Этностардың шығу тарихы. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, дидактикалық материал, 2 сабақ.
Қосымша 1
Гумилев Лев Николаевич (1912-1992) - белгілі кеңестік этнолог - XX ғасырдың көрнекті еуразияшыл ғалымы, тарихшы-этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы, ақын, парсы тілінен аудармашы. Белгілі ақын Николай Гумилев пен ақын Анна Ахматованың ұлы. Ғұндардың, түріктердің, монғолдардың, наймандардың, керейіттердің, қыпшақтардың, яғни Еуразия көшпенділерінің тарихын зерттеуші. Көшпелі әлемнің тарихы туралы өз еңбектерінде Еуразияның шөлейт аймақтарындағы біртұтас концепциясын қалыптастырды. Сол арқылы көшпенділерді тұрғылықты-отырықшы өркениеттің жаулары ретінде қарау туралы стереотиптерді өзгертуге тырысты. Көшпенділердің орыс княздығымен байланысы туралы, моңғол шапқыншылығы туралы Шыңғыс ханның рөлі мен оның жаулап алған жерлері туралы зерттеулері сол жылдардағы тарихи ғылымдардағы құдайшылық концепциясынан ерекшеленді, сондай-ақ, көшпенділердің рөлі мен орны туралы көзқарастарды Ресей тарихында ғана емес, әлем бойынша да өзгертті.
Гумилев – этностардың тарихи даму заңдылықтарын түсіндіретін этногенез пассионарлық теориясының авторы. Аталған теорияға сәйкес жер бетіндегі барлық этностар даму барысында бірнеше кезеңдерді басынан өткереді: өрлеу, акматикалық – процесс шыңы, сыну, инерционды (пассивті), обскурация (құлау), мемориальді (есте сақталған).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?