Шарль де Голль: Франция ұлылығының қайта жаңғыруы. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, дидактикалық материал.


ШАРЛЬ ДЕ ГОЛЛЬ

Кәрі тарихта Францияның өркендеген және құлдыраған кездері де болды. Император Наполеон Бонапарттың кезінде елдің дамығаны соншалық, әскери күш-қуаты артып, күллі Еуропаны жаулап, қол астына қаратты. Ресейден ғана тауы шағылып, шегінген еді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Францияның әлеуеті мүлдем төмен түсіп кетті де, есесіне шығыстағы көршісі Германия ерекше қарқынмен дами бастады. 1933 жылы үкіметке Адольф Гитлер бастаған фашизм келіп, ел экономикасының көп бөлігін жаппай қаруландыруға жұмсады. Фашизм 1940 жылға дейін Англиядан басқа Еуропа елдерінің көп бөлігін жаулап алды. Сол елдердің бірі Франция да соғыс қару-жарағының әлсіздігінен Германияға тізе бүкті. Енді Францияға фашизмнен құтқаратын ерік-жігері күшті, батыл шешімдер қабылдайтын жан керек болды. Ондай жан Шарль де Голль еді. Франция халқы күні бүгінге дейін оны Отанды жаудан қорғап қалған «генерал де Голль» деп атайды. Кейіндеу Францияның президенті қызметіне сайланып, отар елі Алжирдің тәуелсіздігі жөніндегі күрделі мәселелерді басын қауіпке тіге отырып оң шешкен. Елдің ішкі және сыртқы саясатын жүргізуде ұтымды қадамдар жасап, экономикасын көтерді.

***

Кәрі тарихта Францияның өркендеген және құлдыраған кездері де болды. Император Наполеон Бонапарттың кезінде елдің дамығаны соншалық, әскери күш-қуаты артып, күллі Еуропаны жаулап, қол астына қаратты. Ресейден ғана тауы шағылып, шегінген еді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Францияның әлеуеті мүлдем төмен түсіп кетті де, есесіне шығыстағы көршісі Германия ерекше қарқынмен дами бастады. 1933 жылы үкіметке Адольф Гитлер бастаған фашизм келіп, ел экономикасының көп бөлігін жаппай қаруландыруға жұмсады. Фашизм 1940 жылға дейін Англиядан басқа Еуропа елдерінің көп бөлігін жаулап алды. Сол елдердің бірі Франция да соғыс қару-жарағының әлсіздігінен Германияға тізе бүкті. Енді Францияға фашизмнен құтқаратын ерік-жігері күшті, батыл шешімдер қабылдайтын жан керек болды. Ондай жан Шарль де Голль еді. Франция халқы күні бүгінге дейін оны Отанды жаудан қорғап қалған «генерал де Голль» деп атайды. Кейіндеу Францияның президенті қызметіне сайланып, отар елі Алжирдің тәуелсіздігі жөніндегі күрделі мәселелерді басын қауіпке тіге отырып оң шешкен. Елдің ішкі және сыртқы саясатын жүргізуде ұтымды қадамдар жасап, экономикасын көтерді.

***

Шарль де Голль жас кезінде Сен-Сиредегі әскери мектепке оқуға түсті. Мұнда курсанттар күн сайын армиядағыдай қатаң әскери дайындықтан өтетін. Шарль де Голльдің өзі құралпы балалардан ерекшелігі бойының ұзындығы мен мұрнының үлкендігінде еді. Таңертең сапқа тұрғанда басқалар алдыңға жақта тұрған соған қарап бой түзейтін. Құрдастары оның ұзын бойына қарап «длинной спаржей», үлкен мұрнына қарап «сирано» деп әзілдеп жүрді. Ол өзгелерден өзін жоғары ұстайтын да. Көпшіл де емес еді. Сондықтан болар әскери мектепте сырлас достары да өте аз болды. Бірақ оқытушылары оның кітаптан бас алмайтынын, әрі француз армиясының құрылымына сын көзбен қарайтынын байқап жүрді.

Де Голль 1912 жылы әскери мектепті бітірген соң, кіші лейтенант шенінде Францияның солтүстік жағындағы 33-ші жаяу әскер құрамына жіберілген. Осы жерде ол өзіне үлкен ықпал еткен полковник Филипп Петенмен танысып, кейін онымен араздасып қалған. Әскери карьерасын кеш бастаған Петен жуырда ғана полк командиріне тағайындалған еді. Ол бастапқыда жас лейтенанттың зеректігін байқап, ерекше көңіл бөлді. Әскери талантын күннен күнге шыңдай түскен Де Голль аз жылдардың ішінде-ақ жаттығуларда, сондай-ақ әдіс-тәсіл қолдануда бірқатар көрсеткіштер бойынша ұстазын басып озды. 1914 жылы, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде, 20 жасар де Голль Шарл Ланрезак басқарған 5-ші армия құрамында Динан жанындағы ұрысқа алғаш рет кірісті. Алайда жараланып, госпитальға емделуге жіберілген. Онда жазылып шыққан соң соғысқа қайта оралады. Оны барлау бөліміне ауыстырып, маңызды тапсырмаларды орындауға жұмсаған. Германия әскери базасынан аса маңызды мәліметтер түсіргені үшін капитан атағы берілді. 1916 жылы Верден маңындағы шайқаста ол тағы ауыр жараланып, есінен танып жатқан жерінен тұтқынға түседі. Алайда француздар оны өлдіге санап, отбасына: «Капитан де Голль өз солдаттарымен қоршауға түсіп қалса да жанкештілікпен соғысты. Ол баршамызға үлгілі жауынгер болды» деген хабар жіберген.

Де Голль әскери тұтқындар лагерінде бес рет қашуға әрекет жасайды. Бірақ бесеуінде де сәтсіздікке ұшыраған. Қашып шығуына бойының ұзындығы да кері әсер етті. Қаша берген соң оны лагерден лагерге ауыстырып отырды. Ең соңында бавардың Ингольштат қорғанындағы 9-шы қашқындар бөлігіне жайғастырды. Ол сол лагерде Ресейдің қолға түскен офицері Михайл Тухачевскиймен танысады. Тухачевский оның жабыраңқы жүзіне қарап: «Қаймыға берме, біздің болашағымыз алда», - деп үміттендіріп жүрді. Ал ол болса жуықта соғыстың бітетінін, елге оралатынын айтқан. Де Голль соғыс аяқталған кезде, 32 айдан соң тұтқыннан босатылған. Бір жылдан соң де Голль Польшаға әскери кеңесші етіп жіберіледі. Ол сондағы әскери училищеде сабақ бере жүріп, Советтік Россия әскерімен соғысып жатқан поляк жауынгерлеріне әскери нұсқаушы ретінде шайқасқа араласқан. Тағдырдың соқтықпалы соқпағына не дауа. Де Голль Польша жеріндегі Қызыл Армиямен соғыста Тухачевскиймен бір-біріне жау ретінде қайта ұшырасқан. Польша үкіметі оның Варшаваны қорғаудағы көмегін жоғары бағалап, медальмен марапаттады. Ол 1922 жылы Польшадан оралған соң, тәтті тағам шығарушының қызы Ивонн Вандруды бір көргеннен ұнатып, көңілді кештерге шақырады. Де Голльдің бір осал жері билей алмайтын. Ол қызбен оңаша отырып, сөйлесіп жүреді де 1921 жылы 21 сәуірде «Святой Девы» кафедральды соборда некелерін қияды. Ерлі-зайыптылыр үш баланы өмірге әкелген. Ол Сен-Сире әскери мектебінде тарих пәнінен сабақ беріп жүріп, Париж әскери академиясына оқытушы болып ауысады. Онда байырғы ұстазы Филипп Петен сабақ беретін. Ол өзінің дәрістерінде оқу орнының басшыларына жаға бермейтін мәселелерді қозғап жүрді. Сондай-ақ ол «төңкерісшіл» әскери идеяларды және соғыс әдістері мен айлалары бойынша әр алуан әскери бөлімдердің бірлесе қимылдауы жөнінде теориялық дәрістер оқыды. Оның бұл өзімбілемдігі академия басшыларының көңіліне жақпады. Де Голль өзіне оларды қарсы қоя отырып, алған бетінен қайтқан жоқ. Армия басшылығы да оның тым өзімшілдігін жақтырмады. Соның салдарынан ол тиісті әскери атақтарын да өзгелерден кейін алып жүрді.

1927 жылы де Голль жаяу әскер полкінің командирі болып тағайындалып, Германияның Рейн облысына жіберіледі. Ол сол кезде-ақ Австрия Германия басшылығы Польшаға шабуылдайтынын алдын-ала айтқан болатын. Әскери академияда оқыған дәрістері негізінде ол «Мылтық қанжарының ұшымен» және «Болашақтың армиясы» атты кітаптарын жарыққа шығарды. Ол бірінші кітабында әскери басшының қасиеттерінің қандай болуы керектігін талқыға салады. Сонымен бірге жаяу әскердің әуе күштері мен танкі шабуылынан кейінгі әрекеттеріне, қорғаныс қимылдарына да кеңінен тоқталған. Алайда оның бұл теориялық еңбектерін армия басшылығы қолданысқа ендірмейді. Оны екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс армиясы жүзеге асырды. Де Голль сонда да өз әскери теориясынан қайтқан жоқ. «Армияның болашағы» (1934 жыл) атты екінші кітабында алдағы соғыста авиация мен танкі әскерлерінің шешуші ролін, сондай-ақ солдаттардың кәсіби дайындықтары жөнінде жазған. Өкінішке қарай, оның бұл идеясы да француз генералитетінен қолдау таппайды.

1937 жылы де Голльге полковник шені беріледі. Сол жылы ол өзінің бұрынғы ұстазы, кейін қорғаныс министрі болған Филипп Петенмен ұрсысып қалған. Оған мына бір жағдай себепші болады. Петен өзінің кітабын шығармақшы болады да, жазуға шорқақ болған соң да Голльдің көмектесуін өтінген. Де Голль қарсы болмайды. Кітап дайын болса да Петен оны баспаға бермей ұстап отырған. Кітапты жазған де Голль екенін жұрт біліп қоюы мүмкін. Голльдің өз ойынан қосқан соғыс тәсілдерімен мүлдем келісе алмаған. Арада біршама уақыт өткен соң, де Голль онымен келісе отырып кітапты «Франция және оның армиясы» деген атпен жарыққа шығарады. Петен кітаптың алдын-ала келісімнен бөлектеу болып шыққанын көріп, қатты ашуланып, оны қолдап отырудан бас тартқан. 1939 жылы де Голль 5-ші танкі армиясы топтарының қолбасшысы болып тағайындалды. Көп кешікпей де Голль алдын ала айтқандай Германия Польшаға шабуыл жасап, екінші дүниежүзілік соғыс басталады.

Француз үкіметі соғыстағы танкінің ролін жете бағалаған жоқ. Оған себеп министр Петен де Голльді жек көргендіктен оның армияны танкімен жарақтандыру жөніндегі идеясын дер кезінде қолдамады деген пікір бар. Бұл уақытта француз командованиесі де Голльдің идеясынан бөлекше генерал Мориса Гамеленнің қорғаныс доктринасын қабылдап қойған болатын. Германиямен арадағы шекараны күшейту үшін Петен ұзындығы 400 шақырымға созылған «Мажино сызығы» атты қорғаныс шебін құруға бұйрық берген. Солай «окоп» соғысы теориясына арқа сүйеген Петен герман қатерінің бетін қайтарудың басқа іс-шараларына аса мән бермеді. Немістер сол шекара шебіне жақындап келіп қалған еді. Бұл кезде герман армиясы Польшаны, Данияны және Норвегияны басып алған болатын. 1940 жылдың мамырында Германия әскері Голландия мен Бельгияға баса көктеп кірді. Бұған жауап ретінде Франция мен Англия да армияларын Бельгияға кіргізген. Алайда немістер «Мажино» қорғанысын солтүстік жағындағы Арденн таулары арқылы айналып өтіп, бірнеше дүркін шабуыл жасап, француз жеріне баса-көктеп кірді. Немістер негізгі күшті танктеріне салған және бұл ұтымды шықты да. Олар де Голльдің жаяу әскер, авиация, танкі бөлімдерінің бірлесе ұрыс қимылы жасау туралы теориясын тамаша қолданып, үлкен жеңіске жетті. Ал француздарда соғысқа дейін бар жоғы екі-ақ танкі полкі болды. Олар танкінің ролін кейіндеу түсініп, көптеп шығара бастағанда уақыттан кеш қалған еді. Сол жылы де Голль 4-ші танкі дивизиясының командирі болып тағайындалғанда, оның қарамағында небәрі 150 танкі ғана болды. Соның өзінде ол 17-19 мамыр күндері Вильгельман фон Леебаның танкі тобына оңтүстік жағынан үш рет соққы беріп шегінуге мәжбүр етті. Бұл француз армиясының сол соғыстағы жалғыз ғана жетістігі болып саналды. Батырлығы мен тапқырлығы үшін Поля Рено үкіметі де Голль қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындап, Парижге шақырды. Ал бұл кезде неміс армиясы кең көлемде шабуыл бастаған еді. 1940 жылы 28 мамырда Белгия жеңілгенін мойындады. Ал 14 маусымда немістер Парижді басып алды. Петен немістермен келісім жөнінде шартқа қол қойып, Францияның оңтүстігіндегі шағын қала Вишиде жаңа кабинетін құрды. Содан бастап француз үкіметі әр ісіне Германияның рұқсатымен кірісетін болды. Үш күннен соң де Голль британ әскери ұшағымен Англияға барған. Өйткені оның ұлттық күрескер ретінде Францияда қалуы өміріне қауіпті еді. Сонда британ премьер-министрі Уинстон Черчилль оны жылы қабылдап: «Кішкентай ғана ұшақ Францияның үлкен мақтанышын алып келді» деп әзілдеген екен. Бірақ артынша оның де Голльге қарым-қатынасы мүлдем өзгеріп шыға келді.

Де Голль әуелі Франция аймағына хабарын тарататын британ радиосынан эфирге шығаруды талап етті. 18 маусымда оның француз халқына үндеуі эфирден таралды. Ол «Ерікті Франция» ұйымын құру туралы хабарлады. Петен кабинеті оны қашқын ретінде сырттай өлім жазасына кесті. Француздардың шын патриоттары де Голльдің үндеуіне құлақ асып, «Сопротивление» қозғалысы ұйымына мүше болып кіріп, барлық бағытта күрестерін бастады. Көп кешікпей француздар де Голльді «18 маусым адамы» деп атап, жаумен соғыста оны ержүрек күрескердің символына айналдырды. Алайда жоғары командование үшін ол армиядан қашқан және Отанын қалдырған қашқын ғана болды. Сондықтан үндеуіне құлақ асқан да жоқ. Ал Петен бірінші дүниежүзілік соғыстың батыры атанды. Черчилль де оны өз Отанын қорғауға жарамсыз адам деген ойда болған. Оның «Ерікті Франция» ұйымын француз әскерлері қолдай ма, қолдамай ма - ол жағы да белгісіз болды. Сонда да оның «Ерікті Франция» Ұйымын басқарудан басқа жолы жоқ еді. Қарсылықтарға қарамастан де Голль солай істеді де.

1940 жылы тамыз-қыркүйек айларында де Голль Виши үкіметінен Африкадағы отарлықтың орталығы болған Дакарды тартып алуға кірісті. Черчилль Германия сол жерден әскери базасын құрып қоя ма деген қауіппен де Голльге қосылды. Алайда вишиндіктер олардың шабуылдарын қайтарып, де Голльдің ойын жүзеге асырмай тастады. Де Голль да алған мақсатынан қайтпай өзінің эмиссарларын Африкадағы отар елдер Чад пен Камерунге аттандырып, ешқандай қарсылықсыз өзіне қаратып алды. Одақтастар да өз территориясын ұлғайту үшін Африка отар елдерін бақылап тұратын Виши басшылығымен де Голль келмей тұрып, келісімге келуді жөн көрген. Осы мақсатпен АҚШ президенті Рузвельт Петен орынбасары адмирал Дарланд пен генерал Анри Жироны өз жағына шығарып алды. Рузвельт де Голльдің өркөкіректігі мен бірбеткейлігін жек көргені соншалық, оны Мадагаскарға губернатор етіп жіберуді ұсынды. Де Голль АҚШ-тың бұл ұсынысына қарсылығын білдірді. Алайда уақыт өткен сайын де Голльдің жақтастары көбейе түсті. Оның радиодан «Мен - Франциямын!» деген сөзінен кейін мүлдем артты.

1943 жылы француз ұлттық комитеті құрылып, оған де Голль мен Жиро жетекшілік етті. Бірақ француздар уақыт өте келе Жироның АҚШ-тың айтқанынан шықпайтынын түсініп, оны қараша айында жетекшіліктен босатты да, де Голль комитетті жеке өзі басқарды. 1944 жылы 6 маусымда одақтастар әскерлері (Америка мен Англия) Нормандияға әуе арқылы түсірілді. 25 тамызда «Ерікті Франция» әскерлерімен бірлесе отырып, Парижді жаудан босатты. Париж үшін соғыста Гитлер өз генералы Дитрих фон Шольтицке қаланы қалайда бермеуді тапсырған. Бірақ генералдың фюрьер бұйрығын орындауға шамасы келмей қалды. Премьер-министр Петен де немістер жағында болған еді. Сондықтан оған Отанды сатқан жан ретінде өлім жазасы кесілген болатын. Алайда де Голль оны өмірлік түрмеге жабумен алмастырды. Жеңістен соң де Голль уақытша үкімет жариялап, келесі күні жеңіс парадын өткізді. 1945 жылы де Голль Францияның премьер-министрі болып сайланды. Ол өзінің алғашқы жұмысын Францияның халықаралық беделін көтеруден бастады. Алайда үш айдан соң-ақ ол өз өтінішімен қызметтен кетті.

Шампанида оңаша отырып, «Әскери өмірден естеліктерім» атты кітабын жазып шықты. Кітап 1954 жылы жарық көрді. Екі жылдан соң қайта басылды.

1947 жылы де Голль «Француз халықтарының бірлігі» деп аталынған партия құрып, сол кезде үкімет басында отырған коммунистермен күрес жүргізді. Қазан айында оның партиясы муниципалдық сайлауда қырық пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Алайда оның партиясына Виши үкіметі кезіндегі адамдар кіріп кеткен еді. Сайлаушылар оларға сенімсіздік білдірумен болды. Бұл кезде отар елдер өз тәуелсіздіктері үшін күрес жүргізіп жатқан. Отар елдерді ұстап қалу Франция үшін көп шығынға түсіп, халықаралық беделі де төмендей берді. Үндіқытай түбегіндегі елдер күреспен өз тәуелсіздігін алды. Олардан соң Алжир халқы тәуелсіздігі үшін көтерілді. Франция халқы өздеріне күшті басшы керек екенін сезіне бастады.

1958 жылы 1 маусымда де Голль Францияның Ұлттық жиынына өз шартын қойды. Егер Ұлттық жиын өз жұмысын төрт айға тоқтатып және билікті жарты жыл бойына толық Президенттің қолына беретін болса, конституцияға өзгерістер ендірілсе ғана ел Президенті болуға келісім беретінін жеткізді. Ол солай көпшілік дауыспен қайта билікке келді. 4 маусым күні қақтығыстан болған тәртіпсіздікті басу үшін Алжирге барды. Маусым күні үлкен мінберден сөз сөйлеп, ел халқын қуанышқа бөлентті. Елге оралған соң конституцияға өзгерістер енгізумен айналысты. Оның өзгерістерін жалпыхалықтық талқылауда толық қолдады. Де Голль бастаған «Жаңа республика одағы үшін» партиясы жалпыхалықтық сайлауда жеңіске жетіп, ел Президенті атанды. Ол алғашқы күннен-ақ Алжир мәселесімен айналысып, Франция көмегіне арқа сүйей отырып, Алжир үкіметін тек алжир ұлтынан ғана құруды ұсынды. Оның бұл ұсынысы алжирліктер тарапынан қолдау тапты. Алайда толық саяси тәуелсіздік үшін алжирліктер күресін тоқтатпады. 1962 жылы 5 шілдеде Алжир толық тәуелсіздікке де Голльдің француздар билігі қарсылықтарына мойынұсынбаған табандылығының арқасында қол жеткізді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу