Өркениеттің дәстүрлі (аграрлық) түрі: отырықшы-егіншілік және көшпелі. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, қосымша материал 2.


 Дәстүрлі қоғамның ерекшеліктері.

 

 Дәстүрлі қоғам – өз мазмұнында адамзат дамуының индустрияға дейінгі даму кезеңі туралы түсініктерінің жиынтығын құрайтын, дәстүрлі әлеуметтану мен мәдениеттануға тән ұғым.

 Дәстүрлі қоғам экономикасына натуральды шаруашылықтың үстемдігі тән болып есептеледі. Тауарлы қатынастар мүлдем болмайды немесе әлеуметтік элитаның аз бөлігінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі түрі қоғамның қатаң иерархиялық стратификациясы болып табылады. Ол негізінен эндогамдық касталарға бөлінуден көрінеді. Дегенмен халықтың басым бөлігі үшін әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі түрі жабық, оқшауланған қауым болып табылады. Соңғы жағдай ұжымдық әлеуметтік түсініктердің үстем болуын, тұлғаның жеке бостандығын, сондай-ақ оның құндылығын мойындамауға және дәстүрлі іс-әрекет нормаларын қатаң ұстануға бағытталады. Касталық бөліспен бірге бұл ерекшелік әлеуметтік мобильділік мүмкіндігін мүлдем болдырмайды. Саяси билік жеке топ (каста, рулық қауым, отбасы) шеңберінде монополиянады және көбіне авторитарлық сипатта болады. Дәстүрлі қоғамның негізгі белгісі жазудың болмауы немесе жеке топтардың артышылығы (шенеуліктер, абыздар) ретінде болуы. Көп жағдайда жазу халықтың басым бөлігінің сөйлейтін тілінен басқа тілде дамиды (латын – ортағасырлық Еуропада, араб тілі – Таяу Шығыста, қытай жазуы –Қиыр Шығыста). Сондықтан ұрпақаралық мәдениет тасымалы вербальды, фольклорлы түрде жүзеге асады, ал негізі әлеуметтену институты отбасы мен қауым болып табылады. Оның салдары бір этностың жергілікті және диалектілі әртүрліліктен көрінетін мәдениетінің тым көп нұсқалылығы.

 Дәстүрлі қоғамдарға қауымдық қоныстар, қанды-туыстық байланыстардың сақталуы, еңбектің негізінен қолөнер және аграрлы түрлері басым этникалық қауымдастықтар жатады. Осындай қоғамдардың пайда болуы адамзат дамуының ең ерте кезеңдеріне, алғашқы қауымдық мәдениетке жатады.

 Алғашқы қауымдық аңшылардан XVIII ғасыр соңындағы өнеркәсіп төңкерісіне дейінгі кез келген қоғамды дәстүрлі қоғам деп атауға болады.

 Дәстүрлі қоғам – дәстүрмен реттелетін қоғам. Бұл қоғамда дәстүрлерді сақтау дамудан қарағанда жоғары құндылық болып табылады. Қоғамдық құрылыс қатаң сословиелік иерархиямен (әсіресе Шығыс елдерінде) және тұрақты әлеуметтік құрылымдардың болуымен, дәстүрлерге, ғұраптарға негізделген қоғам өмірін реттеудің ерекше тәсілімен испатталады. Қоғамды ұйымдастырудың осы түрі өмірдің әлеуметтік-мәдени қағидаларын өзгеріссіз түрде сақтауға тырысады. Дәстүрлі қоғам – аграрлық қоғам.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу