Зерттеу жұмысы "Мәдениет адамзаттың рухани-адамгершілік құндылықтарының көрінісі ретінде.» Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, дидактикалық материал.


Космополитизм (гр. kosmopolіtes) – әр ұлттың төл мәдениетін дамытудан гөрі жаһандану процесі арқылы бүкіләлемдік бірегей мәдениет қалыптастыруды артық көретін шектеулі дүниетанымдық бағыт. Космополитизм бағыты жекелеген мемлекеттерді баулуы мүмкін немесе бұл жағдай ұлт пен жеке дара адам арасына терең моральді, әр түрлі экономикалық, саясаттық қарым-қатынастарға әкеліп соғады. Космополитизм ұғымын кез келген саласынан жақтайтын адамдарды космополит дейді.

Лаэрттік Диогеннің (3-ғасыр) айтуынша, “Космополит” сөзін алғаш қолданған синоптық Диоген. Ол өзін жаhан азаматы деп атап, бөшке ішінде өмір сүрген. Ал Плутарх берген мәлімет бойынша, бұл терминді китиондық Зенон енгізген. Эпиктет (б.з. 50 – 190) бұлармен келіспей, алғашқы космополит Сократты (б.з.б. 5 – 4 ғ.) еске салып, бұл ұғымды ойлап тапқан да сол болу керек деп тұжырымдайды. Ежелгі дәуірдегі қала-мемлекеттер құрылымының дағдарысы мен Александр Македонскийдің (б.з.б. 4 ғ.) әркелкі тайпалардан тұратын мемлекет құруы мазмұны жағынан әр түрлі космополиттік көзқарастардың пайда болуына себеп болды. Китиондық Зенонның космополиттік идеал ретінде әр адамның бірегей әлемдік заңға сүйеніп өмір сүруіне мүмкіншілік беретін әлеуметтік ортаны іздеуді осыған байланысты. Содан бергі замандардағы түрлі ойшылдардың космополиттік идеяларын қысқаша түрде: “Өмір сүруге қай жер ыңғайлы болса, сол жер менің Отаным”, – деген тұжырыммен сипаттауға болады. Космополитизм идея ретінде 20 ғасырда шарықтау шегіне жетті. Қазіргі таңда тікелей не жанама жалпыадамзаттық мәдениеттің пайда болуы мен дамуына, сонымен қатар барша адамзаттың ынтымақтастығы ғана шеше алатын жаһандық проблемалардың өрши түсуіне байланысты көптеген гуманистік пацифизм өкілдері тарапынан “жаhандық мемлекеттер федерациясын” құру қажеттігі жайлы космополиттік идеялар жиі айтылуда. Бұл идеялар негізгі бағдарлары бойынша өзара қайшы келетін 2 бағытқа жіктелінеді: 1) жаhандану жағдайында барлық ұлттардың әлеуметтік және мәдени дамуын қамтамасыз етуді көздейтін бағыттар. Бұл көзқарастар бойынша әлем елдері өзара тығыз байланыста бола отырып өзіндік ерекшеліктерін жоғалтпауы, қайта одан әрі өркендетуі тиіс; 2) жеке мемлекеттіліктен бас тарта отырып, ұлттық ерекшеліктерден арылу, әлемдік деңгейде белсенді қолданысқа түсіп жүрген кейбір ұлттардың мәдениетін біржола қабылдауды қолдайтын бағыттар;

Космополитизм

Космополитизм - әлемдік азаматтық идеологиясы. Ежелгі Грекияда индивидуалистік ілім ретінде пайда болып, ол әлемдік үстемдік теориясы болған жоқ, дегенмен, кешеу ежелгі дәуірде грек әлемінің (Александр Македонский) және Рим империясының (Траян, Адриан) ықпалын және үстемдік аймағын кеңейтуге негіз болды, орта ғасырда христиандық та (ең алдымен, католик шіркеуі) осы тұрғыда қабылданды. Келесі дәуірлерде - Қайта Өрлеу, Ағарту - әлемдік азаматтықтың космополиттік идеалы феодалдық және ұлттық-тайпалық бытыраңқылыққа қарсы бағытталды (Данте, Кампанелла), азамат пен адамның бостандығы идеяларын уағыздады (Лессинг, Кант, Фихте, Шиллер, Гете). Социалистік және коммунистік идеологиялардың қалыптасуы дәуірінде космополитизм мен интернационализм принциптерін қарсы қою орын алды, космополиттік идеалдар солшыл қанаттағы идеологтармен "буржуазиялық азғындық" ретінде бағаланды, олар ұлттық және мәдени ерекшеліктерден бас тартуды уағыздап, ұлттық және мемлекеттік егемендікке қарсы бағытта деп түсіндірді. Бұлай бағалаудың сарқыншақтарын жаһандануға қарсылардың (антиглобалистердің) көзқарастарынан байқауға болады, өйткені қазіргі жаһандану үрдісінің идеологиясы мен тәжірибесі кәбіне олардың жалпы әлемдік және демократиялық түсінігіндегі космополиттік көзқарастар мен пікірлерге сүйенеді.[1]



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу