Әлемдік діндер және өркениеттің дамуы. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, дидактикалық материал.


Діндердің дамуының тарихи кезеңдері

 Алғашқы қауымдық құрылыстың бастапқы кезеңдерінде жүздеген мың жылдар бойында адамдардың ойында ешбір діни нанымдар болмаған. Бұл дәуір тарихта "дінсіз дәуір" деген ат аталды. Алғашқы адамдар өздерінің күнделікті тіршілік жағдайымен ғана шұғылданып, табиғат құбылыстарына көңіл бөлмеген. Тек  дамудың  белгілі  бір  сатысында  ғана,  табиғат құбылыстарының сұрапыл, дүлей күштерінің алдындағы өздерінің әлсіздігін сезіне бастады. Міне осы кезден оларға алғашқы діни ұғымдар пайда болып, өріс алды. Ол діни ұғымдар фетишизм, тотемизм, анимизм, магия және шаманизм түрінде адамдардың тұрмыс тіршілігімен, күн көріс тәсілдерімен, дүние танымымен, мәдениет әдет-ғұрпымен, ой - өрісімен тығыз байланыста қалыптасты, дамыды, өзгерді, күрделенді. Бұл діндер ғылымда көп құдайлы діндер /политеизм/ деп аталынды. Сол сияқты қазіргі бір құдайлы діндер /монотеизм/Яһуди, Будда, Христиан, Ислам діндері алғашқы діни ұғымдар негізінде, таптық қоғам тұсында ғана қалыптасты. 1. Дін адаммен бірге пайда болған. Құдай адамға жан бергенде құдайға сенуді бірден ескерткен, олай болса, дін мәңгілік, оған қарсы күресу-жолдан тайғандық деген теологиялық көзқарас бар. Бұл концепция объективтік идеализмнің "әлемдік рух", "абсолюттік идея" сияқты пікірлерімен ұштасып жатыр. Екеуі де табиғаттан тыс күшті мойындайды, соған тәуелді етеді, бір, "құдай" деген түсініктің маңайынан шықпайды. 2. Объективтік идеализм өзінің философиялық негізгі мәселені шешу приціпіне сүйеніп дінді жеке адамның санасынан шығармақ болды. Бұлай айту адамды, бар әлемді құдай жаратты дегенге жай көзбен қарағанда қарсы сияқты, құдайдың өзін адам санасынан шығаратындай болып көрінеді: Шын мәнісінде субъективті идеализмнің "түйсіктер жиынтығы", "түйсіктер қатары" деулері ғылымға жат сипатты, дінге, фидеизмге апаратын жол.

 Дін атаулының қандайының болса да басты белгісі табиғаттан тыс күшке сену. Ол жан, зат, қимыл-әрекет, қасиет, қатынас, байланыс ретінде көрінуі мүмкін. Табиғаттан тыс күште ешқандай шындық /реалдық/ мазмұн болмайды, объективтік заңдылықтарға бағынбайды. Ескертетін бір жәйт-діншіл адам табиғаттан тыс күшті ақиқат /истина/ деп санайды, ол оның өміріне, іс-әрекеттеріне әсерін тигізеді, деп санайды. Бұдан табиғаттан тыс күшке сенудің негізін жерден, адамдардың шындық /реалдық/ қатынастарынан іздеу керек деген қорытынды туады.

 Діни сенімге тән бірнеше белгілер бар. Біріншіден табиғаттан тыс күштің барлығына кәміл сену, діни мифологияның халық ертегілерінен айырмашылығы осы. Екіншіден діни сенімнің табиғаттан тыс күшке эмоциянальды толықтырылып отырылуы. Діни сенім, діни сезімсіз болмайды. Сондықтан да Ф. Энгельс дінді «адамдардың оларға үстемдік жасап тұрған түсініксіз күштерге тікелей эмоцианальды түрде қатысуы» деп атаған болатын.

 Теологтар діни сезімді мәңгілік деп жариялап, адам құдайға деген сүйіспеншілігін білдірмей, өмір сүре алмайды дегенді негізге алады. Үшіншіден адам мен табиғаттан тыс күш арасында өзара қатынас болады дегенге сену. Адам ол күшке жалбарынып қана қоймайды, оны өзіне қызмет етеді деп те ойлайды. Діннің шығуы тек танымға ғана емес, сезімге де байланысты. Жағымсыз эмоциялық сезімдер адамды қынжылтады, қайғыртады, жұбаныш іздетеді. Ал бұлар белгілі жағдайларда діни көзқарастың қалыптасуына себеп болады.

 Тотемизм - рулық қоғамдағы адамдар тобынын шығу тегін жануарларғаөсімдіктерге немесе табиғат құбылыстарына байланыстыру негізінде қалыптасқан сенімдер мен әдет-ғұрып, салт-сананың күрделі жүйесі. Тотемизм Австралия аборигендерінде толық сақталған – тотем болып табылатын белгілі бір жануар не өсімдік түрлері, немесе басқа да заттар мен табиғат құбылыстары аборигендер арасында тығыз байланыс бар екендігіне сену. Туыстың аты оның өзінің тотемінің, мысалы, кенгуру не пияздың атымен аталып, олар өз тотемімен қандас туыспыз деп есептеді. Тотемге сиынған жоқ, бірақ оны басқалардың “әкесі” не “ағасы”, т.б. деп санады. Тотемі бір туыстарға өз тотемін өлтіруге, не оған зияндық жасауға не оны тамаққа пайдалануға тиым салынады. Әрбір туыстың өзінің қасиетті орталығы болды, онда тотемдік әдет-ғұрыптар сақталып, олармен байланысты салт-дәстүрлер орындалды. Жалпы алғанда, тотемизм туыстың табиғи ортамен байланысының идеологиялық көрінісі, бейнесі болды.

 Анимизм – белгілі бір денелер бойында болатын ерекше құдіретті күш иелеріне сену. Анимистикалық сенімдер табиғатқа жан бітірумен байланысты болды. Олардың бастамалары алғашқы қауымдық қоғам кезеңінде-ақ: тасманиялықтарда, австралиялықтарда, отты жерліктерде және басқаларда қайтыс болған адамдардың жаны, шайтандар мен аруақтар туралы түсініктер болды. Магия немесе сиқыршылық — адамдардың басқа адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, тіпті табиғат құбылыстарына әсер ету қабілетіне сену. Бақыланып отырған құбылыстардың өзара байланыстарының шын мәнін түсінбей, кездейсоқ сәйкестіктерді дұрыс түсінбей, кей адамдар сөз және белгілі бір әрекеттер  арқылы басқа адамдарға көмектесуге не керісінше зиян етуге болады деп сенді.

 Магия: “ақ” (қорғаушы) және “қара” (жамандық жасаушы) болып бөлінді. Магияның басқа да систематикасы  әсер ету объектісіне байланысты: өндірістік, махаббат, емдік, т.б. магия болып бөлінді. Көптеген ғалымдардың пікірінше, магия дін бола коймаған, өйткені адамнан күшті құдірет иесін емес, адамның мүмкіндіктерін дәріптейді. Бірақ фетишизм, тотемизм мен анимизмде табиғаттан тыс құдірет қауымдық қоғам кезеңінде-ақ: тасманиялықтарда, австралиялықтарда, отты жерліктерде және басқаларда қайтыс болған адамдардың жаны, шайтандар мен аруақтар туралы түсініктер болды. Ертедегі жер иеленушілік қоғамда Аспан еркек мен  Жер әйелдің арасындағы неке туралы қарсы жағымсыз күштерді бағындыруға тырысты. Егін шаруашылығының пайда болуына байланысты өсірілетін өсімдіктер мен олардың өсіуіне тікелей әсер ететін Күн мен Жердің күші деген ұғым қалыптасты. Мысалы, ирокездер маис, бұршақ және асқабақ “үш апалы-сіңлілер“, “біздің өмір“ не “бізді асыраушылар“ деп олардың рухына табынды. Ирокездердің алты мейрамдарының төртеуі егін шаруашылығына байланысты болды: жаңа жыл, егін себу, көк дән және өнім жинау. Күн – күш иесі, Жер топырақ құнарлылығын көтереді, жаңбыр шақырады, т.б. магиялық ұғымдар кең тарады. Осы сияқты мал шаруашылығында да ұғымдар қалыптасты.

 Қазіргі әлемнің негізгі діндері

Ғалымдардың пікірінше, алғашқы шумерлік қала-мемлекеттердің құрыла бастаған уақытынан бері қарай антроморфтық (адам бейнелі, адамға ұқсастырылған) тәңір туралы түсінік пайда болды. «Тәңірлер - қауымның желеп-жебеушілері, бірінші кезекте, тайпа-қауымның әскери көсемінің жоғарғы абыз қызметімен (алғашында тұрақты емес) қоса атқарылған билігі туралы үғыммен бірігіп кеткен табиғаттың тудырғыш және өндіргіш күштерінің бейнесі болып табылады». Бірақ өркениет пен мемлекеттіліктің ерте сатыларында-ақ шумерлердің жақындасуы мен бірігуі мүмкіндіктеріне қарай, ортақ пантеон (гр. рап - барлық + йіеоз - кұдай) - ертеден қастерленіп келе жатқан қауым құдайларының, біртіндеп соның ішінде бастылары болып шыға бастаған құдайлардың жиынтығы қалыптасты. Әйтсе де, олар бір-бірімен жылдам ортақ тіл табысып кеткен-ді. Шумер пантеонында кем дегенде 300-дей құдайлар болды. Абыздардың пікірі бойынша, дүние жаратылған күні әрбір ауылдық жерге «тіркелінген» «жергілікті» тәңірлерден басқа, барлық табиғат кұбылыстары, адам бойындағы барлық қасиеттер жеке құдайдың немесе жеке әйел кұдайдың «ықпал ететін саласына» кірген. Бірақ басты құдайлар болып, мифологияға сәйкес, аспан кұдайы Аң және жердің әйел-құдайы Ки саналған. Олар ауаның, жауын-шашынның және су тасқындарының кұдіретті кұдайы Энлиляны және су (мұхиттың әміршісі) және кемеңгерлік құдайы Эаны (Эники) дүниеге әкелді. Шумерлерде, бір қызығы, адам балық - Эадан басқа құдайлардың бәрі де іс жүзінде адам кейпінде бейнеленетін болған.

 Иудаизм – еврейлердің діні. Шыққан уақыты б.э.д. ХI ғасыр шамасы. Ертедегі иудей патшалығы территориясында пайда болғандықтан иудаизм деп аталған. Иудей дінінің уағыздары ертедегі еврейлердің әр түрлі жалған наным-сенімдері негізінде қалыптасқан. Көп ғасырлар бойы бұл дін Палестинада, Египет, Ливия, Крит аралы, Рим тұрғындарының, сол сияқты Эфиопия, Қытай халықтары арасында да таралып келді. Иудаизм қазір Израильдің мемлекеттік діні, басқа елдерде тұратын еврейлер арасында да тараған.

  Сонымен иудея діні біздің заманымыздан екі мың жыл бұрын сол кездегі Палестинаның тұрғындары – еврейлердің арасында пайда бола бастайды да, біздің жыл санауымыздан бір мың жыл бұрын біртіндеп бір құдайды уағыздайтын дінге айналады. Ертедегі еврейлердің көшпелі тайпалары ұзақ уақыт бойы ру құрылысы жағдайында өмір сүрді.

 Христиан діні біздің заманымыздың бірінші ғасырында кұл иеленуші Рим империясында пайда болды. Оның шығу тегін білу үшін христиан дінінің пайда болуы және дамуы кезіндегі Рим империясының экономикалық саяси және идеологиялық жағдайына талдау жасау керек. Рим билеуші топтары жүргізген соғыстар аяқталғаннан кейін, өз үстемдігін баянды ету және нығайту үшін, ел билеудің республикалық формасынан бас тартып, монархиялық формасына көшті. Империяға өту дәуірінде "Жаулап алушы римдіктер өзіне бағындырылған барлық елдерде ең алдымен олардың бұрынғы саяси тәртіптерін, ал соңынан жанама түрде өмірдің қоғамдық ескі жағдайларын да талқандады". Бұл дәстүрлі діни нанымдардың жойылумен қатар жүріп отырды.

Римдіктердің қатал тәртіптері мен аяусыз басып- жаншуына, езушілігіне қарсы шыққан құлдар мен езілуші халықтар көтерілістері үнемі сәтсіздікке ұшырап отырды. Құлдар езушілерге қарсы жүргізілген күрес өздерінің түрмысын жақсартады, деген үміттен айрылды. Енді бостандықты езілген бұқара аспаннан іздейтін болды. Сол кездегі әлеуметтік жағдайды сипаттап, Ф.Энгельс былай деді.: "жеке ұсақ тайпалардың немесе қалалардың дүние жүзілік байтақ Рим державасына істейтін қарсылығының бәрі нәтижесіз болды. Сонда құлдыққа ұшырағандар, езілгендер және қайыршыланғандар үшін құтылу жолы, жан сақтау жолы  бір-біріне жат немесе тіпті бір-біріне қайшы мүдделері бар бұл әр түрлі адмдар топтарының бәріне ортақ құтылу жолы. Бұлардың бәрін бір ұлы революциялық қозғалыстың қамтуы үшін қалайда мұндай жолды табу қажет болды.

Мұндай жол табылды. Бірақ бұл дүниеден табылмады. Ол кездегі жағдайда бұл жол тек дін саласында ғана бола алды... Сонымен келіп, христиан діні пайда болды...".

ПРАВОСЛАВИЕ Шығыс империяның шіркеуі грек - православие шіркеуі деп аталды. Шығыс шіркеуі алғашқыда төрт патриархтан; Александрия /Египет/, Антиохия /Сирия және Ливан/, Иерусалим /Палестина/, Константинополь /Туркия/ патриархтарынан құрылады. Грек - православие шіркеуінің басшысы Константинополь патриархы болып саналады. Қазірде бір- біріне тәуелсіз 15 православие шіркеуі бар: Константинополь /Туркия/, Александрия /Египет/, Антиохия /Сирия, Ливан/ Иерусалим, Орыс, Грузия, Сербия /Югославия/, Румын, Болгар, Кипр, Эллада /Греция/, Албан, Поляк, Чехославак және Американдык /соңғы шіркеу 1970 жылы орыс шіркеуінен бөлінді/.

Бұлардан басқа үш автономдық шіркеулер бар /Синай, Финн және жапондық/ бұл шіркеулер жарым жартылай": біріншісі - Иерусалим, екіншісі Константинополь, үшіншісі - Орыс шіркеулеріне бағынады.

Шығыс шіркеуі Византия империясына тәуелді болды. 1054 жылы Византия императоры шіркеу соборын шақырады. Собор шығыс шіркеу жерлерін католик шіркеуіне қосуды талап еткен Рим папасына лағынет айтып, папа мен грек - православие шіркеуінің арасында байланыстың үзілгендігін жариялайды. Сөйтіп, христиан шіркеуінің түпкілікті бөлінуі аякталады. Православие шіркеуінің ілімі Никейде /325 жыл/ және Константинопольде /381 жыл/ тағы басқа жерлерде өткен соборларда қабылданған догмалар негізінде баяндалады. Оның мәні: құдай үшеу де болса — біреу: әке - құдай, бала кұдай, қасиетті рух - құдай, бірақ бұл үшеуі біртұтас қасиетті үштікті /троицаны/ құрады. Құдайдың кереметтігі - үшеуі болса да біреулігінде. Әке құдай ешкімнен ешнәрседен жаралған емес "өмірлік, өзгермейтін, бәрін көріп білетін, әділетті, бәрі қолынан келетін, құдіретті құдай". Ол бізді қоршаған дүниені, соның ішінде о дүниені де жаратты. Бала - құдай, өмір-бақи өмір сүретін құдай. Әке құдайдан туған, қасиетті рух - құдай және бала - құдаймен бірігіп адам өміріне рух берді, ақыл берді, құдайдың құдіретін білдірді, бәрібір ол да - құдай, жалбарына дұға оқу, жасырын ғажайыптар істеу арқылы қасиетті рухпен" байланысуға болады.

КАТОЛИЦИЗМ.  Христиан дінінің әлемге кең тараған екінші бір ағымы католик діні. Католик шіркеуі бір орталыкқа бағындырылған ұйым, оны Рим папасы басқарады. Оның қолында шексіз өкімет билігі мен байлық бар. Ол басты католиктік иерархтарды - кардиналдарды, епископтарды тағайындайды. Кардиналдар коллегиясы - Конклав өз орталарынан папаны сайлайды. Рим папасының резиденциясы - Ватикан, Ватикан - 44 гектар жері бар папалық мемлекет. Католик шіркеуінің негізгі қағидасы: шіркеуде Римнің діни басшысы - папа негізгі роль атқарады, ол Христостың жер үстіндегі "күнәсіз" өкілі, дін жөнінде онымен ешкім таласа алмайды дейді. Католик шіркеуі "тазартқыш" дегенді ойлап шығарған. Шіркеу ілімі бойынша өлгеннен кейін адамның жаны "тазартқышқа" түседі. Осы кезде жанның жұмак немесе тамұққа бару мәселесі шешіледі, "Тазартқышқа" сенушілік католик шіркеуіне көп пайда келтіреді, өйткені жан "тазартқышта" жатқан кезде өлген адамның жақындары садақа беру арқылы оны күнәларынан қүтқара алады, дегенді уағыздайды.

ПРОТЕСТАНТИЗМ. XVI ғасырда Батыс Европа капиталистік қатынастар тууымен байланысты феодалдық құрылысқа қарсы, католик шіркеуі мен папа шылдыққа қарсы күрес формасында әлеуметтік-саяси реформация деп аталған қозғалыс туды. Реформацияға байланысты Европа елдерінде христиан дінінің бір ағымы ретінде протестант діні пайда болды. Барлық протестанттық ағымдар мен шіркеулер ілімі тек "қасиетті жазуды" /свешенное писание/ негіз" етіп алады да, басқадай түрлі діни аңыздарды, Рим папасының беделі сияқты католик дінінің көптеген үйретулерін, уағыздарын қабыл алмайды. Протестантизм католик дінінің иконаға, әулиелерге, Мария кыздың аруағына сиыну сияқты догмаларын мойындамайды. Бұл жағдайлар протестантизмнің феодалдық қоғам тәртіптері мен католик шіркеуіне карсы бағытталғанын көрсетеді. Христиан шіркеуінің үйретуі бойынша евангелиелерді Иисус Христостың аты аталған шәкірттері жазған. Евангелиелердің мазмұндарын тарихи тұрғыдан қарасақ олардың II ғасырдың екінші ширегінен кейін жазылғанын байқау қиын емес. Олай болса, бірінші ғасырда өмір сүрді делінетін апостолдар мен олардың шәкірттерінің бұл кітаптарды жазуы мүмкін емес. Жаңа өсиетке кіретін кітаптардың III ғасырда толықтырып, өңделіп қайта жазылғанын ғылым дәлелдеп отыр. Ал бұл кітаптарда баяндалатын "адам құдай" - Иисус Христос туралы аңыздар әр түрлі замандағы бір-біріне қайшы таптық көзқарастардың бейнесі деуге болады.

Ислам. Басқа да барлық дүниежүзілік діңдер сияқты Ислам дінінің де өзіндік ұзақ тарихы бар. Ол тарих дүние жүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып, шымдасып жатады. Бірақ, Ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты, психологиясына, көңіл күйіне қарай өзіндік ерекшеліктерінің бар екенін аңғарғанымыз жен. Ислам діні-дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында Аравия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Аравиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы - Меккеде шықты. Аравия елі бірқатар бай елдердің орталығында болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Аравия жерін басып өтетін. Осыған байланысты Араб феодалдары жер иелері болуымен бірге, құл жұмсаудан, құл сатудан орасан зор табыс түсіріп отырды. Араб тарихшылары болашақ пайғамбарымыз Мұхаммед (Ғ.С.) Мекке каласының шет жағындағы Каабадан үш жүз метрдей жердегі қара шаңырақта дүниеге келген еді дейді. Бірақ онын кай жылы, қай күні дүниеге келгендігі жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Бірі Мұхаммед (Ғ. С.) Миләдидің-Исаның туылуынан басталатын жыл санауы бойынша 570 жылдың 29 тамызы.  Жазба деректерге қарағанда, ол дүйсенбі күні таңертең Рабиғ әл-Әууәл айының тоғызы, бұл 571 жылдың 20 сәуіріне тура келеді. Аңыздарда күн шықпай тұрғанда-ақ жүзіне керемет нұры құйылған, күпірлік, зұлымдық және надандык тәрізді дүниеде кесел-кесірлердің, жамаңдыктардын бәрінен де айықтырушы, арылтушы сәулесі түсіпті. Дәл мұндай құбылыс ешбір нәресте дүниеге келгенде болмаған. Бұл көз қарықтырған нұр Мұхаммед пайғамбарымыздың туылумен адамзат өмірінде жаңа, бақытты дәуірдің ашылғандығын білдірген екен. Сол қара шаңырақ арада 100 жыл өткеннен кейін мешітке айналдырылған. Казіргі кезде Пайғамбарымыздың туған күнін былай қойғанда қай жылы туылғаны жөнінде әртүрлі пікірлер айтылады. Олардың бірі 569 жылы десе, екіншісі 570 жыл, үшіншісі 571 жыл дейді. Сөйтіп қазір Пайғамбарымыздың туған күні 571 жылдың 29 тамызы, рабиал айының он екісінде, дүйсенбі делінеді. Дегенмен қай жылы дегенімізбен, әйтеуір Мұхаммед  (Мекке қаласы дүрілдеп, атақ-даңқы Каабаның арқасында ғана емес, сауда жолыңда жатқаңдығымен де шықты. Кааба айналасындағы өздері табынатын пұттарға құлшылықетушілермен бірге жәрменкеге Мысыр, Шам, Визаиал, Шым қалаларынан әкелінген кездемелер, қытай жібектері мен шыныдан жасалынған түрлі ыдыстар, металдан жасалған әшекей бұйымдар мен түрлі қару-жарақтар, астыктар мен өсімдік майларын алып кетіп сатты. Сауда-саттық дәуірлеп тұрғанда меккелік құрайштар солтүстік жағынан келген керуендерді қаласа өздерімен бәсекелес иемендіктерге жіберіп, қаламаса жолдарын бөгеп, оңтүстікке қарай жүруіне рұқсат етпей тастады. Йемен саудагерлері керуендерін Жерорта тенізінің жағалауына, Сирия мен Персияға өткізе алмай көбінесе катты таршылық көрді. Осының нәтижесінде Мекке қаласында саудагерлер шаш-етектен пайдаға батты.

Будда діні ең көне дұние жүзілік дін. Оның қалыптасқан кезі б.э.д. VI ғасыр б.э. VIII ғасыр аралығы. Осындай ұзақ уақытта әрине будда діні бір қалпында қалған жоқ. Әртүрлі ортаның экономикалық және рухани ерекшелігімен байланысып будда діні көптеген өзгерістерге ұшырап отырды. Үнді елінің ертедегі діні тотемизмнен, табиғаттағы заттарды "киелі" деп қарайтын және ата-баба дін жораларынан басталады. Үнділердің діни жинағы веда кітабы. Ол кітап құрастырылған заманда /б.э.д. X-V г./ үнділер күнге /сурия/ сиынатын. Аспанды /веруна/, отты /агни/, күннің күркіреуін /индра/ құдай деп білетін. Қоғам тапқа бөлінбеген, мемлекет әлі шықпаған кездегі табиғатқа сиыну және ата-баба жоралары таптық қоғам мен мемлекет құрылған кезде жаңа діни нанымдармен алмасады. Бұл нанымдардың мақсаты таптық қоғамдық құрылысты негіздеу еді. Ертедегі табиғат түріндегі құдайлар біртіндеп мемлекеттік құдайға айналады. Орталықтанған ірі мемлекеттің кұрылуына байланысты бір құдайға табыну түсінігі пайда болды. Жердегі біртұтас патшаға көкте де бір тұтас құдай болуы тиіс. Сол бір құдайды дүниені де адамды да жаратқан Брахма деп атады. Ал құдайға жырмен мақтау айтқан, оларды мадақтаған адамдарды брахман деп атады. Бұл кезде Үнді елінде 4 варнаға бөліну кездесетін. Ең жоғарғы варнаға брахмандар /абыздар/ жататын. Бұлардан кейін кшатрийлер /әскери қолбасшылар/ сосын вайшие /егін шаруашылығымен айналысатындар/ ең төменгі варна шудра деп аталатын. Бұлардан басқа ешбір варнаға енбейтін де адамдар тобы болды.

Лама дінінде монахтар мен монастырлар кең тараған. Буддалық монахтар жүмыс істемейді, олар қайыр садақа есебінен күн кереді. Сондықтан оларды кейде "бхикшу" қайыршы деп тe айтады. Бірақ бұлай деу шындыққа жанаспайды. Әдетте буддалық монастырлардың көбі ірі байлар болды. Будда дінінің ағымдары мен секталарының кәделері мен монастырлық құрылысы әр түрлі болады. Себебі олар өздері тараған елдердегі жергілікті халықтардың діни нанымдарымен астасады. Будда діні тараған елдерде монастырлар өте көп болады. Әрбір семья монахтық өмірге кем дегенде бір ұлын жіберуі тиіс. Ал монах әйелдер өте аз. Монахтардың көпшілігі монастырларда, кейбіреулері жалпы адамдар арасында да тұра береді.

Конфуцийлік туралы әңгімені бастамас бұрын, екі ұлы ойшыл-философ және ғұлама жазушы: француз Вольер (Мари Франсуа Аруэ) және орыс Лев Николаевич Толстойдың ол туралы айтқан ой-тұжырымдарын келтірейік. Алғашқысы былай деп жазды: «Басқа халықтардың салтында бар ырымшылдықтар мен көзбояушылықтар үшін, қытайлықтар өздерін жазғыра алмайды. Қытай үкіметі төрт мың жылдан астам уақыт бойы адамдарды олардың көмегінсіз-ақ алдап билеуге болатынын көрсетіп келді және әлі де көрсетіп отыр; шындық құдайына өтіріксіз де қызмет етуге болады; ырымшылдықтың дінге пайдасынан гөрі зияны кебірек. Құдайға құлшылық ету ешқашанда дәл Қытайдағыдай таза және қасиетті (құдай ашылғанға дейін) болып көрген жоқ. Мен халықтық секталар туралы айтып отырған жоқпын, әңгіме бұл жерде патшалардың, барлық соттардың және қалың бұқараға жатпайтындардың діні туралы болып отыр. Қытайдағы барлық зиялы, ақсүйек адамдардың сан ғасырлар бойғы дінінің мәні неде? Ал оның мәні, міне, мынада: Көкке табыныңдар және әділетті болыңдар.

Көбінесе Конфуций деген атпен танымал болған Кун-фуцзыны ертедегі заң шығарушылардың, діннің негізін салушылардың қатарына қосады, бірақ бүл - үлкен қателік. Кун-фу-цзы салыстырмалы түрде кейінгі заманға жатады. Ол біздің заманымыздан бар-жоғы 550 жыл бұрын өмір сүрген. Ол ешқашанда ешқандай культтің немесе қандай да бір діннің негізін салған емес; өзін құдайдан рухтанған немесе пайғамбар деп жариялаған емес; ол тек ертедегі адамгершілік ұстанымдарын жинақтап, біріктірумен айналысты. Конфуций адамдарды көрген жәбір-жапаларына кешірімді болуға, тек жақсылық пен ізгілікті істерді ғана естерінде сақтауға; өзін-өзі бақылауда ұстауға және кешегі істеген қателіктерін бүгін түзетуге; құмарлықтарын ауыздықтап және достықты қастерлеуге; біреуге бергенде аста-төк етпей, ал алғанда қорланбай, қажеттіні ғана алуға шақырды.

Даосизм б.з.д. ІУ-ІІІ ғасырларда-ақ қалыптасқан Қытай діні. Хикая бойынша, бұл ілімнің құпияларын ерте замандарда аты аңызға айналған Хуан-ди («Сары император», «сары баба») ашқан. Ол Найзағайдың жарқылынан ұрықтанып, дүниеге келген бойда сөйлеп кеткен. Хуандидің бойы ұзын (үш метрге жуық) болған, беті айдаһардікі және күн сәулелі мүйізі, төрт көзі және төрт беті бартын (көптеген ғалымдардың бұл фантастикалық бейнеде Қытай мифологиясына тән дүниенің төрт мүшесінің моделі бейнеленген деп санауы негізсіз емес).

Балта, келі, садақ пен жебе, көйлектер мен туфлилер Хуан-дидің ойлап тапқандары болып саналады. Ерлер мен әйелдердің киіміндегі айырмашылықтарды да сол белгілеген. Ол адамдарды қоңыраулар мен мосыларды қалыптап құюға, құдық қазуға, арбалар мен қайықтар жасауға үйретті. Күн күркірететін құдайдың терісінен керемет қағыран (барабан) жасаған да сол деп есептеледі. Хуан-ди алғашқы «фар-маколог» Шэнь-нунның («күдайдың рақымы түскен егінші») ісін жалғастырушы да еді. Емшіліктің және медицинаның ғылым ретіндегі бастамасының негізін салды (Ежелгі Қытайдың алғашқы медициналық трактаты «Хуан-ди нэй цзин» - «Ішкі дүние туралы Хуан-ди кітабы» деп аталады). Мифологиялық аңыздарға сәйкес, Хуан-дидің Цан-дзе деген серіктесі иероглифтерді ойлап тапқан, ал Жуан Чэн қытай күнтізбесін жасаған. Дао хикаялары бойынша, Хуан-ди өлмеген, ол айдаһардың арқасына мініп, аспанға үшып кеткен де, ажалсыздардың біріне айналған.

Индуизм - Үндістанда пайда болып, қазіргі кезде дамып келе жатқан діни дәстүр. Индуизм - әлемдегі ірі діндердің бірі. Индуизм б.д. дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болды. Ол адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды. Олар: қасиеттері істер жолы; таным жолы; адалдық жолы. Индуизмнің тұңғыш қауымы - «адживака» тақуалық жолын тұтып, тән құмарлығымен күресті.Бұл дінді ұстанушылардың жалпы саны жер бетінде 700 миллионнан асады деген деректер бар. Оңтүстік Азия елдерінде (Үндістан жұртшылығының 83%-ы, Непалда, Шри-Ланкада, Бангладеште индуизмді ұстанады. Оңтүстік-Шығыс Азия (Малайзия, Индонезия, Сингапур) мен Африканың кейбір өңірлерінде де аздап таралған. XX ғасырдан бастап индуизм Еуропа мен Америка елдерінде тамыр жайып, жаңаша ерекшелігімен жұртшылықтың бірден назарын аударды. Бұған осы дінді зерттеуге арналған 18 томдық "Индуизм" атты энциклопедияның дайындалып жаткандығы дәлел десе де болады. Бұл энциклопедияға көптеген елдерден 1250 ғалымның 10000-нан астам ғылыми мақалаларын енгізу көзделіп отыр. Индуизм термині Синдху өзенінің парсы тіліндегі атауы "Хинду" деген сөзден негіз алған. Кейіннен бұл сөз тек өзен мен, оның жағасындағы Үнді елін ғана білдірмей, сол елдегі халықтың атауына айналған.

Зороастризм - (маздеизм, авестизм, отқа табынушылық) - б.з.д. VII - VI ғ.ғ. пайда болған ертеирандық дін. Негізін калаушы Заратустра (Заратуштра), Зәрдеш, гректерде Зороастр деген атпен белгілі. Оның идеяларыежелгі грек философиялық ойының дамуына, әлемдік діндердің қалыптасуына үлкен әсер еткен. Заратустраесімі Платонға белгілі болған. Б.з.д. 6 ғасырда өмір сүрген ұлы ойшылдың туған жері, өскен елі туралығалымдар арасында әртүрлі пікірлер бар. Зерттеуші А. Тарақты оны Сырдария бойында туғандеп санайды. Проф. А. Қасымжановтың пікірінше, Заратустраның өз елінде түрақ таппай, Шығыс Иранда өмір сүргендіктензороастризм парсылық қүбылыс деп есептеленіп, оның алғашқы пайда болған аймағы және оныңтабынушылары көшпелі малшылар болғандығыұмыт қалды. Көпке дейін дәстүр Заратустраның Отаны БатысИран деп келсе, қазіргі заман ғалымдарының басым көпшілігі зороастризмнің отаны Шығыс Иран немесеОрталық Азия деп санайды. Зороастризм туралы «Авестада(қасиетті жазбалар жинағы) және Ф. Ницшенің «Заратустра осылай деді» 

кітабында толық айтылған.

Синтоизм – (жапон. синто - құдайлар жолы) - Жапонияда кең тараған дін, табиғатты алғашқы қауымдық дәріптеуден туындаған рулық және тайпалық құдайларға табыну. 1868 жылдан 1945 жылға дейін мемлекеттік дін болған, оның негізін табиғат пен ата-баба құдайларына табыну құрады. Табынуды дамыту барысында шығармашылық бастау актіидеясы пайда болған, нәтижесінде күн құдайы Аматәрасу - синтоистік жоғарғы құдай пайда болған. Ал оның үрпағы Джиммутенно барлық жапон императорларының аңыздық бастауы болған. Синтоизмде табиғатта өмір сүретін құдайлар мен рухтар бар. Осы рухтар кез келген қолдан жасалған затқа жан бітіруі мүмкін, сол зат табыну нысанына айналады. Синтоизм бойынша өмір мақсаты ата-бабалар идеалын жүзеге асыру, құдаймен рухани бірігу салт-жоралғылар мен сыйыну. Қазіргі заманғы Жапонияда синтоизм өз ұстанымын белгілі бір деңгейде сақтаған, ал оның жаңа секталары ұлттық ділді қалыптастыруға белсене атсалысуда.

Джайнизм - көне үнді философиясының Веда әдебиетіне сүйенбей дамыған ағымы. Джайнизм философиясының негізінде - татва яғни мән туралы ілім жатыр. Татва - дүние құрылатын бастапқы құрылыс материалы сонымен бірге білімнің негізі құрылатын ақиқат.

Секта - бір діни ағымдарға бағытталған оппозициялық ағым; сонымен қатар, ол белгілі бір әлеуметтік топтардың әлеуметтік наразылығын мағыналайды.Секта- беймаза күйдегі адамның әлеуметтік қауіпті ортада адасуы. Сектаның тармағы көп. Бүгінгі таңдағы танымалы 3 қауіпті секталар: діни ағымдағы, сауда-саттық сектасы, магиялық секта.

Мормондар шіркеуі немесе жай ғана мормондар - АҚШ-тағы ең үлкен төрт конфессияның бірі. Соңғы күн әулиелері қозғалысы - Джозеф Смит негізін салған дүниежүзіндегі ең үлкен конфессия. Шіркеу Солт-Лейк-Сити қаласында орналасқан. Сол үшін де Юта штатының түрғындары Соңғы күн әулиелері шіркеуіне келушілер болып саналады.

Иса пайғамбар - бұл діни сенім өкілдерінің пайымдауынша, осы шіркеудің пірі, басшысы. Пайғамбар шіркеуді әулиелердің әулиесіне берілетін қасиет бойынша басқарады деген сенім бар. Бұл шіркеудегі ең жоғары лауазым - шіркеу президенті. Оны келушілер пайғамбардан кейінгі қасиетті адам, апостол деп есептейді. Шіркеу бұл атауды ресми түрде 1838 жылы 16 сәуірде алған Соңғы күн әулиесі - Джозеф Смит негізін салған діни ілімді үстанатын «Соңғы күн әулиелері» қозғалысын насихаттаушы. Пайғамбарларын құрметтейтін «Соңғы күн әулиелері» шіркеуінің қызмет етушілері қасиетті төрт кітаптың бірі Інжілде «Құдайдың сөзі» жазылған деп біледі. Кезінде Джозеф Смиттің шіркеуі деген атқа ие болған Құдай үйі «Соңғы күн әулиелері шіркеуі» деп аталып кеткен. Ондағы мақсат шіркеуді сол кездегі басқа да шіркеулерден ажырату болған. «Мормон» түсінігі басқа да «Соңгы күн әулиелері» шіркеулеріндегі уәымнан өзге магына береді. Бұл түсінік Смит қаза тапқаннан кейін халық арасына тарап кеткен.

Деструктивті діни ұйымдар: жаңа қиындықтар.

Қазіргі заманғы дін - көп конфессиялық кешен, шамамен 5000-нан астам түрлі діндерді біріктіріп отыр. Бұл қазіргі заманғы мемлекеттің алдына қоятын теориялық және ең бастысы практикалық мәселелерін көтеріп отыр. Көп конфессиялы қарым-қатынастарды дамытудың сенімді кепілі, туындаған барлық проблемаларды бейбіт жолмен шешу Конституцияға және біздің мемлекетіміздің заңнамасына сәйкес келеді. Дін әрқашан адам өмірі мен әлемдік өркениеттің тарихында маңызды орынға ие. Өкінішке орай, әлемдік және дәстүрлі діндердің шіркеулердің, миссиялардың, дәстүрлі емес діни ұйымдардың дамуымен қатар олардың миссионерлері мен уағыздаушылары діни ұйымдарды бүлдіргішке ғана емес, сонымен бірге тоталитарлық және экстремистік бағыттарға тарту үшін белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы 17 іс қозғалды.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу