Этностардың шығу тарихы. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

Бірлестік жетекшісі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Этностардың шығу тарихы (2 сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.2 – тарихи оқиғаларды, үдерістер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «этнос», «этногенез», «ұлт» ұғымдарын қолдану;

10.2.1.3 – этногенездің әр түрлі теорияларын жүйелеу және жинақтау;

10.2.1.4 – этностардың шығу тегі мен дамуы туралы Л.Н. Гумилевтің ғылыми көзқарастарын зерттеу.

 Бағалау критерийлері

Этностың, ұлттың, этногенездің ұғымдарын біледі

Этникалық топтардың қалыптасуының негізгі кезеңдерін анықтайды.

Түрлі тәсілдермен қарастырылған этногенездің жалпы (2) және ерекше (3) факторларын анықтайды.

Халықтардың қалыптасу тарихынан мысалдар келтіреді (1-2)

Этнос дамуының жолдары туралы қорытынды жасайды

 Тілдік мақсаттар

Маңызды терминдерге анықтамалар беретін глоссарий құрастыру.

 Құндылықтарды дарыту

Ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге үйрету, толеранттылыққа тәрбиелеу. Жаһандық азаматтық: этникалық топтардың мәдениеті мен дәстүрлеріндегі айырмашылықтарға қарамастан, адамзаттың жалпыға ортақ құндылықтары бар екендігін, әр ұлттың мәдениетінің өзіндік ерекшілігі болатындығын, жалпы әлемдік құндылық болып табылатындығын түсінеді.

 Пәнаралық байланыстар

Биология – антропогенез, биоалуантүрлілік, эволюция, өсімдіктер мен жануарлар әлемі.

География – әлемнің өңірлері, ландшафтық ерекшеліктері

 АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, планшеттер, ноутбуктерді пайдалану.

Бастапқы білім

Берілген тақырып «Дүние жүзі тарихы» және «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша көне заман дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі алған білімге негізделген. Ол оқушыларға адам дамуының жолдары мен заманауи әлемнің түрлі модельдері арасында ұқсастықтар жасауға көмектеседі.

Ұсынылған алдын-ала білім әлемнің халықтарының қалыптасу тарихын қамтитын 6-9 сыныптарға (атап айтқанда, 9 сынып) арналған Дүниежүзілік тарихтың мазмұнын қамтиды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Сыныппен амандасу.

Алғашқы слайдты көрсетіңіз, «Бүгін сабақта қандай тақырып зерттелетінін айтыңыздар» - деген сұраққа жауап беруін сұраңыз.

Сабақтың тақырыбымен, мақсаттар мен бағалау критерийлерімен таныстыру.

(О) CLIL әдісі: Сабақтың басталуына дейін терминдердің анықтамаларын бөлек сөздерге бөліңіз, содан кейін оқушыларға терминдерді беріп, сөздерді сөйлемге (термин және дефиниция) жинауды сұраңыз. Сосын дұрыс жауабы бар слайдты көрсетіңіз.

Терминдер:

Этногенез – этникалық қоғамның (этнос), халықтың пайда болу қалыптастыру үдерісі.

Этнос – ортақ мәдениет, тіл, психологиялық құрылымы, тарихи тағдырдың ажырағысыздығы бар, олардың бірлігі мен басқа этностардан айырмашылығы туралы сана-сезімі бар адамдар тобы.

Халық – белгілі бір аумақты иемденетін басқарудың, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің, тілдің, мәдениеттің ерекшеліктеріне ие адамдар қоғамдастығының тұрақты нысаны.

Слайд 1-4

Слайд 5

Сабақтың ортасы

30 мин

1-тапсырма. (Жұппен) Даму сатысы. 10 мин

Тапсырманы оқып, түсіну үшін оқушыларға 5 минут беріңіз (1-қосымша)

Сұрақтарға жауап беруді сұраңыз:

- адамдардың бірігуінің тарихи қалыптасқан нысандарын анықтау;

- Адамзат дамуында адамдардың бірігуінің әртүрлі формалары арқылы өтті деген не?

- бірігудің алғашқы түрлері – ру мен тайпаны сипаттаңыз;

- адамдардың бірігуінің келесі түрі – халықтар формасына көшудің алғышарттарын анықтаңыз;

- ұлттар қашан және неліктен пайда болды?

Оқушылардан олардың жауаптарын жұптармен талқылауын сұраңыз және этностардың даму сатысын графикалық түрде дәптерге орындауын сұраңыз.

2-тапсырма. (топпен) Кластер жасаңыз. 15 мин

Этногенез теорияларының негізінде жатқан негізгі тезистерді анықтаңыз.

Түрлі тәсілдермен қарастырылған этногенездің жалпы (2) және ерекше (3) факторларын анықтау.

Халықтардың қалыптасу тарихынан мысал келтіріңдер (таңдауға)

Халықтар құру туралы қорытынды жасаңыз.

Слайд 6

Қосымша 1

ОБЩЕСТВОЗНАНИЕ11 КЛАСС. ПРОФИЛЬНЫЙ УРОВЕНЬ. Учебник для 11 класса общеобразовательных учреждений. Под редакцией Л.Н. Боголюбова, А.Ю. Лазебниковой, Н.М. Смирновой. 

Қосымша 2

Слайд 7

Сабақтың соңы

5 мин

Оқушыларға стикерлер таратыңыз. Фразаны аяқтауды сұраңыз:

Зерттеліп отырған тақырып мені ... туралы ойлануға жетеледі.

Слайд 8

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1) Тапсырмалар белгілі бір уақыт аралығына беріледі (жасырын дифференциация);

2) Теориялық дайындық деңгейі әртүрлі оқушылар сұрақтарға жауап бергенде өз көзқарастарын ұсынады;

3) Кластер жасай отырып, оқушылар көптеген сұрақтарына жауап ала алады;

4) Студенттердің көпшілігі тарихты зерттеуде өркениеттер мен өркениеттік тәсілдерді жіктей алады;

5) Мықты оқушылар жетекші рөлге шығады («Пікірталас» ойынында);

6) Кейбір оқушылар өркениеттердің өзара тәуелділігі мен өзара әрекеті туралы дербес қорытынды жасай алады

ФБ: мұғалім оқушылар жұмысына пікір айтады, жауаптарын түзетеді, сәтті жауаптарға жағымды пікір білдіреді.

Топтық жұмыстарды смайликтермен бағалау

Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!

Интерактивті тақтаны және планшеттерді 20 минуттан артық қолданбау

Физминутка:

Видеоролик https://www.youtube.

com/watch?v=x0GksFUDFQ4

Мультимедиялық бөлмеде жқмыс істеудің қауіпсіздік техникасы ережелері

  • Тәртіп пен тазалықты қадағалау, қауіпсіздік ережесін сақтау;
  • Мұғалім нұсқауымен жұмыс орнына отыру, өз еркімен орын ауыстырмау;
  • Мұғалім ұсынған жұмыс түрімен ғана айналысу;
  • Мұғалімге кез-келген бақыланатын аппараттық ақаулар туралы немесе бағдарламалық қамтамасыз етудің қате жұмысы туралы дереу хабарлау;
  • Травмалық жағдай болса, әсіресе электр тоғынан зардап шексе шұғыл түрде мұғалімге хабарлау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу