Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10А.3. Әлем өркениеттерінің тарихы | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақ тақырыбы | Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.1.3.9 қазіргі өркениетке байланысты дүниежүзілік діндердің даму тендецияларын анықтау; 10.1.3.10 қазіргі деструктивті дін ұйымдары мен ағымдарының қоғамға деген әсерін бағалау | |||||
Сабақ мақсаттары | әлемдік діндердің өркениеттердің дамуына әсерін бағалау | |||||
Бағалау критерийлері | діндердің қазіргі уақыттағы маңыздылығын көрсетеді Дескрипторлар:
| |||||
Тілдік мақсаттар | айтылым және тыңдалым (сұрақтарға жауап береді) оқылым (мәтінмен жұмыс) Пәнге қатысты лексика мен терминология: әлемдік дін, нимб, уағыз Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: ортақ құндылықтар болып келесідей түсініктер табылады: | |||||
Құндылықтарды дарыту | құрмет (іс-әрекет арқылы: оқушылар бір-бірінің пікірін тыңдайды) толеранттылық (мазмұн арқылы: діндер басқа адамдарға қатысты шыдамды болуға үйретеді) | |||||
Пәнаралық байланыстар | география (мазмұн арқылы: діндер әлемнің түкпір-түкпіріне таралған) | |||||
Бастапқы білім | әлемдік діндердің ерекшеліктері туралы біледі | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру сәті. Оқушылармен амандасу. Алғашқы білімдерін еске түсіру (2 минут). Тақырыпты және сабақ мақсатын таныстыру (1 минут). Қазіргі таңда дін маңызды рөл атқарып келе жатқан аймақтарды мысалға келтіру (2 минут). | Презентация «Әлемдік діндер» | ||||
Сабақтың ортасы | Жұптық жұмыс. Оқушылар қазіргі замандағы діннің маңыздылығы туралы қарсы немесе қарсы емес екендіктеріне дәлелдеме тізімін жасайды (10 минут). Қазіргі заманда діннің кесірінен туындаған мәселелер туралы бірнеше мысал келтіру. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері діни қақтығыстар орын алған өңірлер туралы айту. Оқушыларды олар келесі әрекетінде қолданатын сайтқа бағыттау (3 минут). Жұптық жұмыс. Оқушылар діннің кесірінен болған мәселелер тізімін талқылайды. Оларды маңыздылығы бойынша орналастыру үшін арнайы критерийлер ойлап табады. Мысалы, проблемаға тап болған адамдардың саны, ықпалының күштілігі, әсер ету мерзімінің ұзақтығы (15 минут). Оқушыларды Қазақстан Республикасының әлемдік діндер диалогын ұйымдастырудағы рөлімен таныстыру (2 минут). Бекіту. «Дін адамзатқа көбірек пайда әкелді ме әлде зиян ба?» деген сұрақ төңірегінде пікірталас өткізу (3 минут). | Презентация «Әлемдік діндер» Заманауи діни қақтығыстар https://sites.google.com/site/vreligion/sovremennye-religioznye-konflikty | ||||
Сабақтың соңы | Оқушылардың жұмысын критерийлерге сәйкес бағалау (1 минут). Оқушылар сабақта нені білгендігі әрі не нәрсені түсінбегендігі жайлы рефлексия жасайды (2 минут). Үй жұмысы. Оқулықта берілген параграфты оқып келу. | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылардың коммуникативтік дағдылары анықталады. Ұсынылған тапсырмалар мен дидактикалық материалдар оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Мысалы, сұрақтардың деңгейі біртіндеп күрделеніп, Блум таксономиясының жоғары деңгейдегі дағдыларына өтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ айтылым, тыңдалым дағдысы ерекше оқушылардың қажеттілігі ескерілді. | Мәтінмен жұмыс және сұраққа жауап | Партада дұрыс отыру ережелері еске салынады. Мойынға жаттығулар жүргізіледі. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?