Дүниежүзінің этникалық картасы: тарих және қазіргі таң. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып,қосымша материал 3.
ӘЛЕМ ТІЛДЕРІНІҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ
Мазмұны
1. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы.
2. Тілдердің типологиялық классификациясы.
5.1. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы.
Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы деген дүние жүзі тілдерін өзара бір-бірімен туыстығына қарай салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру. Соған байланысты алынған тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары деп аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан бірігетін макрожанұяларға топтастырылады.
Қазіргі кезде әлем тілдері төмендегідей тіл жанұяларына бөлінеді:
1. Үндіевропа тілдеріне қазіргі үнді (хинди, урду, бенгаль, маратхи), иран (иран, тәжік), роман (француз, испан, португал, итальян, румын), славян (орсы, поляк, чех, словак, украин, белорус, серб, хорват), герман (неміс, ағылшын, дат, швед, норвег, галл), балтық (латыш, литван), грек, албан, келть, армян, нуристан тіл жанұялары жатады. Сонымен бірге өлі тіл жанұялары анатлия, тохар, иллирия, скиф, кушан т.б. енгізіледі.
2. Афразиат тілдері: семит (араб, иврит), египет, омот, кушит, чад және бербер тілдері.
3) Дравид тілдері Үндістан түбегіне таралған (телугу, тамиль, каннада, малаялам).
4) Орал тілдеріне фин-пермь (фин, эстон, мордва), угор (венгр, ханты, мансы), самодий (ненец, эвен) тіл жанұялары жатады.
5) Алтай тілдеріне түркі (түрік, татар, азербайжан, қазақ, өзбек, ұйғыр, саха, қырғыз, тува, башқұрт), монғол (халха, қалмақ), тунгус-манчур (манчжур, эвен, нанай) және жапон, корей тілдері жатқызылады.
6) Чукот-камчатск тілдеріне чукот және камчат тіл жанұялары жатады.
Осы аталған ірі алты тіл жанұясын нострат тілдері деп атайды. Яғни бұлардың барлығы да бұдан 10-15 мың жыл бұрын өмір сүрген нострат тілдерінен таралған деген болжам бар.
Олар Африканың солтүстігінен бастап, Еуразия құрлығына өздерінен бұрын таралған палеоазиат тілдерін біртіндеп ығыстырып, осы аймаққа қоныстанады.
Келесі үлкен тіл жанұясы осы палеоазиат тілдері. Оған:
1) Солтүстік кавказ тілдері (абхаз, шешен, авар, ингуш)
2) Син-тибет (қытай, тибет)
3) Енисей (кет, юг)
4) На дене (аляска мен америкада таралған) тілдері жатады.
Одан кейінгі ірі тіл жанұясы тропикалық Африкаға тұтастай таралған. Бұларды нигеро-конголез тілдері деп атайды. Оның ішінде ірі тіл жанұялары бар: Банту (бенуэ-конго), ква, адамуа, индиго тіл жанұялары бар. Осы тіл макро жанұясына ніл-сахара тіл макро жанұясының жақындығы бар. Бұған шари-ниль, сахар, судан тіл жанұялары кіреді. Бұл тілдердің екі жанұясы енді нострат тілдеріне жақындасады.
Сондықтан аталған жанұялардың таралуын төмендегідей сипаттауға болады. Нострат тілдері басқа тіл макрожанұяларының ішінде нигеро-конголез және ніл-сахара тілдеріне ең жақын келеді. Яғни бұл халықтардың айырмасы соңғы екеуі негртұрпатты нәсіліне жатады, яғни бұл халықтардың арғы тегі негртұрпатты нәсілінен болған, нострат тілі жанұясы кезінде европойд нәсіл қалыптасады, бұл кейін олар Еуразия құрлығына өткесін болған өзгерістер. Әдетте бұл екі нәсіл жақын деп есептеледі. Ал монғол нәсілділердің тілдері алғашқыда палеоазиат тілдерінен көрінеді. Олар Еуразия құрылығына ертерек барған одан бұрынғы миграцияның ұрпақтары. Алтай тілдерінің (бастапқыда европалық) кейбір өкілдері (монғолдар, жапондықтар, корейлер) олармен монғолтұрпатты тектермен көп араласқаны байқалады. Түркі халықтары бұлардың арасындағы тым аралас нәсілге жатады. Палеоазиат тілдері негізінен қазір Кавказда сақталған және Оңтүстік-шығыс Азияда шоғырланған. Енді бұларға жақын келетіні Автралиялық тілдер. Бұл тіл жанұясы аустронезия, тасмания тіл жанұяларынан құралады да аустралиялық нәсілге жатады. Бұлар Оңтүстік-шығыс шығыс Азиядан Индонезияға одан Автралияға және мұхиттық аралдарға қарай тарала көшкен алғашқы миграцияның ұрпақтары.
Енді басқа тіл макрожанұяларының ішінен Америкалық үндістердің тілдерін бір макрожанұяға топтастырады. Оған на-дене тілдері енбейді, олар соңынан барған. Яғни бұдан 10 мың жыл бұрын негізінен Беринг бұғазы арқылы Америкаға алғаш аяқ басқан тайпалардың ұрпақтары болып саналады. Негізгі нәсілі амер-индиялық болып табылады. Бұл америкалық үндістердің тілдері де өз кезегінде көптеген тіл жанұяларына бөлінеді.
Енді қалған үш тіл макрожанұясы туралы пікірлдер көп. Бірі Африкадағы койсан тілдері. Оларда алғашқы тілдің белгілері көп сақталған және ешбір тілге ұқсамайды. Сондықтан оларды ешқайда көшпей өз шыққан жерлерінде қалған тайпалардың ұрпақтары деп түсінуге болады. Келесісі - пауас тілдері (үнді-тынық мұхит жанұясы), және австротай (вьетнам, лаос, индонезия, май, яван т.б.) тілдері. Бұлар өз атамекенін (Африканы) ең алғаш тастап шыққан тайпалардың ұрпақтары болса керек деп есептеледі.
2. Тілдердің типологиялық классификациясы
Тілдерді фонетикалық грамматикалық құрылысына қарай бірнеше типке бөлуге болады. Сондықтан тілтану типологиясы, немесе салғастырмалы лингвистика ғылымы тілдерге әртүрлі тұрғыдан келеді:
1. Фонетикалық типология,
2. Синтаксистік типология.
3. Морфологиялық типология
Бұлайша топтастырудың тілдер арасындағы туыстыққа тікелей қатысы жоқ. Алдымен фонетикалық типология жөнінде.
1. Тілдер дыбыс құрылысты және буын құрылысты болып бөлінеді. Дыбыс құрылысты тілдерді сөздер дыбыстардан құралса, буын құрылысты тілдерде буындардан құралады. Буындар одан әрі бөлшектенбейді, ол тек инициаль (буынның басы) және финальға (буынның соңы) бөлшектенеді. Мысалы, еуропалық тілдер дыбыс құрылысты, Қытай тілі буын құрылысты. Дыбыс құрылысты тілдерде дыбыстар болады да, әріптермен жазады, буын құрылысты тілдерде дыбыстар болмайды, олар иероглифтермен жазады.
2. Монотониялық және политониялық тілдер. Монотониялы тауыс тоны сөз мағынасын ажыратпайды. Политониялы тілдерде сөздің мағынасын ажырататын дауыс тоны. Яғни сөздің айтылу әуені оның мағынасын көрсетеді. Политониялы тілдерге мысалы, Қытай, Вьетнам тілдері жатады. Онда сөздің мағынасын айтылу әуені анықтайды. Монотониялы тілдерде сөздің мағынасын оның құрамындағы дыбыстар анықтайды. Мысалы ағылшынғ орыс, қазақ, араб тілдері.
Синтаксистік типология бойынша дүние жүзі тілдері үш топқа бөлінеді.
1. Номинативті тілдер – бұндай тілдерде бастауыш негізгі (атау, исходный) септігінде тұрады да баяндауышпен жақ бойынша қиысады, баяндауыш немесе көмекші етістік соған сәйкес жіктеледі.
2. Эргативті тілдерде етістіктің салт немесе сабақты болуына қарай, белгілі бір септіктерді керек етуіне қарай бастауыштың (субъектінің) тұлғасы өзгеріп отырады, ал толықтауыш осы өзгерістерге керісінше басқа тұлғаларға орайласады. Яғни олардың тұрақты тұлғасы болмайды, бұл тұлға етістіктің қажетсінуіне байланысты.
3. Посессив (пассив) тілдерде етістіктер актив және пассив болып күрт қарсы қойылады да. Бастауыштың тұлғасы осыған байланысты болып келеді.
Қазіргі номинативті тілдердегі етіс каегориясы осы өзгерістердің модификацияға ұшыраған бір тармағы болуы керек: етістер өзгергенде бастауыштар мен толықтауыштар (объектілер мен субъект) да өзгеріп кетеді.
Типологиялық классификациялардың ішінде ең жете зерттелгені морфологиялық типология. Онда әлемдегі тілдерді тұлғалық түрлену жүйесі бойынша топтастырады.
1. Түбір тілдерде сөз түрлендіруші аффикстер болмайды, сөздер орын тәртібі арқылы байланыса береді (қытай тілі).
2. Агглютинативті тілдерде жұрнақтар мен жалғаулар кең таралған және олар түбірдің үстіне бірінен соң бірі үстемеленіп жалғана береді де сөз ұзара түседі. Әлгі қосымшалар бір мағыналы болады, ал түбір өз тәуелсіздігін сақтайды, өзгермейді (қазақ тілі). (көше-көшелер-көшелерге-көшелерімізге).
3. Флективті тілдерде қосымшалар түбірдің көрінісіне өзгерістер енгізеді және ол қосымшаларда көп мағына болады, сондықтан сөздің көлемі ұзармайды, түбір өз ішінен өзгереді (орыс тілі). (улица-улицы-улицам-улиц)
Синтетикалылық индескін (Дж. Гинберг бойынша) алу үшін тілдегі текстіні алып, ондағы морфтардың санына сөздердің санын бөледі. Алынған көрсеткіш 2-ден төмен болса, аналитикалық, 2-ден 3-ке дейін болса, тіл синтетикалық, 3-тен жоғары болса, полисинтетикалық болады. Мысалы: tu be or not tu be, быть или не быть, болу немесе болмау. Аналитикалық тілде неғұрлым көп сөз қажет болады, синтетикалық тілде ол аз сөздің санымен беріледі, яғни аналитикалық тіл негізінен көмекші сөздерге сүйенеді, немесе сөз түрлендірушілерді қабылдауға бейім болмайды (ағылшын тілінде көмекші сөздер өте көп және екі септік бар), синтетикалық тілде негізінен қосымшаларға сүйенеді, түбірдің түрлену жүйесі бай болады (қазақ тілінде жұрнақ-жалғаулар көп және жеті септік бар).
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ
І. Арғы түркі тілдері (түркі тілдері діңгегінен өте ертеде бөлінген, б.з.б.2 – б.з. 2 ғасырлары аралығы)
БҰЛҒАР ТІЛДЕРІ - гундердің ұрпақтары (1-5 ғ)
1. Бұлғар тілі (қазір жоқ, көне бұлғарлар сөйлеген)
2. Көне татар тілі (қазір жоқ)
3. Чуваш (чауаш) тілі
4. Гун тілі (қазір жоқ)
ТОБА ТІЛДЕРІ – сәнбилердің (1-7 ғ) ұрпақтары
1. Тува тілі
2. Ценгель тілі
3. Моншақ тілі
4. Тофалар (қарағас тілі)
5. Сойот тілі
6. Уранхай тілі
7. Бурят сойоттарының тілі
САХА ТІЛДЕРІ – құрықандардың ұрпақтары
9. Якут (саха) тілі
10. Долған тілі
ІІ. Бергі Түркі тілдері (Түркі тілдері діңгегінен кейін тармақталған, 8-15 ғасырлар аралығында)
ОҒЫЗ ТІЛДЕРІ – көшпелі иран және түркі тайпаларының тоғысуынан, яғни сақтар (скифтердің) мен ғұндардың араласқан ұрпақтары
1. Көне оғыз тілі (қазір жоқ, көне оғыздар (4-11 ғ) сөйлеген)
2. Печенек (бешене) тілі (қазір жоқ)
3. Салар тілі (ұйғыр тілі ықпал еткен оғыз тілі, Гәнсу түркілерінің тілі)
4. Осман тілі (Анатолиялық Түркияның көне тілі)
5. Түрік тілі (қазіргі)
6. Месхет тілі
7. Балқан түріктерінің тілі
8. Гагауз тілі
9. Оңтүстік қырым татарларының тілі
10. Азербайжан тілі
11. Қашқай тілі
12. Хорасан тілі
13. Түрікмен тілі
14. Хиуалық өзбектердің тілі
15 Сельжұқ тілі (қазір жоқ)
16. Терекме тілі
17. Ирак түркілерінің тілі
18. Афшар тілі (Ауғанстан түркілерінің тілі)
19 Айналлу тілі (Иран оғыздарының тілі
ҚЫПШАҚ ТІЛДЕРІ – ғұн және сәнби тайпаларының, теле және қыпшақ тайпаларының ұрпақтары.
1. Көне қыпшақ тілі (қазір жоқ, көне қыпшақтар (6-13 ғ) сөйлеген)
2. Куман тілі (қазір жоқ, мажар (венгр) қыпшақтары сөйлеген)
3. Құмық тілі
4. Қарашай тілі
5. Балқар тілі
6. Қарайым тілі
7. Орталық қырым татарларының тілі
8. Үрім тілі (орталық қырым татарлары тілінің бір тармағы)
9. Қырымшақ тілі (орталық қырым татарлары тілінің бір тармағы)
10.Татар тілі (қазіргі)
11. Сібір татарларының тілі
12. Башқұрт тілі
13. Ноғай тілі
14. Астрахань татарларының тілі
15. Алабұғат татарларының тілі
16. Қарақалпақ тілі
17. Қазақ тілі
18. Солтүстік қырым татарларының тілі
19. Өзбек қыпшақтарының тілі
20. Қырғыз тілі (қазіргі қырғыз)
21. Армян қыпшақтарының тілі (қазір жоқ)
ҚАРЛҰҚ (ҚАРАХАНИД) ТІЛДЕРІ – отырықшы иран-соғды және көне түркі тайпаларының ұрпақтары
1. Қараханид тілі (қазір жоқ)
2. Қалаш тілі (Иран Түркілерінің тілі)
3. Шағатай тілі (қазір жоқ)
4. Өзбек тілі
5. Ұйғыр тілі (қазіргі)
6. Жұғыр тілі
7. Айну тілі
8. Іле тармағы (Ұйғыр тілінің)
АЛТАЙ ТІЛДЕРІ – ғұн және динлин тайпаларының ұрпақтары
1. Көне ұйғыр тілі (қазір жоқ)
2. Сарығ ұйғыр тілі (қазіргі ұйғыр тілі ықпал еткен сібірлік ұйғыр тілі)
3. Көне қырғыз тілі (қазір жоқ)
4. Шұлым тілі
5. Манчжур қырғыздарының тілі
6. Саян түркілерінің тілі
7. Енисей түркілерінің тілі
8. Хакас тілі
9. Шор тіл
10. Солтүстік алтай тілі
11. Шалқан тілі
12. Куманды тілі
13. Оңтүстік алтай тілі
14. Орталық алтай тілі
15. Телеут тілі
16. Туба тілі
17. Телеңгіт (төлеңгіт) тілі
18. Көне түркі тілі (Орхон, Енисей ескерткіштерінің тілі)
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ӘЛЕМДЕГІ САНЫ
(2005 жылға):
1. Түрік тілі – 80 млн
2. Азербайжан тілі – 40 млн
3. Өзбек тілі – 26 млн
4. Қазақ тілі – 13 млн
5. Ұйғыр тілі – 10 млн
6. Түрікмен тілі – 8 млн
7. Татар тілі – 7 млн
8. Қырғыз тілі – 4 млн
9. Башқұрт тілі – 2,5 млн
10. Чауаш тілі – 1,8 млн
10. Қашқай тілі – 1,7 млнБұлар халқының саны саны млн-нан асатын тілдер. Сонымен бірге Саха (якут), Хорасан, Гагауыз, Қарақалпақ, Қырым татарлары, Афшар халықтарының әрқайсысы – 500 мыңға жуықтаса, Құмық, Қарашай-балқар, Тува халықтарының әрқайсысының саны 300 мыңнан асады. Қалғандары саны 100 мыңан аз болатын, шағын халықтар.
ТІЛДІК ҚҰРАМЫ
Дүние жүзінде халық саны 6 млрд-тан астам, тілдер саны- 3 мыңнан астам. Кейбір ғылыми еңбектерде 5 мың деп шамалайды. Қазіргі кезде саны аз аустралиялық аборигендердің 250, Солтүстік Америка үндістерінің 170 тілі жойылу алдында тұр. Дүниежүзіндегі тілдерді 45-тен астам тіл тобына оларды өз кезінде 20 тілдік семьяға топтастырады.
Оқшау тілдер оларға жапон, корей тілдері, испанияда тұратын басктердің тілі (шығу тегі белгісіз)
Еуропаның тілдердің таралу аясының кеңеюі. Ұлы географиялық ашылулар кезеңімен тығыз байланысты.
Үнді еуропаның 40%
Қытай-тибет 20%
Нигер-кордофан 80% және афразиялық 7%
Еуропаның бұрынғы отарларында еуропалық тілдер мемлекеттік тілдер ретінде Африканың 21 елінде француз тілі,
19-елінде ағылшын тілі.
5-елінде португал тілі мемлекеттік тіл.
Кең тараған алты тіл (ағылшын, француз, орыс, испан, араб және қытай) БҰҰ-ның жұмыс тілдері болып саналады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?