Нарықтық экономика. Экономикалық жүйелердің типтері. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1.1 бөлім:

Экономикалық жүйелердің тарихи типтері: өзгерістер мен сабақтастық

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Нарықтық экономика. Экономикалық жүйелердің типтері.

(1 сағат)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.1.4 экономикалық жүйенің типтері туралы білімді пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшеліктерін түсіндіру;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

XX ғасырдың екінші жартысындағы әртүрлі елдердің экономикалық жүйелерінің тиімділігіне баға береді және экономикалық жүйелердің келесі түрлерін түсіндіреді:

Капиталистік нарықтық экономика (қазіргі капитализм);

Дәстүрлі экономикалық жүйе;

Командалық жүйе (орталықтандырылған, жоспарлы, социалистік).

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Ресурстармен жұмыс істей алады;
  • Ақпаратты және нәтижелерді кестеге енгізе алады;
  • Анықтаманы құрастырады;

 Тілдік мақсаттар

 

1) материалды талдау және экономикалық жүйенің тиімділігіне қатысты дәлелдер келтіру (сөйлеу және жазу дағдылары).

2) экономикалық жүйелерді салыстыра отырып, пікірталас жүргізу

3) экономикалық жүйелердің анықтамасын қалыптастыру

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Өз пікірін және ұстанымын қалыптастыру қабілетін дамыту

Топтарда ресурстармен жұмыс істеу арқылы оқушылардың экономикалық және ақпараттық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру

 Пәнаралық байланыстар

Сабақтың мазмұны бойынша ерекшеліктерді анықтау арқылы экономика, Қазақстан тарихы және география мұғалімімен пәнаралық байланыс жасау мүмкіндігі.

 АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор желісінен іріктеу материалдарын табу

Бастапқы білім

Бұл бөлім "Дүниежүзі тарихы" пәні бойынша алдыңғы білімдерінде экономикалық жүйелерді дамытумен байланысты 8-9-10 сыныптар курстарынан құрылады. Ол оқушыларға экономиканы дамыту жолдары мен заманауи әлемнің түрлі экономикалық модельдері арасындағы ұқсастықтарды анықтауға көмектеседі. Осы бөлімнің контекстінде, мысалы, Қазақстанның географиясы мен тарихымен пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Атап айтқанда, жекелеген мемлекеттердің географиялық орналасуын қарау, ядролық қаруды сынаудың экологиялық салдары, ғарышты зерттеу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

БЫМ: мұғалім дүкен сөрелерінің фотосуреттерін (1слайд) көрсетеді және оқушыларға сұрақ қояды:

-Сіз не таңдар едіңіз?

– Қалта толы ақша және дүкендердің бос сөрелерін бе немесе дүкендердің толық сөрелері мен бос қалтаны ма?

(М) оқушылармен талқылағаннан кейін:

-Бұл неге байланысты?

(М/С) экономикалық жүйенің типі немесе түріне байланысты.

Экономикалық жүйе-бұл қоғамның алдында тұрған мәселелерді шешу үшін шаруашылық өмірін ұйымдастырудың тәсілі. Бұл үшін негізгі мынандай сұрақтарға жауап беру қажет.

-Нені өндіру қажет?

- Қалай өндіру керек?

- Кім үшін өндіру керек?

Содан кейін сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.(2слайд)

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТИПТЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

https://studopedia.org/3-70258.html

экономикалық жүйелердің типтері

https://prezi.com/ejst25qjjqf5/presentation/

Сабақтың ортасы

30 мин

(М/С) оқушыларға:

Экономикалық жүйелердің бірнеше түрі бар (слайд 3):

Экономикалық теория негізгі үш түрге бөлінеді:

-еркін нарықтық экономика;

-командалық (орталықтан басқарылатын) экономика;

-аралас экономика;

Бұл жүйелерден басқа дәстүрлі және өтпелі деп аталатын түрлері бар.

((Т / Ж ) топтық жұмыс (слайд 4):

  • Топ -дәстүрлі жүйе
  • Топ-командалық жүйе (2-қосымша)
  • Топ-нарықтық жүйе (3-қосымша)

Бағалау критерийлері:

Ресурстарды оқу;

нәтижелерді кестеге енгізу, анықтама жазу;

(ҚБ) әрбір топ өз критерийлерін таныстыра алады немесе топтарда өзара оқытуды пайдалана алады.

(М) оқушылар жасаған жұмысты салыстыру үшін толтырылған кестені көрсете алады (слайд 5).

(М/Т) әрбір топ өзінің Экономика түрінің анықтамасымен таныстырады, оны талқылағаннан кейін экономикалық жүйелердің сипаттамасы бар глоссарий жазылады (6-слайд).

(М) (7) слайдты көрсетеді және сұрақ қояды:

Барлық алдыңғы жүйелердің белгілері бар жүйе қалай аталады?

Аралас экономика бұл- жеке меншікке және еркін кәсіпкерлікке негізделген, мемлекет тарапынан реттелетін нарықтық жүйе.

(слайд 8).

http://www.myshared.ru/slide/139498/

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия (9 слайд):

Адамзат сынағандағыдан басқа экономикалық жүйелердің болуы мүмкін бе?

Егер " иә " болса, олар негізгі экономикалық мәселелерді қалай шешетін болады?

Зорлық-зомбылық (мәжбүрлеу) игіліктерді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды толық орталықтандыру және бақылау;

Экономикалық өмірде еркіндік жеке қызығушылық арттыру;

Үй жұмысы:

"аралас экономика" ресурсын зерттеу, нәтижелерді "экономикалық жүйелер" кестесіне енгізу»

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырмаларды таңдау кезінде оқушылардың жұмысы нәтижесінде, олардың экономикалық жүйенің белгілерін қаншалықты дәл анықтайды, сондай-ақ анықтамаларды қаншалықты дәл тұжырымдайды және өз презентацияларын түсіндіреді.

Дифференциация сабақтың барлық кезеңдерінде уақытты тиімді пайдалануды ескере отырып қолданылады.

Сіз бағалау үшін өзін-өзі бағалау, топтық жұмыс кезінде өзара бағалау, мұғалімнің кері байланысын қолдана аласыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Топтық жұмыс кезіндегі белсенді қызмет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу