Дүниежүзінің этникалық картасы: тарих және қазіргі таң. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, дидактикалық материал.
НӘСІЛДЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Нәсілдер — бұл саны әртүрлі адамдардың тарихи қалыптасқан топтары (популяциялар топтары), олардың морфологиялық және физиологиялық қасиеттері ұқсас, сонымен бірге олар белгілі бір аумақтарда ғана таралады. Олар тарихи факторлардың әсерлері арқылы дамып және бір ғана түрге (Н. sapiens) жатады. Нәсіл халықтан немесе этностан айырмашылығы белгілі бір аумақта таралған, бірнеше нәсіл жиынтықтарынан құралуы мүмкін немесе керісінше, сол бір нәсілге бірнеше халықтар жатуы және олар әртүрлі тілде сөйлеуі мүмкін.
Нәсілдің бар екенін адамдар біздің ғасырымызға дейін де білген. Сол кездің өзінде олардың қайдан пайда болғаны туралы алғашқы қадамдар жасалған. Мысалы, гректердің көне аңыздарында қара нәсілді адамдарды Фаэтон (Гелиос құдайының баласы) байқаусызда өзінің күн тәрізді арбасымен жерге ақ нәсілді адамдарды жағып жіберу үшін жақын келген кезде пайда болды деп түсіндіреді. Грек философтары нәсілдердің пайда болу себептерін көбіне ауа райымен байланыстырды.
Інжіл жазбалары бойынша ақ нәсіл Симнің, сары Ноя-Яфеттің және қара нәсіл Хамның балалары делінген. XVII ғасырда жер шарын мекендеген халықтарды ғылыми түрде жүйелеуге ұмтылды. Бұл кезде адамдарды нәсілге бөлу бет әлпетінің құрылыс ерекшеліктеріне, терісінің, шашының, көзінің түстеріне сәйкес, сонымен бірге тілдерінің ерекшілігі және мәдени әдет-ғұрыптары бойынша бөлген француз дәрігері Ф. Бернье алғаш рет 1864 жылы адамдарды еуропоидтік, негроидтік және моңғолоидтік деп үш нәсілге жіктеді. Осыған ұқсас жіктеуді К. Линнейде ұсынған. Ол адамзат бір ғана түрге жатады деп есептеп, қосымша (төртінші) лапландық нәсілді (Швеция мен Финдляндияның солтүстік тұрғындары) жеке бөлді.
И. Ф. Блуменбах (1752-1840) 1775 жылы адам туысын терісінің түсіне сәйкес деп: кавказдық (ақ), моңғолдық (сары), эфиопиялық (қара), американдық (қызыл) және малайлық (қоңыр) 5 нәсілге бөлді. У. Бойд (1953) шамамен, бұдан 200 жылдан кейін қан құрамындағы антигендерінің негізінде адамдарды бес нәсілге жіктеді, атап айтқанда:
Еуропалық топтар — оған лопарейлер, оңтүстік еуропалықтар және солтүстік африкандықтар.
Африкалық топ.
Азиялық топ — оған үнді субконтинентінде тұратындар.
Дмерикандық топ, барлық байырғы тұрғындар.
Тынық мұхиттық топ (меланезиялықтар, плинезиялықтар, австралиялықтар).
Қазіргі кездегі нәсілдердің пайда болу үрдісінің жалғасуына сүйене отырып Т. Добжанск (1962) адамзатты 34 нәсілге бөлді, атап айтқанда:
Солтүстік-батыс еуропалық нәсілдер — Скандинавия, Германияның солтүстік бөлігі, Солтүстік Франция, Ұлыбритания және Ирландия тұрғындары;
Солтүстік-шығыс еуропалық нәсілдер — Польша, бұрынғы КСРО-ның еуропалық бөлігі, Сібірдің көптеген қазіргі популяциялары;
Альпілік нәсілдер — Орталық Франциядан бастап, Германияның оңтүстік бөлігі, Швейцария, Солтүстік Италиядан Қара теңіз жағалауына дейінгі аумақтың тұрғындары;
Жерорта теңіздік нәсілдер — Жерорта теңізінің екі жағалауындағы, Танжерден бастап Дарданелге дейін, Аравия, Түркия, Ирак популяциялары;
Хинді нәсілдері — Үнді, Пәкістан тұрғындары;
Түркі нәсілдері — Түркістан, Батыс Қытай тұрғындары;
Тибеттік нәсілдер — Тибет тұрғындары;
Солтүстік қытайлық нәсілдер — Солтүстік және Орталық Қытай, Манчжурия тұрғындары;
Нағыз моңғолдық нәсілдер — Сібірдің, Моңғолияның, Кореяның, Жапонияның тұрғындары;
Эскимостық нәсілдер — Арктиканың Азия мен Американың арктикалық тұрғындары;
Оңтүстік-шығыс азиялық нәсілдер — Оңтүстік Қытайдан Таиландқа дейінгі, Бирма, Малайи және Индонезия тұрғындары;
Айну нәсілдер — Солтүстік Жапонияның байырғы популяциясы;
Лопари (саами) нәсілдері — Скандинавия мен Финдляндияның артикасының байырғы тұрғындары;
Солтүстік америкалық үнді нәсілдері — Канаданың және Американың жергілікті популяциясы;
Орталық Америка үнді нәсілдері — Солтүстік Американың оңтүстік батыс аудандарынан Орталық Америка арқылы Боливияға дейінгі аумақтардағы популяциялар;
Оңтүстік Америка үнді нәсілдері — Перу, Боливия және Чилиде негізінен ауыл шаруашылығымен айналысатын популяциялар;
Фужиан нәсілдері — Оңтүстік Американың оңтүсгігінде ауыл шаруашылығымен айналыспайтын байырғы тұрғындар;
Шығыс африкалық нәсілдер — Шығыс Африка, Эфиопия, Суданның бір бөлігіндегі популяциялар;
Судандық нәсілдер — Суданның үлкен бөлігіндегі популяциялар;
Орман негроиды нәсілдері — Батыс Африканың ормандарында және Конго өзені бойының үлкен бөлігінде тұратын популяциялар;
Банту нәсілдері — Оңтүстік Африка мен Шығыс Африка бөлігінің байырғы тұрғындары;
Бушмендік және готтентетоттық нәсілдер — Оңтүстік Африканың байырғы тұрғындары;
Африкалық пигмей нәсілдері — Экваторлық Африканың ормандарындағы шағын бойлы адамдар популяциялары;
Дравидиан нәсілдері — Оңтүстік Үнді және Цейлонның байырғы тұрғындары;
Негриоталық нәсілдер — Филипиннен бастап Андамансаға дейінгі, Малайи және Жаңа Гвиней аумағындағы шағын бойлы, шаштары шырмауықтай адамдар популяциялары;
Меланезиялық папуас нәсілдері — Жаңа Гвинейден Фиджиге дейінгі байырғы тұрғындар;
Мураджиан нәсілдері -Оңтүстік-Шығыс Аустралияның байырғы популяциялары.
Карпентариан нәсілдері -Солтүстік және Орталық Аустралияның байырғы популяциялары;
Микронезий нәсілдері — Тынық мұхиттың батыс бөлігіндегі аралдардың популяциялары;
Полинезий нәсілдері — Тынық мұхиттың орталық және шығысындағы аралдардың популяциялары;
Неогавайлық нәсілдері — Гавай аралдарында кейіннен пайда болған популяциялар;
Ладино нәсілдері — Орталық және Оңтүстік Америкада кейіннен пайда болған популяциялар;
Солтүстік-американдық түсті нәсілдер — АҚШ-тың негр популяциялары;
Оңтүстік африкалық түсті нәсілдері — Оңтүстік Африканың негр популяциялары
Жергілікті нәсілдерге бөлуден басқа, кейде 9 географиялық нәсілдерге бөледі, өйткені олар белгілі бір географиялық аумақтармен байланысты (еуропалық, үнділік, азиялық үндістік, африкалық, аустралиялық, меланезия-папуастық, микронезиялық және полинезиялық) бөледі.
Шын мәнінде, адам туысына европеоидтық, негроидтық, моңғолоидтық және аустралоидтық деп жіктеу кеңінен қолданылады. Европеоидтықтардың терілері ақшыл түсті шаштары тік немесе ашық-сарғыш толқынды немесе, қара қошқыл жұмсақ немесе орташа жұмсақ, көздері үлкен, қоңырқай, қоңыр-жасыл, көк-қой көздер, иектері анық жіктелген, бөксесі жалпақ, мұрны жіңішке әрі ұзынша, еріндері қалың емес және денесіндегі және бетіндегі түктері жақсы жетілген. Осы нәсілдің әйелдеріне жартылай жұмыр кеуделі (емшегі) және шығыңқы бөксе тән. Бұл нәсілге жататын адамдар, Еуропаның көп бөлігінде және соған іргелес аймақтарда тұрады.
Негроидтықтар терісінің түсі қара, шаштары бұйра әрі қалың, еріндері қалың, мұрындары кең және жалпақ, тістері өте ірі, көздері қара және қойкөзді, бастары ұзын, беттеріндегі және денесіндегі түктері сирек, жамбас қуысы шағын, табандары үлкен. Әйелдерінің кеудесі конус пішінді, бөксесі шығыңқы емес. Бұл нәсілге жататын адамдар Африкадан бастап, экватор белдеуінен Тынық мұхиттың аралдарына дейінгі аралықта мекендейді. Бұл нәсілге Африканың халықтары, тағы да негритолар (пигмеилер), мұхиттың негроидтары (меланезийстер), оңтүстік африкандық бушмендер және готтентоттар жатады.
Моңғолоидтықтардың терісінің түсі қара торы, сары немесе сарғыш қоңыр. Олардың шаштары тік әр қатты әрі қара көк түсті, беттері жалпақ әрі етті, қысыңқы қой көзді, көзінің үшінші қабағының бұрышы анық, мұрны жалпақ және кең, беттеріндегі және денелеріндегі түктері сирек. Бұл нәсілге жататындар Шығыс Сібір және Моңғолия, Қиыр Шығыс, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия жерлерін мекендейді. Индонезийцтер мен американдық үндіс аралас моңғолоид нәсілін қүрайды.
Кейде аустралоидтықтарды жеке нәсіл ретінде бөледі. Олардың да терісінің түсі негроидтардықтарға ұқсас қара (олардың терісінің түсі шоколад түстес қара), бірақ бұлардың қара шаштары толқын пішінді бұйра, бастары үлкен және бет-әлпеттері ірі, кең, мұрындары жалпақ, иектері шығыңқы, денелеріндегі және беттеріндегі түктері көптеу болады. Аустралоидтықтар Аустралияның байырғы тұрғындары, бірақ аустралоидтықтарды көбіне, негроидттықтар деп есептейді. Кейде, американдық нәсілдер деп те бөледі. Олар терілерінің түсі қара қошқыл, бет бұлшық етті шығыңқы, мұрындары шамалы ұзынша және көзінің ішкі бұрышы қатпарлы, шаштары қара көк. Бірақ, американоидтықтарды көбіне, моңғолоидтық нәсілге жатқызады.
Нәсілдердің шығу тегінің (расогенез) үрдісін дұрыс түсіну үшін, нәсілдердің мәнісін және олардың жіктеуін дұрыс анықтап алу керек. Көп уақыт бойы нәсілдердің анықтамасында типологиялық көзқарас басым болды, осыларға сәйкес нәсілдердің анықтамасын стереотипті (таптаурын) негізде түсіндіру, яғни нәсілдің барлық белгілері қайталанып отырады деп келді. Сондықтан жеке даралық сипаттарын басшылыққа ала отырып нәсілдердің арасында болатын жеке айырмашылықтан нақты дара өзгешіліктер болады деп есептейді. Популяциялық генетиканың дамуына байланысты нәсілдердің табиғатын түсінуде типологиялық көзқарастың дәлелдерінің толық еместігін көрсетті.
Нәсілдерді жүйелеуде тек популяциялық көзқарас ғылыми негіз болып есептеленеді. Нәсілдерді жүйелеудің дұрысы болуы олардың бір-бірінен ажырататын белгілер санының көп болуымен ерекшеленеді немесе нәсілдердің арасында көп белгілерді пайдалану, солғұрлым нәсілдерді жүйелеуде нәтижелі болады. Нәсілдер популяциялардан құралатындықтан, кез келген нәсілге сипаттама беру үшін, жеке адамдарды емес жалпы көп адамдар тобынына қатысы бар нақты деректерге сүйену қажет. Өйткені, әрбір нәсілдің арасында әртүрлі тұқымкуалайтын белгілер көп болғандықтан, осылардың қайсысын алуын пайдалану қиынға соғады сондықтан жеке адамдардың белгілерін бүкіл нәсілге пайдалану мүмкін емес. Сонымен бірге, осындай бір жеке адамдардың белгілерінің жиынтығын бір нәсілге де пайдалануға болмайды. Сондықтан нәсілді жеке бір адамдар деп бір топқа жататын адамдар деп қарау қажет. Мысалы, швед пен орыстың бас сүйектерін салыстырғанда, олардың арасында әр ұлттың өзіне тән айырмашылықтары бар екендігі анықталды, бірақ ол белгілер орташа есеп ретінде беріледі, ал жеке даралардың белгілері бір-бірін қайталайды. Соныменен нәсілдердің айырмашылығын қатып қалған стереотиппен (типологиялық) анықтау дұрыс емес, өйткені нәсілдер топтарының арасында бір-бірінен айырмашылық жасайтын қатып қалған белгілер болмайды.
Нәсілдердің пайда болуы және нәсілдердің алғашқы ошақтары жайлы бірнеше ғылыми болжамдар бар. Полицентризм немесе полифилии (Ф. Вайденрайх, 1947) ғылыми болжамдары бойынша, нәсілдердің пайда болуын төрт орталығы бар. Олар — Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Азиядағы Үлкен Зонд аралдары, Африкадағы Сахараның оңтүстігі және Еуропа мен Алдыңғы Азия. Еуропа мен Алдыңғы Азияда еуропалықтар мен алдыңғы азиялық неандернальдықтардан еуропеоидтық нәсілдер пайда болған орталық қалыптасты.
Африкада африкалық неандертальдықтардан негроидтық нәсіл пайда болса, Шығыс Азиядағы синантроптардан моңғолоидтық, ал Оңтүстік-Шығыс Азиядағы және Үлкен Зонд аралдарындағы питекантроптар мен ява неандертальдықтардан аустралоидтық нәсілдер пайда болды. Сонымен еуропоидтық, негроидтық, моңғолоидтық және аустралоидтық шығу орталықтары болды. Нәсілдердің шығу тегіндегі ең басты рөлді мутация мен табиғи сұрыпталу атқарған деген көзқарас бар. Бірақ, бұл көзқарасқа қарсы шығушылар болды, өйткені қанша рет бірқалыпты эволюциялық даму бірнеше рет қайталанса да (әрбір эволюциялық өзгерістен жаңа өзгеріс болып саналады), әрбір нәсілдің пайда болу орталығы болғандығы ғылыми тұрғыда дәлелденген емес.
Ф. Г. Дебец (1950), А. Том (1960) дицентризм ғылыми болжамына сәйкес нәсілдердің пайда болғаны туралы екі түрлі болжамды ұсынды. Біріншісі бойынша, еуропеоидтық пен африкалық негроидтық нәсілдердің пайда болған орталығы — Алдыңғы Азия, ал моңғолоидтық және аустролоидтық нәсілдердің пайда болған орталығы Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия деп есептелінеді. Еуропеоидтық нәсіл Еуропа материгінде және соған іргелес Алдыңғы Азияның аумағында таралды. Керісінше, негроидтық нәсіл тропикалық белдеу бойында таралды. Моңғолоидтық нәсіл алғашында Оңтүстік-Шығыс Азия аумағында, одан кейін Америка құрлығына қоныс аударды. Басқа пікірлер бойынша, еуропеоидтық, африкалық негроидтық және аустролоидтық нәсілдер бастапқы бір тармақ болса, ал азиялық моңғолоидтық және американдық нәсілдер бір тармақтан пайда болған деп есептелінеді. Дицентризм көзқарасын қолдаушылар өздерінің ғылыми болжамының дәлелі үшін моңғолоидтар мен аустралоидтардың тістерінің ұқсастығына сүйенеді. Бірақ бұл ғылыми болжамның да полицентризмнің ғылыми болжамдары сияқты қарсыластары бар.
Моноцентризм немесе монофилии (Я. Я. Рогин, 1949) ғылыми болжамдарына сәйкес, нәсілдердің пайда болуы бастапқы бір ата-тектен, бір орталықтан пайда болған деп түсіндіреді. Өйткені барлық нәсілдердің психологиялық жеке жетілуі мен ой өрістерінің дамуы бірдей болған. Нәсілдер пайда болған аумақ өте ауқымды мыңдаған шақырымды қамтыған. Бұлардың болжамы бойынша, нәсілдердің пайда болған жерлері Шығыс Жерорта теңізінің маңы, Алдыңғы Азия және Оңтүстік Азия болуы мүмкін. Осындай ғылыми болжамдарға сәйкес, бастапқы палеантроптардың бір тармағынан бірнеше сатылық даму барысында моңғолоидтық нәсілі пайда болған. Бастапқы палеантроптар Шығыс Азияға қоныс аударған кезде ондағы архантроптарды жойып жіберді немесе олармен араласып кеткен және олардың қалақ пішінді күрек тістерінің тұқымқуалаушылық қасиетін өздеріне сіңіріп алды. Содан кейін, Азияға қазіргі адам типтес қасиетпен қайта оралды. Қанның араласу нәтижесінде алғашқы моңғолоидтар пайда болды. Олардың біраз бөлігі бұдан 25-30 мың жыл бұрын Шығыс Азиядан Беринг арқылы Америкаға қоныс аударып, америкалық үндістердің негізін қалады. Олар өздерінің бет-әлпет пішінін сақтап, жаңадан басқа қасиеттерге ие болды. Азия құрлығында қалып қалған біраз алғашқы моңғолоидтардан біршама уақыт өткенен кейін нағыз моңғолоидтар пайда болды. Бастапқы палеоантроптардың бір тармағынан еуропеоидтық және аустралоиднегроидтық топтарының негізі қаланды. Еуропеоидтар мен негроидтардың арғы тектері Шығыс Жерорта теңізі және Оңтүстік Еуропаның Испаниядан Воронеж қаласына дейінгі аумақтарды қоныстанды. Кейінірек оқшаланудың, көшіп-қонудың және таралуының нәтижесінде шағын бірнеше нәсілдік топтарға бөлініп кетті.
В. П. Алексеев (1985) нәсілдердің пайда болуының төрт сатысын бөледі. Нәсілдердің пайда болуының бірінші сатысында бастапқы нәсілдердің пайда болу орталықтарында (осы үрдістер жүріп жатқан аумақ) және нәсілдердің батыс (еуропеоидтық, негроидтық және аустралоидтық) және шығыс (азиялық моңғолоидтық және американдық) негізгі тармақтары пайда болды. Бұл кезең шамамен, бұдан 200 мың жыл бұрынғы уақытқа сәйкес келеді. Ол қазіргі адам типтерінің қалыптасу кезеңімен де сәйкес келеді. Сонымен, Ескі Дүниенің батыс және шығыс аудандарында нәсілдердің қалыптасуы қазіргі типті адамдардың қалыптасу уақытымен қатар жүрді, сонымен бірге, адамдардың біраз бөлігі Жаңа Дүниеге қоныс аударуына мәжбүр болды. Екінші кезеңі кезінде нәсілдердің пайда болуының екінші деңгейдегі орталықтары қалыптасты және бастапқы нәсіл тармақтарынан жаңа эволюциялық бірнеше ұсақ тармақшалар пайда болды. Бұл кезең шамамен, бұдан 15-20 мың жыл бұрынғы уақытқа сәйкес келеді. Үшінші кезең де нәсілдердің пайда болған ошақтарының үшінші деңгейі қалыптасты, осы кезең де жергілікті нәсілдер орнықты. Бұл кезең бұдан 10-12 мың жыл бұрынғы уақытқа сәйкес келеді. Төртінші кезеңде нәсілдердің пайда болу ошақтарының төртінші деңгейі қалыптасты. Бұл кезеңде нәсілдердің едеуір жетілген қазіргі адамдарға ұқсас популяциялары орнықты. Бұл кезең қола және алғашқы темір дәуіріне (біздің заманымызға дейінгі IV-Ш мыңжылдықтар) сәйкес келеді.
Нәсілдердің пайда болуының факторларына табиғи сұрыпталу, гендердің араласуы (дрейфі), оқшаулану және популяциялардың араласуы жатады, әсіресе, табиғи сұрыпталу нәсілдердің пайда болуының бастапқы кезеңінде басты маңызды рөл атқарды. Табиғи сұрыпталу әртүрлі бағыттар бойынша көрініс беріп отырады, ал оның дұрыс жүруі белгілердің қаншалықты қажеттілігіне байланысты болады. Мысалы, терінің түсіне меланині бар тері жасушалары жауап береді, олар генетикалық синтез кезінде анықталады. Пигменттің болуы тирозиназаны бақылайтын геннің болуымен анықталады, ол тирозиннің меланинге өзгергенін қадағалайды. Тек, терінің түсін анықтауға осы ген ғана әсер етеді деп айтуға болмайды. Терінің түсін анықтайтын тағы бір ген бар, ол басқа фермент арқылы анықталады, ол терісінің түсі ақ адамдардың жасушаларында болады да, меланиннің санына әсер етеді. Осы ферменттің синтезі кезінде меланиннің мөлшері аз болып терінің түсі ақ болады. Егер, керісінше бұл фермент болмайтын болса (синтезделмейді) меланин көп мөлшерде болып, тері қара түсті болады. Терінің түсін анықтауға меланин түзуші гормонның да қатысатыны туралы нақты мәліметтер бар. Қорыта айтқанда, терінің түсін қадағалайтын ең кем деген де үш ген бар.
Нәсілдік белгілердің бірі тері түсінің өзгеруінде табиғи сұрыпталудың әсерін күн сәулесі мен мешел ауруына қарсы Д витаминнің арасындағы байланыстың болуымен де түсіндіруге болады, себебі олар организмдегі кальций мөлшерін реттеуге қатысады. Организмде осы витаминнің артық жиналуы кальцийдің сүйекте жиналуына алып келіп, сүйек әлсіз болып морт сынады, егер кальций аз болса, мешел ауруына ұшырайды. Адам организмінде қалыпты жағдайда Д витаминің мөлшері күн сәулесінің әсері арқылы реттеледі. Күн сәулелері терең қабаттағы жасушаларына әсер етеді. Теріде меланин көп болса, соғұрлым күн сәулелері меланині бар жасушаға аз сіңеді. Сондықтан адамдар Д витамині күн сәулесінің нәтижесінде түзілетіндіктен, күннің жарығына тәуелді болады. Терісі ақ түсті адамдар организмдерінде кальций мөлшерін қалыпты жағдайда ұстау үшін, экватордан қашық аймақтарда тұрғаны дұрыс. Керісінше,- терісінің түсі қара адамдар экваторға жақын өңірлерде тұруы керек. Сонымен, тері түсінің әртүрлі болуына байланысты әртүрлі аумақтарда таралуы географиялық ендіктерге байланысты. Еуропеоидтықтардың терісінің ақ болуы, олардың тері ұлпаларына күн сәулелерінің өтуіне қолайлы жағдай жасайды, сөйтіп мешел ауруына қарсы Д витаминін синтезделуін жылдамдатады, көбіне, олар күн сәулесі аз жерлерде баяу синтезделеді. Терісі пигменттерге бай адамдардың күн сәулесі мол түсетін аймақтардан алыс аумақтарға, ал терісінде пигменттері аз адамдардың тропикалық белдеулерге жақын қоныстануы дұрыс, біріншілерінде Д витаминінің жетіспеушілігіне әкеп соқса, екіншілерінде Д витамині артық болып, оларда қолайсыз жағдайлар туындайды. Сондықтан тері түсінің сұрыпталуы маңызды болса, бір шетінен терінің түсі нәсілдердің таралуын анықтайтын фактор да болып саналады. Табиғи сұрыпталу терінің түсіне байланысты жүріп отырады, өйткені ол да қоршаған географиялық жағдайларына ортаға бейімделушігінің бір белгісі ретінде пайда болады.
Сұрыпталу кезінде нәсілдердің тағы бір белгілерін олардың жалпы дене тұрпатына қарап анықтауға болады. Мысалы, эскимостар зулустарға қарағанда мығым денелі және қысқа бойлы. Эскимостардың денесінің аумағы салмағымен салыстырғанда кіші болып келеді. Зулустарда керісінше, денесі ашаң келген, қолдары ұзын, денесінің аумағы салмағына қарағанда үлкен. Сондықтан, зулустардың денесі жылуды көп бөледі, бұл жерде ауа райы ыстық олар үшін өте маңызды. Өйткені экваторға жақын тұратын жеке тұлғалардың салмағымен салыстырғанда аяқ-қолдары ұзын болып келеді. Бұл ауа райы ыстық аймақтарда тұратындар үшін қолайлы жағдай туғызады. Ұзын аяқ-қолдар қосымша денесінің аумағын үлкейтуге себеп болып, денедегі жылуды бөлуге көмектеседі. Сонымен, бұл қасиеттер ыстық жерде тұратындарға тиімді. Керісінше, мүндай арақатынас салқын жерлерде тұратындар үшін қажеті жоқ, өйткені аумағы кіші денеден аз жылу бөлініп, жылу жақсы реттеледі. Қорыта айтқанда, терінің түсі сияқты жалпы дене тұрпаты да географиялық ендіктер бойынша өзгереді, себебі олардың таралуы белгілі бір сұрыпталудың жемісі, яғни сұрыпталу дененің тұрпатына, яғни аяқ-қолдардың ұзындығы мен дене салмағының арақатынасына сәйкес жүріп отырған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?