Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып. презентация.
Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы
Оқу мақсаттары
10.1.3.9 қазіргі өркениетке байланысты дүниежүзілік діндердің даму тендецияларын анықтау;
10.1.3.10 қазіргі деструктивті дін ұйымдары мен ағымдарының қоғамға деген әсерін бағалау
Гваделупа бикеш
Латын Америкасының тұрғындары өздері Американың қамқоршысы деп есептейтін бикеш Мария Гваделупаның бейнесіне табынады
Иерусалим – әр түрлі діндердің орталығы
Сунниттік бағыттағы ислам үшін Иерусалим қасиеттілігі жөнінен Мекке мен Мединеден кейінгі үшінші қала болып табылады.
Иерусалим христиандар үшін негізгі қала боп есептеледі. Бұл жерде Жаңа Өсиетте көрсетілгендей Иисус және оның апосталдары қызмет еткен.
Иерусалим – еврей халқы үшін ең қасиетті қала.
Африкандық Американдық шіркеулер
Афроамерикандық христиандық шіркеулер көбіне әлеуметтік мәселелерге (кедейлік, күш көрсету, есірткіні қолдану, түрме министрліктері және расизм) негізделеді.
Қажылық
мұсылмандардың жыл сайын Меккеге жасайтын діни саяхаты.
2017 жылы Меккеге 2,35 миллион қажы келді.
Жұптық жұмыс
Дінді жақтайтын және дінге қарсылық білдіретін аргументтер тізімін жасаңыз,
бір қорытындыға келіңіз
(10 минут).
Бағалау критерийі
діндердің қазіргі уақыттағы маңыздылығын көрсетеді
Дескрипторлар:
өз көзқарасын негіздейді;
өз өмірінен мысал келтіреді
Діни қақтығыстар орын алған аудандардың мысалы
Әйелдердің рөлі, босқындар мәселесі, діни мемлекеттегі атеистердің мәселесі
Ирандағы әйелдердің орны
Иранда орамал тақпайтын (оранбайтын) әйелдерді кездестіру өте қиын. Сыртынан қарағанда олардың ешқандай құқықтары жоқ және толықтай күйеулеріне бағынышты болып көрінеді. Шын мәнінде, ирандық әйелдер белсенді өмір сүреді. Алайда университеттерде ұлдар мен қыздар бөлек аудиторияларда оқиды, жұмыста та әр түрлі бөлмелерде отырады, автобуста бөлек жүреді. Иранда отбасы түсінігі өте қасиетті, ажырасу өте сирек болады.
Босқындар
2016 жылдың соңына қарай босқындардың саны рекордты 65 млн. адамға жетті. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 300 мың адамға көбейген (босқындар ісі бойынша Жоғары комиссар басқармасының есебі).
Қытай сияқты атеистік елдердегі діншілдердің мәселесі
ҚХР Конституциясы азаматтардың діни бостандығына кепілдік береді. Дәстүрлі қытай діні мен философиясында конфуциандық, даосизм и буддизм діндері тоғысқан. Мәдени революция кезінде Қытайда дінге тыйым салынды. Дінге сенетіндердің көпшілігі қытайлықтардың дәстүрлі діні – даосизмді ұстанады.
Нигериядағы азамат соғысы (1967-1970)
Қақтығыс Биафра Республикасын жариялаған шығыс провинциялардың бөлінуге тырысқан әрекеттері салдарынан пайда болды. Нигериядағы азамат соғысы Вьетнам соғысымен бірге 1960-жылдардағы ең қанды соғыс болып табылады. Бұл соғыста әскери қылмыстардың, аштықтың және аурудың салдарынан 700 мыңнан 3 млн-ға дейін адам (негізінен Биафраның тұрғындары) қаза тапты.
Солтүстік Ирландиядағы католиктер мен протестанттар арасындағы қақтығыс
Қақтығыс британдық орталық билік пен жергілікті республикалық ұлттық ұйымдардың (католиктердің мүддесін көздейтін солшыл бағыттағы) арасында аймақтың статусына қатысты пайда болды. Ерегістің салдарынан осы уақытқа дейін екі жақтан 3 524 адам мерт болды, оның 1 857-сі қарапайым адамдар.
Жұптық жұмыс
Діннің кесірінен болған мәселелерді талқылаңыз. Олардың ішінде қайсысы маңызды екендігін анықтайтын критерийлерді таңдаңыз (проблемаға душар болған адамдардың саны, проблеманың әсерінің күштілігі және әсер ету мерзімінің ұзақтығы) (15 минут).
Бағалау критерийі
діни қақтығыстардың салдарын анықтайды
Діндер диалогы сферасындағы Қазақстан Республикасының бастамалары
Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың өте маңызды бастамасы – әлемдік және дәстүрлі діндердің съезі. Бірінші съезд 2003 жылы болды, содан бері бұл форум Батыс пен Шығыстың арасындағы диалог алаңына айналды.
Бекіту
Дін адамзатқа көбірек пайда әкелді ме әлде зиян ба?
Рефлексия
бүгін не үйрендіңіз?
не нәрсе түсініксіз боп қалды?
не ұнамады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?