Неліктен ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-тағы қара нәсілді халықтың азаматтық құқығы үшін қозғалысы күшейе түсті? Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, презентация, 1 сабақ.
Дэрэм, Солтүстік Каролина штаты. Ақтарға арналған кафенің кіреберіс есігі. Қараша, 1939 ж
Манчестер, Джорджия штаты. Ақ және қара нәсілді адамдарға арналған бөлек күту бөлмелері бар теміржол вокзалы. Мамыр, 1938 ж
«Ақ және қара» адамдарға арналған бөлек қолжуғыштар.
Лилэнд, Миссисипи штаты. Қара нәсілді адамдарға арналған "Рекс" кинотеатры. Маусым, 1937 ж.
Дэрэм, Солтүстік Каролина. Тек ақ қыздарға арналған көше дәретханасы. Мамыр, 1940 ж.
Мемфис, Теннесси. Автобус аялдамасының үстінде «Тек ақтарға арналған» деген белгі тұр. 1943 жылдың қыркүйек айы
Автобустағы жазу: «Қара нәсілді адамдардың орындары салонның артқы жағында»
Сабақ тақырыбы:Неліктен ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-тағы қара нәсілді халықтың азаматтық құқығы үшін қозғалысы күшейе түсті?
Сабақтың мақсаты:
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы АҚШ-тағы қара нәсілді популяцияның жағдайын, сонымен қатар ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-тағы азаматтық құқықтар үшін күрес себептерін анықтау.
Дискриминация
бұл адамға деген теріс немесе біржақты көзқарас немесе қандай да бір белгінің болуы негізінде белгілі бір құқықтардан айыру.
Сегрегация
бұл күнделікті өмірдегі адамдарды нәсілдік, этникалық немесе басқа да топтарға мәжбүрлеп бөлу.
АҚШ-тағы нәсілдік сегрегация - бұл АҚШ-тың ақ халқын басқа этникалық топтардан (негізінен қара нәсілді адамдардан және үндістерден) бөлу.
Ол әртүрлі әлеуметтік кедергілер арқылы жүзеге асырылды: жеке оқыту және білім беру, қоғамдық көліктерде шектеу көрсетіп отырғызу (ақтар – алдыңғы жақта отырады), бөлу және т.б.
Ақпараттық карточкаларды талқылауға арналған сұрақтар:
Бұл ережелерде қара нәсілді халық үшін қандай құқықтар бұзылған?
Әлемдік тәжірибеде қандай оқиғалар АҚШ-тың қара нәсілді халықтарының өз құқықтары үшін күресуді бастауына әсер етуі мүмкін еді?
Бейнежазбамен жұмыс (1-ден 10-шы минутқа дейін).
ХХ ғасырдың ортасында Америка Құрама Штаттарындағы қара нәсілді адамдар үшін сегрегацияға қарсы күресте кім үлгі болды?
Наразылық білдірушілер өздерінің күресінде «бейзорлық саясаттың» қандай әдістерін қолданды?
АҚШ-тағы анти-сегрегациялық қозғалыстың жетекшісі кім болды?
Рефлексия.
Сабақ тақырыбының негізгі идеясын білдіретін бір түйінді сөзді атаңыз.
Үй тапсырмасы:
1. Бейнежазбаны соңына дейін көру (12-ден 25-ші минутқа дейін), сонымен қатар «Афро- американдықтардың өз құқықтары үшін күресінің негізгі сәттері» атты қосымша ресурсты оқу;
2. «Жергілікті және жаһандық контекстінде қара нәсілді адамдардың азаматтық құқықтары үшін қозғалыстың үдеуіне қандай факторлар әсер етті» концепт-картасын жасау және оған қорытынды жазу.
Пайдаланылған ресурстар:
Суреттер (ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы нәсілдік дискриминация)
https://telegraf.com.ua/mir/usa/1359806-rasovaya-diskriminatsiya-obyidennost-pervoy-polovinyi-xx-veka-foto.html/4/
ХХ ғасырдың ортасына дейінгі Америка Құрама Штаттарындағы афро-американдықтардың жағдайы
http://ourglobe.ru/content/view/151/40/
Афро-американдықтардың өз құқықтары үшін күресінің негізгі сәттері
https://bigpicture.ru/?p=431710
«Қара нәсілді халықтардың азаматтық-құқықтық қозғалысы» бейнебаяны
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?