Табиғаттағы өнер (таңғажайып арал-2). Көркем еңбек, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 В-бөлім: Қоршаған әлем

Мектеп: Көкшетау қаласы, Физика- математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сынып, күні: 1

Мұғалімнің аты-жөні: Шойынбекова Л.Н.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Табиғаттағы өнер (таңғажайып арал-2)

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

1.1.4.2

қоршаған ортаны және жекелеген формаларды бейнелеу барысында, дамыған кеңістік түсінігін көрсету

1.2.2.1

қарапайым тәсілдер арқылы, материалдар, процесстер және құралдарды пайдалана және тәжірибе жасай бастау, сурет салуға арналған құралдардың кейбір қасиеттерін зерттей бастау

 Сабақ мақсаттары

  • қайталама материалмен жұмыс істеуді және техника қауіпсіздігін сақтауды үйренеді;
  • қайталама материалдан ғажайып аралдың үлгісін жасауды үйренеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Пән лексикасы және терминология

жазық–плоский–flat;

көлемді – объемный–volume;

қайталама материал – вторичный материал – wastemateria;

табиғи материал–природный материал– natural material.

Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Бұл жұмысқа қандай материалдар қолданылған?
  • Суретші мұндай нәтижеге қалай жетті?

Неліктен…екенін айта аласыздар ма?

 Құндылықтары дарыту

Ынтымақтастық-сыныптастарымен ынтымақтаса жұмыс істеу;

Құрмет көрсету-жұмыс барысында бір-бірлеріне құрмет көрсетеді;

Еңбек және шығармашылық-шығармашылық жұмыс барысында еңбектенуге дағдыланады.

 Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе. Табиғи материалдың түрлері. Текстура мен құрылымды танып білу;

Дүниетану. Географиямен байланыс, түрлі ландшафт.

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта АКТ дағдылары қолданылмайды

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақта оқушылар табиғаттағы өнермен танысып, арал жасау үшін эскиздерін дайындады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Сабақтың ортасы

30 минут

  • Сабақтың басы, тақырыпты анықтау, сабақтың

мақсаттарын қою.

 Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақтың түрі: өткен сабақты жалғастыру.

Өткен сабақты еске түсіру үшін , оқушыларға сұрақтар қою:

Арал дегеніміз не?

Аралды қалай жасауға болады?

 Өткен сабақта біз қандай жұмыстар жасағанымыз жайында қысқаша айтып берулерін сұрау.

  • Түйінді сөздермен жұмыс (3 минут):

Оқушылармен түйінді сөздерді бірнеше рет хормен қайталап айту.

  Шығармашылық жұмысты бастамас бұрын оқушыларға техника қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде сақтау қажеттігін ескерту.

 Оқушылар жұппен жұмыс жасайтындықтан қайшымен жұмыс істеген кезде бір-бірлерінен алшақ тұру, қайшыны бір-бірлеріне берген кезде оқушыға сабы жағын бағыттап беру қажет.

 Желіммен, бояумен,ермексазбен жұмыс істеу кезінде де өздерін және сыныптастарының киімдерін былғап алмау үшін өте сақ және абай жұмыс істеу керек екендігін ескерту.

  • Шығармашылық жұмыс (27 минут):

 Оқушылар шығармашылық жұмыстарын бастайды. Мұғалім әр жұпқа аралдың негізі қатты болуы үшін 15*20 өлшемімен қатырма қағазын кесіп береді. Әр жұп өткен сабақтағы ойластырған эскиздері бойынша жұмыстарын бастайды. Оқушылар ең алдымен су жасайды. Су жасау үшін көгілдір түсті ермексазды, матаны, түрлі-түсті қағазды пайдалана алады. Егер де қандай да бір жұптар пальма ағашын жасайтын болса, әр түрлі материалдарды қолдана алады. Мысалы пластмасса бөтелкелерін немесе стақандарын, қарындашның сыртын ермексабен жабыстырып немесе т.б. нұсқаларын қолдануға болады. Мұғалім оқушылардың іс-әрекеттерін бақылап жұреді. Қажеттілігіне қарай көмек көрсетеді. Жұмыс барысында мұғалім жұптардың жанына барып не істеп жатқандарын сұрастырып, әңгімеге тартады. Егер оқушылар қандай да бір қиыншылықтармен кездесіп жатса, мысалы, пальмалары құлай беретін болса немесе тағы да бір мәселелер туындап жатса мұғалім оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды. Оқушыларға оларда қанша уақыт қалып жатқанын ескертіп отыру қажет. Оқушыларға жұмыс барысында жасап жатқан аралдарына атау ойластыруды ұсынуға болады.

Шығармашылық жұмыс барысында ақырын музыка қосып қою.

Қатты қағаз, желім, қайшы, ермексаз, мата, пласмассалы бөтелке, шынышқы, қасық, мақта және т.б.

Сабақтың соңы

7 минут

  • Бағалау, таныстыру(5 минут):

 Жұмысты аяқтап болған соң, оқушылар жұптарымен сыныптастарының алдында өз аралдары туралы ақпарат береді.

Мұғалім жұмыстарын бағалау үшін сыныптың артқы жағынан 2-3 партаны біріктіріп, дайындап қояды. Жұмысты аяқтаған жұп жұмыстарын бағалау партасының үстіне қойып, жұмыс орындарын жинастыады.

  • Рефлексия (2 минут):

Оқушылар жұмыс барысында қандай қиыншылықтарымен кездескені және жұмыстарында сәтті шыққан жағы жайында айтып береді.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралауды іске асыру үшін кейбір балаларға алдын ала қатырма қағазына үлгі дайындап қою және жеке көмек көрсету. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделірек бөлшектер жасауын тапсыру.

Мұғалімнің бағалауы

Шығармашылық жұмыс барысында оқушылар қойшымен, желіммен, әр түрлі бояулармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаттары дұрыс қойылған.

Оқушылардың барлығы дерлік ОМ жете алды.

Саралау дұрыс жүргізілді деп ойлаймын, себебі оқушылардың қабілеттерін бақылаған болатынмын және тапсырмаларды да балалардың қабілеттеріне байланысты тапсырдым.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды. Берілген уақытты жұмыстарын аяқтап үлгерді.\ауытқулар болған жоқ. Сабақ негізінен қызықты өтті, осындай тапсырмаларды орындау балаларға ұнады.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуы

2: Берілген тапсырмаларды өте жоғары қызығушылықпен орындауы

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылардың қарапайым дағдылары, яғни қайшы ұстау, желіммен жұмыс істеу сияқты дағдыларының төмендігі сабаққа шамалы кедергі болды.

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу