Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып. сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10А.3. Әлем өркениеттерінің тарихы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.1.3.6 дүниежүзілік діндердің кезеңі мен дамуының өзгешіліктерін сипаттау;

10.1.3.7 дүниежүзілік діндердің философиялық негіздерін түсіндіру;

10.1.3.8 дүниежүзілік діндердің жалпыморальдық құндылықтарын айқындау

Сабақ мақсаттары

әлемдік діндердің ерекшеліктерін анықтау

Бағалау критерийлері

әлемдік діндердің ортақ моральдік құндылықтарын анықтайды

Дескрипторлар:

  • діндер белгілі бір құндылықтарға қалай баулитынын түсіндіреді;
  • аталған құндылықтардың өркениеттердің дамуына әсерін бағалайды

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

әлемдік дін, нимб, уағыз

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

ортақ құндылықтар болып келесідей түсініктер табылады:

Құндылықтарды дарыту

құрмет (іс-әрекет арқылы: оқушылар бір-бірінің пікірін тыңдайды)

толеранттылық (мазмұн арқылы: діндер басқа адамдарға қатысты шыдамды болуға үйретеді)

Пәнаралық байланыстар

география (мазмұн арқылы: діндер әлемнің түкпір-түкпіріне таралған)

Бастапқы білім

оқушылар діннің не нәрсе және қандай діндер бар екендігін біледі

 Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру сәті. Оқушылармен амандасу. Алғашқы білімдерін еске түсіру (2 минут).

Тақырыпты және сабақ мақсатын таныстыру (1 минут).

Әлемдік діндердің таралу картасын көрсету, діндердің пайда болу уақыты мен негізгі қағидалары туралы сұрақтар қою:

1. Біз қандай әлемдік діндерді білеміз?

2. Діндерді «жастарына» қарай орналастырыңыз, әр дін қай кезде пайда болғаны туралы есіңізге түсіріңіз

• Буддизм;

• Христианство;

• Ислам.

3. Осы діндердің пайда болуы қандай тарихи тұлғалардың есімімен байланысты?

4. Өнерде діни образдарды қалай атайды?

5. Будданы суреттеген кезде қандай канондарды негізге алады?

6. Будданың денесінің қай жерлері ерекше роль атқарады?

7. Дева Мария – ол кім болған?

8. Христостың басындағы нимб нені білдіреді?

9. Неге исламда Мұхаммед пайғамбардың көркем образы жоқ?

(7 минут).

Презентация «Әлемдік діндер»

Сабақтың ортасы

Оқушыларды атақты философтардың дінге дейтін көзқарасымен қысқаша таныстыру (5 минут).

Жұптық жұмыс. Оқушыларға келесі дереккөздерін беру:

1. Христостың уағызы;

2. Мұхаммедтің қоштасу уағызы;

3. Будистердің сегізгерлік құтқару жолы

Осыдан кейін оқушылар әлемдік діндердің жалпы моральдық құндылықтарын табады (12 минут).

Бекіту. Қорытынды шығару үшін әр оқушыға ортақ зерттеудің нәтижесі туралы үш сөйлемнен жазып және басқа оқушылардың алдында оқып беруін ұсыну (10 минут).

Тапсырманы саралау. Альтернативті тапсырма ретінде жекелеген оқушыларға келесі тақырыпта қысқаша эссе жаздыруға болады: «Дін – қысқа, жүрекке арналған даналық».

Ол үшін төмендегі жоспарды ұсыну:

1) осы пікірге байланысты бастапқы мәселені тұжырымдаңыз;

2) осы пікірдің негізі не болуы мүмкін деген мәселені анықтаңыз;

3) сіз 2 пунктта ойлаған негіздердің әділеттігін бағалаңыз (аргументтер келтіріңіз);

4) қандай аргументтер айтылған ой-пікірді қолдайтынын, қандай аргументтер қолдамайтынын анықтаңыз;

5) тұжырымдалған мәселеге өзіндік ой-пікіріңізді дәйектеңіз (мысалы, дін мен ойдың бір-бірімен қандай қатысы бар).

Презентация «Әлемдік діндер»

Будистердің сегізгерлік құтқару жолы https://indiada.ru/religia/buddizm-osnovnye-idei.html

Христостың уағызы http://www.pravmir.ru/nagornaya-propoved-mf-5-7/

Мұхаммедтің қоштасу уағызы http://umma.ru/propovedi/propovedi-ildara-alyautdinova/8111-proshchalnaya-propoved-proroka-mukhammada

Сабақтың соңы

Оқушылардың жұмысын критерийлерге сәйкес бағалау (1 минут).

Оқушылар сабақта нені білгендігі әрі не нәрсені түсінбегендігі жайлы рефлексия жасайды (2 минут).

Үй жұмысы. Оқулықта берілген параграфты оқып келу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың коммуникативтік дағдылары анықталады. Ұсынылған тапсырмалар мен дидактикалық материалдар оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Мысалы, сұрақтардың деңгейі біртіндеп күрделеніп, Блум таксономиясының жоғары деңгейдегі дағдыларына өтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ айтылым, тыңдалым дағдысы ерекше оқушылардың қажеттілігі ескерілді.

Мәтінмен жұмыс және сұраққа жауап

Партада дұрыс отыру ережелері еске салынады. Мойынға жаттығулар жүргізіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу