Өркениеттің дәстүрлі (аграрлық)түрі: отырықшы-егіншілік және көшпелі. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10А. Бөлімі. Өркениет: даму ерекшеліктері | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалім: | ||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Өркениеттің дәстүрлі (аграрлық)түрі: отырықшы-егіншілік және көшпелі | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Көшпелі және отырықшы өркениеттердің ерекшкліктерін анықтау. Көшпелі және отырықшы өркениеттердің ерекшеліктерін салыстыра отырып, ұқсастықтары мен айрмашалықтарын анықтау. | ||||||||||
Бағалау критерийлері | Шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдайды | ||||||||||
Тарихи концепт | Ұқсастық пен айырмашылықтар | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: - сабақтың бастапқы кезеңінде сабақтың негізгі терминдерінің анықтамаларын ауызша тұжырымдайды; - салыстырмалы диаграмманы толтыру барысында дәстүрлі қоғамның түрлерін ауызша және жазбаша сипаттайды; - сабақтың соңында көшпелі және отырықшы өркениеттің өз күнделікті өміріне жасаған әсерін ауызша және жазбаша сипаттайды. Пәнге тән лексика мен терминология: кошпелі өркениет, номадизм, отырықшы өркениет, көшпелі мал шаруашылығы, материалдық мәдениет, рухани мәдениет. Жазылым мен диалогқа керекті тіркестер: Менің ойымша, отырықшы өркениет... Менің ойымша, көшпелі өркениет... Менің пікірмше, ... өркеніеттің маңызы... | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Мәдени құндылықтарға құрметпен қарау, азаматтық ұстаным | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Мұғалім PowerPoint форматындағы презентацияны пайдаланады. Оқушылар мәтіндік материалды талдайды, графикалық сызбаларды толтырады. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Әлеуметтану | ||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар Қазақстан тарихы сабақтарынан алған отырықшы және көшпелі өркениеттердің белгілері туралы білімдері пайдаланады. Сонымен қатар, оқушылар «өркениет», «дәстүрлі қоғам» ұғымдарын біледі. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы (5 минут) | (М) Ұйымдастыру кезеңі. (С) Оқушылардың назарларына көшпелі өркениеттің ерекшеліктерін сипаттайтын үзіндіні ұсыну: Көшпелілер өркениеті бұл дегеніміз қоныстар мен соқпақтар, тайпалар арасындағы ниеттестік, аштық, арақашықтық, жануарлармен тығыз байланыстар. Отырықшы адамдар үшін олар қатыгез, тұйық, қараңғы, діннен ада болып көрінеді. Осындай қоғамды мәдениетті адам «жабайы» деп санайды. «Цивилизациум» энциклопедиясынан үзінді. Келесі сұрақты қою: отырықшы өркениет көшпелі өркениетке қарағанда дамыған деген пікірмен келісесіздер ме? Оқушыларды өз жауаптарын түсідіруге бағыттау. (М) Оқушыларға олар дәстүрді қоғамының белгілерін қарастыратындығын хабарлау. Сыныппен мақсаттар мен бағалау критерийлерін талқылау. | Презентация слайдтары «Цивилизациум» энциклопедиясынан үзінді. https://sites.google.com/site/civilizacium/home/civilizacium/kocevaa-civilizacia | |||||||||
Сабақтың ортасы (30 минут) 5 минут 12 минут 8 минут 5 минут | (С) Білімді өзектендіру. Оқушыларға келесі сұрақты қою: Отырықшы және көшпелі өркениет деген ұғымдардың мағынасын қалай түсінесіздер? (Ж) (ф) Оқушылар берілген дереккөздің негізінде Эйлера-Венн салыстырмалы диаграммасын толтырады. Жұпта оқушылардың біреуі көшпелі өркениет жайындағы мәтінде оқиды, екіншісі отырықшы өркениеттің ерекшеліктерін қарастырады. Жұптық жұмыстың барысында оқушылар көрсетілген санаттар бойынша (шаурашылық, әлеуметтік құрылым, мәдениет) отырықшы және көшпелі өркениеттердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтайды. Дескрипторлар Оқушы: - отырықшы және көшпелі өркениеттердің арасындағы 3-4 айырмашалақтары мен ұқсастықтарын анықтайды; - шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдап, қорытынды жасайды. Келесі кезеңде оқушылар жұмыс нәтижелерін талқылайды, мұғалім ауызша кері байланысты беруі тиіс. Сонымен қатар, жұптық бағалау рәсімін өткізуге де болады. (Ж) (ф) Оқушылар алған білімдерін жинақтап, келесі сұраққа қысқаша жауап береді: «отырықшы және көшпелі өркениеттерің әсері: А) менің өмірімде; Б) отбасымның өмірінде; В) мемлекетімнің өмірінде қандай көрініс табады?» Оқушылар көрсетілген нұсқалардың бірін таңдап, сәйкес мысаларды келтіре отырып, қорытынды жасайды. Дескрипторлар Оқушы: - белгілі бір нұсқаны таңдайды (А, Б, В); - көшпелі және отырықшы өркениеттердің жетістіктерін көрсете отырып, сұраққа жаап береді; - ойын қорытындылайды. (С) Келесі кезеңде кейбір оқушылар өз жауаптарын оқиды. Мұғалім ең табысты жұмыстарды белгілей отырып, ауызша кері байланысты беруі тиіс. Сонымен қатар, кері байланысты оқушылар да берулері мүмкін. | Презентация слайдтары Көшпелі өркениет Отырықшы өркениет http://www.kazportal.kz/osedlaya-zemledelcheskaya-kultura-kazahstana-v-v-xiii-vv/ | |||||||||
Сабақтың соңы (5 минут) | (С) Сабақ қорытындысын жасау. Сабақ рефлексиясы «Синквейн». Келесі ұғымдарға синквейн жасаңыздар: отырықшы өркениет, көшпелі өркениет (оқушылар бір ұғымды таңдайды). Синквейн 5 жолдан тұрады: 1 жол – ұғым (1 сөз). 2 жол – сын есім (2 сөз). 3 жол – етістіктер (3 сөз). 4 жол – сөйлем (4 сөзден тұратын сөйлем құрастырылады). 5 жол – зат есім (берілген ұғымның синонимі) Қосымша ақпарат: сын есімдер мен етістіктер берілген ұғымның мағынасын ашады, сөйлем мағыналы болуы тиіс. | Презентация слайдтары | |||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Тапсырмалар жасырынды дифференциация бойынша дайындалған. Қабілетті оқушылар қабілеті төменірек оқушыларға жұптық жұмыс барысында көмек көрсетеді. Сонымен бірге, жеке жұмыс барысында оқушылар өз деңгейлеріне сәйкес бір нұсқаны таңдайды. | Мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. Өзара бағалау жүргізіледі. | Оқушылардың денсаулығы және қауіпсіздігіне қауіп жоқ. Сабақтағы белсенділік – оқушылар сабақ іс-әрекеттің ауысуына байланысты қозғалыс жасайды. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Сабақ бойынша рефлексия |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақбарысында сынып туралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?