Неліктен ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-тағы қара нәсілді халықтың азаматтық құқығы үшін қозғалысы күшейе түсті? Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1. Ақпараттық карталар.

1 карта.

«Сіз тротуармен жүргенде, сізге ақ нәсілді адамдар кездессе, сіз оларға бас иіп, жол беруіңіз керек. Сіз, олар өтіп кетпейінше, олардың көзіне қарай алмайсыз. Егер сіз олай істемесеңіз, онда сіздің әрекеттеріңіз құрметтемеудің белгісі ретінде қабылдануы мүмкін. Бұл үшін сізді ұрып, сабап немесе түрмеге қамауы мүмкін еді».

2 карта.

Автобус жүргізушілерінің арасында ешқандай негрлер болған жоқ және бұл ақ нәсілді жүргізушілер өздеріне негрлерге қарсы сөздер айтып, қарғыс айтуға жол беретін. Автобуста олардың негрлерге «қара сиырлар», «ниггерлер», «қара маймылдар» деп айқайлағанын есту табиғи нәрсеге айналды. Көбіне қара нәсілді адамдар жол ақысын кіреберісте төлеп, содан кейін қайтадан автобустың артқы жағынан отыруға мәжбүр болаты және автобус, көбінесе, жол ақысын алып, қара нәсілді адам артқы есікке жеткенгенге дейін тоспай, кетіп қалатын.

3 карта.

1951 жылы Канзас штатында қара нәсілді Оливер Браун сегіз жасар қызының атынан қалалық мектеп кеңесінің атына сотқа берді («Браунның Білім кеңесіне қарсы» ісі). Сотта Браун өзінің қызы 21 кварталдан кейін орналасқан («іс жүзінде, қаланың қарама-қарсы шетінде») «қара мектепке» қарағанда, үйінен 5 квартал аралықта тұратын ақтарға арналған мектепке баруы керек екенін айтты. Сот Браунның талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты.

4 карта.

Бирмингемнің нәсілдік сегрегация туралы заңдары

Бирмингем, 1951 ж., мамыр

Төменде Бирмингем қаласына арналған бастапқы қалалық ережелерден үзінді келтірілген.

369-бөлім. Нәсілдерді бөлу.

Мейрамханаларда немесе басқа ішетін орындарда ақ және қара нәсілді адамдарға бірге қызмет ету заңсыз, егер олар еденнен жеті футқа дейін созылатын қатты арақабырғамен бөлінбесе.

5 карта

Бирмингемнің нәсілдік сегрегация туралы заңдары

Төменде Бирмингем қаласына арналған бастапқы қалалық ережелерден үзінді келтірілген.

597 бап. НЕГРЛЕР МЕН АҚ АДАМДАР БІР-БІРІМЕН ОЙНАМАУЫ КЕРЕК

Қара және ақ нәсілді адамдарға бір бөлмеде немесе бір-бірімен кез-келген ойын түрін ойнауға құқысы жоқ: карта, ойын тасы, домино, дойбы, бейсбол, софтбол, футбол, баскетбол және т.с.с. Ақ және қара нәсілді адамдарға бірге немесе бір-бірімен отырған кезде қызмет жасаған көпшілік мекемелердің немесе қоғамдық орындардың иелері немесе басқарушылары 4-бөлімде көрсетілген айыптау үкімі бойынша сотталады.

19 қыркүйек 1950 жылғы түпнұсқалық көшірме,

Юнис С. Хьюз, Қалалық Клерк Пост-Геральд

6 карта

798-F шешім1944 жылғы Бирмингем қаласының Бас кодексінің 597-бабына өзгерістер енгізу туралы

1002 БӨЛІМ. НӘСІЛДЕР БОЙЫНША БӨЛУ.Көлік қызметтерін көрсетумен айналысатын әрбір негізгі тасымалдаушы, көрінетін белгілермен көрсетілген, бөлек орындарды ұсына отырып, ақ және қара нәсілді адамдарға бөлек бөлмелер ұсынуы керек.

Тасымалдаушылар мен жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын адамдар, қара және ақ нәсілді адамдар үшін, көлікті бөлек кіреберіс пен шығаберістермен қамтамасыз етуі керек.

7 карта

Долорес екі афро-американдықты үй жұмыстарын жасау үшін шақырды, содан кейін оларға ішетін су берді. Алайда, оның күйеуі Тони қара нәсілді адамдардан жиіркенетіні соншалық, тіпті олар су ішкен стакандарды да қоқысқа лақтырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу