Дүниежүзінің этникалық картасы: тарих және қазіргі таң. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, қосымша материал.
Әр адамда өз анасынан басқа,
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада.
Болу керек құдіретті төрт ана,
Туған тілдің- түп қазығың, айбының.
Туған жерің-сатылмайтын байлығың,
Туған дәстүр, салт санасы, тегі,
Шуақ шашар қадамыңа үнемі және туған тарихы.
-Жер шары халық қандай принцип негізінде топтастырылады?
-Адам қандай нәсілдерге жіктеледі?
Ұлттық құрамы:
Этнос немесе халық дегеніміз- тілі мен ата қонысының шаруашылық сипаты мен мәдениетінің ортақтығы негізінде тарихи қалыптасқан және бірыңғай ұлттық санаға ие адамдардың қауымдастығы бүкіл дүние жүзінде 4 мыңнан астам этнос бар.
90%-дан астамын негізгі ұлт құрайды (Дания,Швеция, Жапония, Корея, Германия, Франция.) | 100-ден астам ұлт өкілдері туралы ( Үндістан, Нигерия, Индонезия, Ресей, АҚШ, Қазақстан). |
Дүниежүзіндегі мемлекеттер
Бірұлтты көпұлтты
90%-дан астамын негізгі ұлт құрайды 100-ден астам ұлт өкілдері туралы (Дания,Швеция, Жапония, Корея, ( Үндістан, Нигерия, Индонезия, Ресей,
Германия, Франция.) АҚШ, Қазақстан).
Көпұлтты Қазақстанда 2005 жылдың / 01 қаңтарына қарай этностар үлесі 84,5% (қазақтар -57,8%), орыстар -26,7% аз ұлттар халықтың 15,5 % .
Этностық процестер.
Тілдік құрамы
Дүние жүзінде халық саны 6 млрд-тан астам, тілдер саны- 3 мыңнан астам. Кейбір ғылыми еңбектерде 5 мың деп шамалайды. Қазіргі кезде саны аз аустралиялық аборигендердің 250, Солтүстік Америка үндістерінің 170 тілі жойылу алдында тұр. Дүниежүзіндегі тілдерді 45-тен астам тіл тобына оларды өз кезінде 20 тілдік семьяға топтастырады.
Оқшау тілдер оларға жапон, корей тілдері, испанияда тұратын басктердің тілі (шығу тегі белгісіз) Еуропаның тілдердің таралу аясының кеңеюі. Ұлы географиялық ашылулар кезеңімен тығыз байланысты.
Үнді еуропаның 40%
Қытай-тибет 20%
Нигер-кордофан 80% және афразиялық 7%
Еуропаның бұрынғы отарларында еуропалық тілдер мемлекеттік тілдер ретінде Африканың 21 елінде француз тілі,
19-елінде ағылшын тілі.
5-елінде португал тілі мемлекеттік тіл.
Кең тараған алты тіл (ағылшын, француз, орыс, испан, араб және қытай) БҰҰ-ның жұмыс тілдері болып саналады.
Діни құрамы
- Қандай діндерді білесіңдер
- Сендер қандай дін тобына жатасыңдар?
- Қандай ұлттық діндерді білесіңдер?
Діндер түрлері
Әлемдік ұлттық, дәстүрлі діни нанымдары сипаттап ерекшеліктерін анықтау қажет ол үшін
Рет саны | Әлемдік діндер | Қалыптасу тарихы | Басты ағымдар | Басты таралу аймақтары |
1 | Христиан | Б.з.д. Рим империясының шығысында Израиль жерінде пайда болды | Католик Протестант Провославие | Еуропа, Азия,Америка, Африка |
2 | Ислам | 610 жылы Арабия түбегінде қаланды | Суннит Шиит | Азия (Арабия, солтүстік Африка) |
3 | Буддизм | Б.з.д.ІІғ.қалыптасты | - | Азия (Қытай, Жапония, Корея,Мьянма, Шри-Ланка және т.б.) |
Этностық (ұлттық) діндердің таралуы, ауқымы әлемдік діндерге қарағанда тар олар белгілі бір ұлт өкілдерін ғана қамтиды.
Рет саны | Ұлттық діндер | Басты ерекшеліктері |
1 | Иудаизм | Б.з.д.VIIғ.Палестина жерінде пайда болған, Израиль мемлекеті мен еврит қауымдастығы бар аймақтарда таралған |
2 | Индуизм | Б.з.д.VI ғ.Үнді өзенінің орта ағысындағы діни ағым. Үндістан,Непал, Шри-Ланка жерінде таралған. |
3 | Даосизм және конфуцийлік | Б.з.д.VІ ғ.Ежелгі Қытай жерінде қалыптасты. Қытай,Корей, Жапонияның кейбір аудандарында, Сингапур, Малайзияның қытайлар тұратын бөлігінде таралған. |
4 | синтоизм | VI- VIІІғғ.Жапония жерінде негізі қаланды. Қазірге дейін жапон халқының діни нанымы болып саналды. |
Діндердің таралуы
Дәстүрлі (жергілікті) діндер алғашқы қауымдық құрлыс кезінде пайда болып, осы күнге дейін кейбір халықтарда сақталып қалған. Дәстүрлі сипат алған діни нанымдардың мынадай түрлерін ажыратуға болады:
а) анимизм-рухқа, оның мәңгілігіне және аруақтардың бар екеніне сену;
ә) ата-бабалар рухына табыну;
б) тотемизм-тайпаның шығу тегін өздері қасиетті деп танитын өсімдікпен немесе жануарлармен байланыстыру.
в) Фетишизм-заттарға табынып, олардың айрықша күшіне сену.
г) Шаманизм-айрықша қаиеттерге ие бақсылардың (маман) аруақтармен сөйлесе алатын қабілетіне сену.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?