Ғарышқа саяхат. Көркем еңбек, 1 сынып, сабақ жоспары.


Бекітемін:

21-сабақ. Ғарышқа саяхат

Мектеп: Ж. Мырзағалиев атындағы орта мектеп

Кіріктірілген сабақ

Күні: 19. 02.16ж

Мұғалімнің аты-жөні: Қайрбаева Бибісұлу Қуанышқызы. Ұлжан Кабулова Лұхпанқызы

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаты

1.3.3.1 Өз жұмысына қарапайым пікірлер тұжырымдау

1.1.5.1 Формалар мен бұйымдардың қалай және не үшін жасалғанын түсіну

1.2.2.1 Техникалардың, материалдар мен құралдардың, сонымен қатар сурет салуға арналған материалдар қасиеттерімен тәжірибе жасай отырып, қарапайым тәсілдерін зерделеу және қолдану

1.2.1.1 Қоршаған ортадағы кейбір визуалды элементтерді пайдалана отырып, өз идеялары мен сезімдерін білдіру үшін қарапайым тәсілдерді ажырату

1.3.1.1 Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл күйін анықтау.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар:

• бояулармен,қарындаштармен жұмыс жасайды, түсті қағаздан қиып алады;

•бояулар мен қарындаштарды, түсті қағаздарды нысанмен бетті жасау үшін пайдаланады.

Көпшілік оқушылар:

• сурет салу жəне қағаздан қиып алу кезінде көркем материалдармен мақсатты түрде жұмыс жасайды;

•сызықтармен пішіндерді ажыратып пайдаланады жəне шығармашылық таңдау жасайды.

Кейбір оқушылар:

• сурет салу жəне қағаздан қиып алу кезінде таңдауын түсіндіре отырып көркем материалдармен мақсатты түрде жұмыс жасайды;

•сызықтармен пішіндерді ажыратып пайдаланады жəне шығармашылық таңдау жасайды.

Тілдік мақсаты

Оқушылар: айналадағы заттардың қасиетін сипаттау үшін сын есімдерді пайдалана алады және олардың сырт көрінісі неге олай екенін түсінетінін көрсете алады.

Негізгі сөздер мен сөз тіркестері: Ғарыш,ғаламшар,ғаламшарпішіндеріменфактурасы,көгілдір,көк, ашық, күңгірт

Сөйлеу/жазу үшін қажетті пайдалы лексика:

Талқылау тақырыбы :

… Ғарыш деген не? Ғарыштың түсі қандай?

Телескоп бізге не туралы айтып бере алады?

… Сен неше планетаны білесің?

Сөйлеу/жазу үшін қажетті пайдалы сұрақтар?

... Неге екенін айта аласың ба…?

... Қазақстандық ғарышкерлерді білесің бе?

Алдын ала қажетті білім

Пейзаж, перспектива, көркем материалдардың қасиеті, басу техникасы, (монотопия) аралас техника, бетперде. көліктер, ғарыш, ғаламшар композиция

Сабақ барысы

Сабақ кезең

дері

Сабақтағы жоспарлы әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 Ұйымдастыру Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Қызығушылықты ояту. Саламатсыздар ма оқушылар! Бүгін көңіл күйлеріңіз қалай? Көңіл-күйіміз жақсы болса бас бармағымызды көтеріп бір-бірімізге қарап күлімдейміз. Бүгінгі сабағымыз ерекше. Өйткені музыка пәнімен байланыстырып өткіземіз.

Ғарыш туралы бейнетаспа көрсетіп ғарыш дыбысын тыңдату

3. Жаңа сабақ. Біз бейнетаспадан қандай көріністі көрдік?

Олай болса бүгінгі сабағымызда Ғарышқа саяхат жасаймыз

Ғарыш деген не? Күнжүйесінде қандай ғаламшарлар болады?

Күнді айнала қозғалатын тоғыз ғаламшар бар. Олар Меркури, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун. Плутон (суретін көрсету)

Біз барлығымыз Күннің түсі сары деп ойлаймыз. Ал шынында, ол ақ түсті екен.

Сабақтың ортасы

Күнжүйесінде тоғыз ғаламшар бар екенін қалай біліп отырмыз?

Ал осы ғарышты зерттеу үшін немен ұшып баруға болады?

Телескоп бізге не туралы айтып бере алады?

Зерттейтін кімдер?

Қазақстандық ғарышкерлерді білесіңдер ме?

-Тоқтар Әубәкіров. Талғат Мұсабаев. Айдын Айымбетов суреттерін көрсету.

Енді Музыка пәнінің мұғалімі Ұлжан Лұхпанқызына кезек беремін.

Талғат Мұсабаев ғарыштан теледидар арқылы байланысқа шыққанда миллиондаған халықтың сезімін тербетіп Абайдың «Көзімнің қарасы» атты әнін шырқаған. Енді осы әнді бәріміз қосылып шырқап көрейік.

«Көзімнің қарасы» Абайдың әніКөзімнің қарасыКөңілімнің санасыБітпейді іштегіҒашықтық жарасыҚазақтың данасыЖасы үлкен ағасы"Бар" демес сендей бірАдамның баласыЖылайын, жырлайынАғызып көз майынАйтуға келегндеҚалқама сөз дайын

Ән қандай көңіл күйде орындалды?

Енді бүгінгі сабағымыздың негізгі сөздерін 3 тілде айтамыз.

Ғарыш – космос –space Ғарышкер-Космонавт- Astronaut

Композиция-Композиция-Composition

Оқушыларға 3 тілде қайталатып айтқызу.

4.Дәптермен жұмыс: Олай болса Ғарыш әлемінің аппликациясын шашырату техникасымен жасаймыз.

Шашырату техникасымен бояу үшін әр бөлшегін қиып дайындап алу:

1 Ғарыштық пішіндер сал. Оларды қайшымен қиып ал.

2. Қиып алынған пішіндерді бір-бірлеп қара түсті қағаз бетіне қой

3. Жұмыс істегенде абай бол

4. Жұмысты шашырату техникасымен аяқта.

5. Бояу кепкен кезде қағаз бетіндегі пішіндерді алып таста.

Аяқтаған жұмыстарын ортаға шығып көрсетіп, қорғау. Бір – біріне бағалату және смайлик арқылы бағалау.

5. Сергіту сәті. Оқушылар бейнетаспаны қарап би қимылдарын қайталайды.

Аяқтаған жұмыстарын ортаға шығып көрсетіп, қорғау. Бір – біріне бағалату және смайлик арқылы бағалау.

Рефлексия.

Бүгінгі сабақ ұнады ма? Ұнаса бас бармағымызды жоғары көтереміз. Ұнамаса төмен қаратамыз

Уйге: Дәптердегі тапсырманы орындау.

Мұғалімнің альбомы

Слайд

Оқушылар

дың альбомы

акварель, гуашь, қайшы, түсті қағаз, су құятын ыдыс, палитра т.б

Ғарыш

Туралы

бейнематериал

Сабақтың соңы

Құрал-жабдықтарды жинастырамыз.

Қосымша ақпарат

Жіктемелеу – балаларға қалай барынша көп қолдау жасауды жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?

Шығармашылық тапсырма нәтижелерін жіктемелеу. Зерттеу міндеттерін үлгілеуді мұғалім альбомын көрсету жолымен жүзеге асыру. Мұғалім қажетіне қарай басшылық жасап, қолдау көрсетеді. Оқушылардың бір-біріне көмектесуі арқылы бірлескен жұмысына қолдау көрсету.

Бағалау – материалды оқушылардың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар және қауіпсіздік АКТ – мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Музыкамен байланыс (музыкамен тыңдату), ғылыммен (материалдарды зерттеу) және оқу бағдарламасына сүйену (пішінді зерттеу).

Топпен жұмыс жасау, пікірлерін құрметтеу.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты/ оқыту мақсаты жүзеге асты ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сабақ ахуалы қандай болды? Жұмысқа жіктемелі қарау өз нәтижесін берді ме? Белгіленген мерзімге үлгердіңіз бе?Өз жоспарыңызға қандай өзгеріс енгізер едіңіз және неліктен?

Осы бөлімде сабақтың рефлексиясы ретінде пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз жөнінде сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу