Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, презентация.


Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы

Оқу мақсаттары

10.1.3.6 дүниежүзілік діндердің кезеңі мен дамуының өзгешеліктерін сипаттау;

10.1.3.7 дүниежүзілік діндердің философиялық негіздерін түсіндіру;

10.1.3.8 дүниежүзілік діндердің жалпыморальдық құндылықтарын айқындау

Діндер картасы

Сұрақтарға жауап беріңіздер

- Біз қандай әлемдік діндер туралы білеміз?

- Діндерді «жастарына» қарай орналастырыңыз, әр дін қай кезде пайда болғаны туралы есіңізге түсіріңіз

• Буддизм;

• Христианство;

• Ислам

- Осы діндердің пайда болуы қандай тарихи тұлғалардың есімімен байланысты?

- Өнерде діни образдарды қалай атайды?

- Будданы суреттеген кезде қандай канондарды негізге алады?

- Будданың денесінің қай жерлері ерекше роль атқарады?

- Дева Мария – ол кім болған?

- Христостың басындағы нимб нені білдіреді?

- Неге исламда Мұхаммед пайғамбардың көркем образы жоқ?

Әйгілі философтардың дін туралы ойы

Канттың ойынша, адам еркін тіршілік иесі ретінде моральдық заңдарға бағынуы керек. Бірақ, біздің қоғамда оған қол жеткізу мүмкін емес, демек жан өлмейді және де Құдай осыған кепіл бола алады. Діннің жақсысы – христиандық, ең алдымен оның протестанттық түрлері

Әйгілі философтардың дін туралы ойы

Гегельдің ойынша, дін – Абсолюттік рухтың өзін-өзі тану үрдісіндегі нысаны. Дін философиямен тең. Оларға ортақ бір ұғым – мәңгілік шындық – Құдай және Құдайды түсіну. Бірақ олардың зерттеу әдістері бірдей емес: дін Құдайды сезім мен идея арқылы зерттейді, ал философия түсіндірме мен заң арқылы зерттейді.

Әйгілі философтардың дін туралы ойы

Фейербахтың пікірінше, дін адамның мінезінің ең жақсы белгілерін тартып алып, оларды абсолют деңгейіне көтеріп, оларға табынудан пайда болған. Сондықтан Фейербах бұндай дінді құрту керек, оның орнына бір адамның екінші адамға табынуын немесе бір адамның екінші адамға дейтін махаббатын қою керек деген көзқараста болды.

Әйгілі философтардың дін туралы ойы

Вебер дін дейтін әлемнің иррационалдығынан (қате ойынан) және адам өмірінен пайда болады деген. Дін қоғамдық істерге мағына береді; дін әлемді түсіндіру және күнделікті іс-әрекет пен тәрбиеге рационалдық жолды көрсетеді. Вебер протестанизмнің Батыс Европадағы капитализмның дамуына қалай әсер еткенін зерттеді.

Топтық жұмыс

Мәтіндерді (Христостың уағызы, Мұхаммедтің қоштасу уағызы, буддистердің сегізгерлік құтқару жолы) оқып, әлемдік діндер үйрететін ортақ моральдік құндылықтарды анықтаңыз

(12 минут).

Бағалау критерийі

әлемдік діндердің жалпыморальдық құндылықтарын анықтайды

Дескрипторлар:

әлемдік діндердің пайда болу кезеңі мен дамуының өзгешеліктерін сипаттайды;

әлемдік діндердің философиялық негіздерін түсіндіреді

Бекіту

Зерттеудің нәтижесі туралы үш сөйлемнен жазып және басқа оқушылардың алдында оқып беріңіз.

Рефлексия

бүгін не үйрендіңіз?

не нәрсе түсініксіз боп қалды?

не ұнамады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу