айтқызу. 5.Дәптермен жұмыс: Таңғажайып көлік түрлерін ойдан салуға ұсыныс жасау. Жұмысты аяқтаған соң салған ғажайып көліктерінің қалай жүретінін және қандай дыбыс шығаратынын сұрау. Өз жұмыстарын қорғау. Рефлексия. Бүгінгі сабақ ұнады ма? Ұнаса бас бармағымызды жоғары көтереміз. Ұнамаса төмен қаратамыз Уйге: Дәптердегі тапсырманы орындау. | Мұғалімнің альбомы Оқушылар дың альбомы Көліктің аудиожазбасы Көлік түрлері бейнелерінің қатары: жер үсті, әуе, су, су асты, жер асты. «Құтқарушылар»мультфильмінің үзіндісіне сілтеме: | |||||||||
Сабақтың соңы | Құрал-жабдықтарды жинастырамыз. | ||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Жіктемелеу – балаларға қалай барынша көп қолдау жасауды жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз? Шығармашылық тапсырма нәтижелерін жіктемелеу. Зерттеу міндеттерін үлгілеуді мұғалім альбомын көрсету жолымен жүзеге асыру. Мұғалім қажетіне қарай басшылық жасап, қолдау көрсетеді. Оқушылардың бір-біріне көмектесуі арқылы бірлескен жұмысына қолдау көрсету. | Бағалау – материалды оқушылардың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыстар және қауіпсіздік АКТ – мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) Музыкамен байланыс (музыкамен сүймелдеу), ғылыммен (материалдарды зерттеу) және оқу бағдарламасына сүйену (пішінді зерттеу). Топпен жұмыс жасау, пікірлерін құрметтеу. | |||||||||
Рефлексия Сабақтың мақсаты/ оқыту мақсаты жүзеге асты ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сабақ ахуалы қандай болды? Жұмысқа жіктемелі қарау өз нәтижесін берді ме? Белгіленген мерзімге үлгердіңіз бе?Өз жоспарыңызға қандай өзгеріс енгізер едіңіз және неліктен? | Осы бөлімде сабақтың рефлексиясы ретінде пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз жөнінде сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз. Оқушылар сабақтың мақсаттарына жетті, ойдан шығарылған көлік әмбебап болып, аспанда ұшып, жер мен судан өте алады, жаңа бөлшектері бар қызықты нобайлар жасалынды. Сабақтағы жағдай шығармашылыққа толы болды, оқушылар белгілі көлік түрлерінің таңғажайып көлік түрлеріне айналу мүмкіншіліктерін жанды талқыға салды. үлестірме материал болашақ көлікті елестетіп, шағармашылық ойларды дамытуға көмектесті. Сабақты уақытында тәмамдадым, |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?