Өркениеттің дәстүрлі (аграрлық)түрі: отырықшы-егіншілік және көшпелі. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, қосымша материал.


 Отырықшылық

   Отырықшылық – халықтың бір жерде қоныстануы, тұруы. Жергілікті жер жағдайы мен табиғат ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанды ерте заманда мекендеген көне түркі тайпалары ғасырлар бойы көшпелі мал ш-мен айналысты. Дегенмен өзен-көл жағалаулары мен құнарлы аймақтарда егіншілік те қатар дамыды. Қазақстан жерін мекендеген түркі тілдес тайпалар 6 ғ-да Ертіс өңірінде, Сыр бойында және Жетісуда егіншілікпен айналысып, отырықшылық өмірге дағдылана бастады. 6 – 7 ғ-ларда Түрік қағандығы тұсында Шу, Талас, Сырдария аңғарларында мал ш-мен қатар егіншіліктің де дамуы О-ты жеделдетті. Далалық солт. аудандарда бұл процесс баяу жүрді. 6 – 7 ғ-ларда қазақ жері арқылы Орта Азияны Қытаймен байланыстырған “Ұлы Жібек жолы” өтті. Бұл жол бойында отырықшыл Суяб, Құлан, Тараз, Меркі қ-лары болды. Тұрғындары саудамен де, егіншілікпен де айналысты. 8 – 10 ғ-ларда қарлұқ тайпалары Қазақстанның Балқаш пен Ыстықкөл аралығын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шань баурайларын қоныстанып, отырықшылық өмір салтын ұстанды. Осы мемлекеттің солт.-батыс жағында Сырдарияның орта және төм. ағысында және осыған жапсарлас Бат. Қазақстан даласында 9 – 10 ғ-ларда өмір сүрген оғыз тайпаларының мемлекетінде отырықшылықпен айналысқан Суяб, Тараз, Жент, Жаңакент қ-лары болды. Жетісудың оңт.-батысындағы Құлан, Ақтөбе, Меркі, Жуантөбе қалалары Қырғыз жотасындағы өзендер бойына салынып, өркендеді, отырықшылықтың басты белгілері саналған қолөнер мен сауда орт-тары стратег. маңызға ие болды. 10 – 12 ғ-ларда Қазақстанда қалалар мен қалалық қоныстар шапшаң өсіп, Іле алқабында 56 қаланың іргесі қаланды, Шу мен Талас алқаптарында, Сырдария бойында отырықшылыққа көшкен ондаған қала қоныстары орнады. Қала мәдениеті Орт. Қазақстанда Ұлытау бөктерінде Сарысу, Нұра, Кеңгір өзендері алқаптарында да дамыды. Осы кезеңде Отырар өңірі отырықшы өркениеттің ірі орт. болды. Отырар алқабындағы ирригац. көп тармақты жүйе суландырудың құрамдас бөлігін түгелдей қамтыды. Исфиджаб, Отырар, Тараз қ-лары басты сауда орт-тары болды. Отырықшы-егіншілік мәдениет пен қалалардың көбейіп өсуі этн. шоғырлану процесін күшейтті. Қазақ хандығы тұсында мемлекет экономикасының мешеулігі салдарынан оңт-тегі қалалар құлдырап, О. саябырлады. Хандықтың саяси-әкімш. және сауда-экон. орт. Сығанақ, ал астанасы Түркістан қ-лары болды. 17 – 18 ғ-ларда қазақ даласында отырықшы, көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылық түрі дамып, егіншілікпен оңт-те ғана айналысты, елдің басым бөлігінде мал ш. негізгі күнкөріс көзі болды.. Әбед.: Аманжолов К., Рахметов І., Түркі халықтарының тарихы, А., 1996 – 97; Қазақстан тарихы, 1– 3 т., А., 1996 – 2002; Қазақ қоғамындағы әкімшілік-шаруашылық жүйелердің эволюциясы, А., 1999. Н. Жанақова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу