Қазіргі ғылымның перспективті салалары. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, дидактикалық материал.
ЖАҢА ӨНІМДЕРДІ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕОРИЯСЫ
-
03.03.2016
https://7kun.kz/zha-a-nimderdi-ndiru-tehnologiyalaryny-damu-teoriyasy/
Заманауи терең өзгерістерге бірінші болып бейімделген мемлекеттер ғана өз халқының өмір сүру деңгейін жоғары деңгейде сақтап қала алады және де мұндай мемлекеттердің бәсекеге қабілеті аса жоғары болады. Демек, ендігі кезде бизнес саласында пайда болатын идеяларды тиімді жолмен нарыққа енгізу, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару жолымен ұлттық экономиканы бәсекелі етіп елу елдер қатарына қосу біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды. Ендігі кезде Адам Смит өз уақытысында зерттеген ұлт байлығының заманауи көзі – инновациялар негізіндегі жаңа ақпараттық, ақылды экономика. Бұл жаңа кезеңді зерттеу елеулі ой талқысынан әлі де болса өтпегендіктен, әрбір ел бірдей межеден бастайды және мұны отанымыз үшін болашағы зор тарихи мүмкіндік ретінде қарауға тиіспіз. Ол үшін жаңа инновациялық өнімдердің коммерциализациясы сияқты мәселелердің теориялық және тәжірибелік астарларына үңілу керек. Мұнда экономикалық өсу мен дамуға қол жеткізу үшін ұлттық экономиканы толығымен жаңа рельстерге қою қажеттілігі микро деңгейден бастап, макро деңгейге дейін таралады.
Бүгінгі замандағы дамыған мемлекетті инновацияларды дамытпайтын ел ретінде көзге елестету мүмкін емес. Жете дамыған мемлекеттер жаңа өнімдер мен технологияларды ойлап табу, өндіріске енгізу мен коммерциализациялау салаларында да дамыған мемлекеттер болып табылады. Осы орайда отандық ғылым ұлттық экономиканың экономикалық өсу мен экономикалық дамуының, сондай-ақ республиканың ұзақ мерзімді стратегиялық басымдықтарына сай ұлттық қауіпсіздік пен экономиканың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етудің маңызды факторына айналу бағытын жасау мен іске асыру Қазақстан үшін өзекті мәселе болып саналады.
Осыған негізделе отырып, қазақстандық инновацияларды коммерциализациялауды жүзеге асырудың негізгі жолы – ғылыми сыйымды өндірістерді құру мен озық үлгідегі шетелдік тәжірибені пайдалану, ғылымның барлық ресурстарын тиімді пайдалануды жоғарылату арқылы ғана іске аспақшы.
Бұл мәселенің басты мақсаты инновациялық өнімнің идеядан соңғы тұтынушыға дейін жету жолындағы дамуын, кезеңдерін және коммерциализация үрдісін егжей-тегжейлі қарастыру болып табылады. Ол үшін дамыған капиталистік шет елдердің, атап айтқанда Канада, Испания мен АҚШ-тың ғылыми сыйымды өнімдерді даму сатылары бойынша ұйымдастыру, қаржыландыру, коммерциализациялау мен инвестиция тәуекелдерін мысал ретінде қарастыру міндеттері қойылады.
Сонымен қатар ғылыми сыйымды инновациялық өнімдерді өндіріске енгізгісі келетін жеке сектор үшін қажетті түсініктемелік ақпарат пен коммерциализация, өндірісте өндіру кезінде пайда болатын нақты мәселелерді шешуге бағытталады.
- ЖАҢА ӨНІМДЕРДІ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕОРИЯСЫ
- Технологиялық құрылыстар теориясы.
Қазіргі әлемде адамзат қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес жаңа сапалы өнімдерді жасау үшін еңбекті үнемдеу, өндірістік және өндірістік емес тұтынуға өндіріс шығындарын төмендету, шектеулі ресурстарды тиімді және үнемді пайдалану мәселелерін жиі ойлауда. Дәл осы шектеусіз, әр түрлі, бітпейтін қоғамдық қажеттіліктер адамзатты мұқтаждарды қанағаттандырудың жаңа және тиімді жолдары мен әдістерін іздеуге итермелейді. Адамзат үшін мұндай әдіс ретінде технологияларды құру болып табылады. Технологиялар түсінігі біртекті емес және ол аталған құбылыстың мәнін анықтауға деген әр түрлі бағыттармен байланысты. Технология бұл «өндіріс туралы ғылым» дегенді білдіретін грек сөзі («технэ» — шеберлік, «логос» — ғылым). Егер де алғашында технология термині шикізат пен материалды пайдалану әдістерін түсіндіру мен тұтынушылық және өндірістік өнімге айналдыру үшін туындаса, қазіргі кезде технология өте кешенді мағынаға ие. Бұл сөзбен тек қана шикізаттан өнімді техникалық өндіруді ғана белгілеп қоймайды, сонымен қатар оны педагогика, саясаттану, экономика сияқты адамның өмір сүруінің әр түрлі салаларында қолданады. Заманауи технология сөзінің түсінігі үш астарға негізделеді: мәндік, гнесеологиялық және басқарушылық.
Мәндік астар технлогия құралын (құрал, өндірістік үрдіс, қызметтің өзі, жалпы техникалық немесе гуманитарлық нақтылық) сипаттайды.
Гнесеологиялық астар технологияны қолданылатын білім тұрғысынан қарастырады.
Басқарушылық астар технологияны өмір сүрудің әр түрлі салаларында білімнің кез келген түрлерін мақсатты түрде қолдану деген түсінікпен сипатталады [1, 25-27 б]. Бұл үш астарды жалпылай отырып, технология – бұл білім мен еңбек құралдарын қолдану негізінде тәжірибелік мақсатқа қол жеткізу әдісі деуге болады. С.И. Ожегов пен Н.Ю. Шведованың түсіндірмелі сөздігінде «технология – өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік әдістер мен үрдістердің жиынтығы, сонымен қатар өндіріс әдістерін ғылыми сипаттау» деп түсіндіріледі [2, 123 б].
Технологиялық даму аясындағы көптеген зерттеулерді талдай отырып, екі өзгеше, бірақ та техникалық–экономикалық дамудың бірқалыпсыздығы феноменіне әсер ететін аса маңызды астарларды бөліп көрсетуге болады. Бұл әлеуметтік – экономикалық астар және технократиялық астар. Бұл екі астар бірін–бірі толықтырады және бір–бірін алмастырады. Бұл факторларды елемей, технологиялық дамуды қарастыру мүмкін емес, өйткені бұл күрделі үрдістің мәні жойылып кетеді.
Экономикалық жүйе өнімдер өндірістерінің жиынтығы бойынша ерекшеленетін шаруашылық қызмет салаларынан тұрады. Бірақ бұл салалардың әрқайсысы басқа технологиялық тізбектермен байланысты болады. Технологиялық тізбек дегеніміз – салалардың бір өнімі келесі сала өндірісі үшін шикізат болатын және ары қарай қосылған құн тізбегі бойынша шекті өнімге дейін жүретін технологилялық үрдіс. Осылайша, шикізатты өңдеудің бір технологиялық тізбегіндегі өзгерістер экономикалық деңгейлер бойынша басқа технологиялық тізбектердегі өзгерістердің қажеттілігіне немесе өзгерісіне әкеледі.[3]
Жаңа Технологиялық Құрылыстың (ТҚ) тиімді қызмет етуі тек жеткілікті ұдайы өндірістік контур жағдайында ғана мүмкін болады.
Жаңа ТҚ-ның туындауы қоғамның тұтынудың дәстүрлі типіне бағытталу жағдайында пайда болады.
Әрбір жаңа ТҚ өз дамуының ескі көлік инфрақұрылымы мен энергоұстаушыларды пайдаланады, сөйтіп олардың дамуына жаңа импульсті қалыптастырады және де ТҚ-ның тездетілген өсуінің фазасы ұза мерзімді қарқынмен салыстырғанда энергияны тұтынудың циклдік көбеюімен қатар жүреді. ТҚ-ның дамуы барысында ескі ТҚ-ның шектеулерін жеңетін инфрақұрылымның жаңа түрі құрылады , сонымен қатар келесі ТҚ-ның қалыптасуы үшін негіз салатын энергоұстаушылардың жаңа түрлеріне өту жүзеге асырылады. Жаңа ТҚ технологиясы таралуының алғышарттары сәйкес энергетикалық база, конструкциялы материалдар мен инфрақұрым дамуының белгілі бір деңгейі болып табылады.
ТҚ-ның өмірлік циклі төрт фазадан тұрады: қалыптасу, өсу, пісіп-жетілу мен құлдырау және пульсацияларға тән нысанға ие болады. Бірінші кішігірім пульсация, ол қалыптасу фазасына сәйкес келеді, онда ТҚ-ны құраушы өндірістің кеңеюі алдыңғы ТҚ-ның ұдайы өндірісінің басымдылығымен анықталатын қолайсыз экономикалық ортада жүзеге асырылады. Бұл фазада ТҚ-ның дамуы оның құраушы технологияларының салыстырмалы тиімсізділігімен, сонымен қатар алдыңғы ТҚ-ның ұдайы өндірісімен байланысты шаруашылық ұйымдар мен институттардың қарсыласуымен шектеледі. ҰӨК-тің қалыптасуымен және сәйкес институцияналдық өзгерістер жағдайында ғана жаңа ТҚ-ның тез кеңеюі үшін жағдайлар жасалады, ол екінші – үлкен пульсация нысанына ие болады.
Жаңа ТҚ-ның қалыптасу фазасында оның базистік технологияларының көптеген варианттары болады. Шектеулі ресурстар үшін қатаң бәсеке бірнеше ең тиімді нұсқауларды таңдауға әкеледі. Жаңа ТҚ-ның өсу фазасымен қатар жүретін оған сәйкес қоғамдық қажеттіліктердің өзектілік жағдайында оның базистік өндірістерінің дамуы жаңа технологияны игерген кейбір ұйымдарда жинақталған әмбебеп модельдерінің кейбіреуін шығаруды арттыру жолымен жүргізіледі.[4, 55б]
Нәтижесінде жаңа ТҚ-лар технологиясының құраушыларының тиімділігі артады, дәстүрлі ТҚ-ның орнын басумен барлық қоғамдық өндірістің тиімділігі артады. Кейіннен сәкес қоғамдық қажеттіліктердің қанығуы нәтижесінде, тұтынушылық сұраныс пен қарастырылып отырған ТҚ-ның өніміне деген бағаның төмендеуі, сонымен қатар жетілдірудің техникалық мүмкіндіктерінің бітуі мен оның өндірістерінің құраушылардың азаюы нәтижесінде қоғамдық өндіріс тиімділігінің артуы баяулайды. Келесі ТҚ-ның туындауы фазасымен сәйкес келетін, аталған ТҚ-ның өмірлік циклінің қорытынды фазасында өсу қарқындарының ары қарай төмендеуі, сонымен қатар қоғамдық өндіріс тиімділігінің, әр түрлі құрылымдық арақатынастары мен пропорцияларының құбылулары қайталанады.
Жоғарыда қарастырылып өткен технологиялық дамудың күрделі ішкі құрылымына байланысты мұндай үзілуді жеңу қиынға түседі. Белгілі бір уақыт аралығы өткеннен кейін, нашар дамыған елдер үшін әлсіз бәсекелік қабілеттілікке байланысты ары қарай даму мүмкіндігі болмайды.[6, 5-7б]
Осылайша, технологиялық үзілудің сипаттамасы, тек қана бір ел деңгейінде үздіксіз дамудың қажеттілігін ғана сипаттамайды, сонымен бірге теңдестірілген ғаламдық дамудың қажеттілігін сипаттайды, және прогреске шектеулі жер ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты маңызды фактор болып табылады. [7, 9б]
Ақ жол №71, 3 мамыр, 2007ж.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Кубаев К.Е. Жаңа технологияларды комерциализациялау. Оқу құралы. Алматы 2008
- Ожегов С.И. Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка. – М.: Азбуковник, 1999
- Risk Management and Technology R&D // Anne-Marie Borbely-Bartis. – 2005. – Pacific Northwest National Laboratory. U.S. Department of energy. sciencesearch.defra.gov.uk
- Оппенлендер К. Технический прогресс .-М.: Прогресс, 1981
- Көккөзова М.Б. Жаңа технология – заман талабы.
- Мансуров Т. Әлем біздің әлеуетімізден тануға тиіс. // Егемен Қазақстан.- 2007. — 19 маусым.
- Ертісбаев Е. Жеті жобаның жаңалығы жеткілікті. // Егемен Қазақстан.- 2007. — 1 желтоқсан.
- Дәулетова А.М. ҚР 2003-2015 жж. Индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясы. Астана, 2008. Стратегия индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003–2015 годы (government.kz).
- Программа Правительства Республики Казахстан на 2006–2008 годы (government.kz).
- Экономика предприятия /под. ред. Беа Ф., Дихтла Э., Швайтцера М. – М.: ИНФРА-М, 2001.
- Е.В.Арсенова. Я.Д.Балыков. И.В.Корнеева. Экономика предприятия: Учебное пособие под ред. Н.А.Сафронова — М.: Юристь, 1999
- Экономика предприятия /Под. ред. Кантора Е.Л. – СПб.: Питер, 2002
- Статистический ежегодник 2007 (Агентство РК по статистике).
- Экономика предприятия / Мокий М.С., Скамай Л.Г., Трубочкина М.И. – М.: ИНФРА-М, 2002
- Экономика промышленного предприятия. Практикум / Зайцев Н.Л. – М.: ИНФРА-М, 2001
- Экономика предприятия /под. ред. Ревенко Н.Ф. – М.: Высшая школа, 2007.
- Микроэкономика / Пиндайк Р., Рубинфельд Д. – М.: Дело, 2001
- Экономика предприятия /под. ред. Сафронова Н.А. – М.: Юристъ, 2002.
- Индустриально-инновационное развитие Республики Казахстан. Справочный материал (kazembassy.ru).
- Егемен Қазақстан, Азат БЕТЕКБАЕВ («Инжиниринг және технология трансферті орталығы» АҚ президенті), 2009 1 мамыр
- google.kz
- stat.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?