Қазіргі әлемде білім берудің маңызы қандай? Дүние жүзі тарихы, 9 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша А
Тапсырма: Мәтінді оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз
- Білім берудің негізгі ерекшеліктері қандай?
- Қазіргі білім беру жүйесінің дамуы қалай жүзеге асты?
- Қазіргі білім беру жүйесінің өзгеруіне не әсер етті?
Әлемдегі білім беру жүйесінің негізгі даму бағыттары.
Әлемдегі білім беру жүйесі мақсаттарының өзгерісі. Қазіргі таңда адамның руханилығының, оның өзін-өзі құруында, жеке тұлға ретінде қалыптасуында «білім беру = оқыту» парадигмасы «білім беру = қалыптасу» парадигмасына өзгергені жайлы айту қажет.
Білімі жоғары адам кез келген саланың маманы бола алады, сондықтан жаңартылған білім беру жүйесі жекелей тұлға мен мемлекет үшін де стратегиялық жоспарда ең тиімді нвестициялық сала ретінде қарастырылуы керек.
Білім беру саласы мәдениетті тарату мен кәсіптік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығы болудан қалса, онда білім беру қызметінің кез-келген формасына тән, оқу үрдісінің аясындағы оқу пәні оның мақсаты бола алмайды.
Жаңа білім беру жүйесі «қалыптасып келе жатқан» субъектіде даралық пен кәсібилікті дамытуға бағыттайды. Адамдардың санасында ұжымдық түсінігі әліде сақталуда.
Қазіргі таңдағы білім берудің негізгі үрдісі
Қоғамда білім саласының рөлі адамдардың білімі, дағдысы, жеке және кәсіби қабілеттерінің дамуымен анықталады. Бұндай жағдай 20 ғасырдың екінші жартысынан бастап көрініс алған. Ақпараттық революция мен ақпараттық қоғамның қалыптасуы, әлеуметтік және экономикалық дамудан гөрі ақпарат пен білімді алдыңғы жоспарға қойып отыр. Қазіргі таңда табыстың көздері білімде, сонымен қатар инновация және оны тиімді қолдану әдістері екенін байқауға болады.
Постиндустриалды экономикадағы жұмысшы жаңа білімді, ақпаратты, білікті, дағдыланған сипатқа ие болады. Экономикасы дамыған ақпараттық қоғамда жұмысшылар өздерінің мамандықтарын бір неше рет ауыстыра алады және үнемі біліктілік санаттарын жоғарлатады.
Білім саласы ақпараттық қоғамда эконика саласымен қыйлысады, ал білім беру қызметі өз кезегінде экономикалық дамудың маңызды бөлігіне айналуда. Алайда мына жағдайда естен шығармау қажет, яғни ақпарат пен теориялық білімдер, елдің егемендігін анықтайды және ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық ресурстары болып табылады.
Дамыған елдерде біртіндеп жүзеге асырылып жатқан индустриялық қоғамнан ақпараттық қоғамға өту көптеген елдердің дамуындағы артта қалушылықты шегінен шығару мәселесін күшейтуге қауіп төндіреді. Ақпараттық қоғамды қалыптастыруда дамушы елдерден адами, зияткерлік әлеуетін сапалы түрде арттыруды талап етеді және сол арқылы білім беру саласын қоғамдық дамудың алдыңғы қатарына шығарады. Дамыған елдердің әлеуметтік-экономикалық даму болашағы білім беру саласындағы мәселелердің шешілуіне байланысты, әлемдегі жаһандық мәселе артта қалушылықты жоюдың да шешімін табады.
Барған сайын білім беру формалды мектепте және тіпті университеттік біліммен анықталмауда.
Кез-келген іс-әрекет, егерде оның мақсаты жаңа дағдылар дамыту арқылы жеке адамдардың көзқарастары мен мінез-құлық үлгілерін өзгерту болса, онда бұл білім беру ретінде түсіндіріледі.
Білім беру қызметтерін мектептер мен университеттер ғана емес, әртүрлі әлеуметтік институттар да орындайды. Ең маңызды білім беру қызметтерін кәсіпорындар алады. Себебі, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрамында міндетті түрде кадрларды даярлау және қайта даярлаумен айналысатын бөлімшелері болады.
ЮНЕСКО-ның «Болуға үйрену» атты баяндамасында айтылғандай, білім беру тек мектептермен шектелмеуі керек. Барлық қолданыстағы мекемелер, олар оқытуға бейімделгенбе немесе жоқ па, олардың барлығы білім беру мақсатында пайдаланылуы қажет.
Функционалды дайындық тұжырымдамасынан тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу. Жаңа тұжырымдама әрбір жеке тұлғаның мүмкіндіктерін ескеруге және оның өзін-өзі дамытуды жүзеге асыруы мен дамуына ықпал етуге мүмкіндік беретін білім берудің дараланған сипатын көздейді. Бұл студенттер мен оқытушылардың әр түрлі жеке қабілеттеріне сәйкес түрлі білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы жүзеге асады. Бұл бағыттағы білім беруді дамытудың маңызды факторы – оқушылардың білім алу дағдыларын, ақпараттық технологиялардың заманауи және болашақ құралдарын қолдана отырып, өзіндік танымдық іс-әрекеттің дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Үздіксіз білім беру тұжырымдамасының дамуы, оны іс жүзінде жүзеге асыруға деген ұмтылыс қоғамдағы ересектерге білім беру мәселесін күшейтті. Ересектерге білім беру және оның қазіргі әлемдегі рөлі туралы көзқарастар түбегейлі өзгерді. Қазіргі кезде ол білім беру жүйесінің дағдарысынан шығудың, қазіргі қоғамға сай білім беру жүйесін қалыптастырудың негізгі әдісі ретінде қарастырылуда.
Білімнің негізгі әлеуметтік капиталға айналуы, білімді игеруге байланысты пайдасының артуы, одан алынған пайданы осы өнімді тұтынушы адам, қоғам және нақты кәсіпорындар алады. Білім беру саласындағы нарықтық қатынастардың дамуына мемлекеттік қаржыландыру мәселесінің шиеленісуі де ықпал етеді. «Егер 60-шы жылдары көптеген елдерде білімге бағытталған жалпы ұлттық өнімнің үлесі күрт өскен болса, ал 80-ші жылдардың басынан бастап дамыған және дамушы елдердің басым көпшілігінде білімге бөлінген мемлекеттік шығындарды азйтты немесе тұрақтандырды. Тіпті білімге ерекше назар аударатын АҚШ-та да мемлекеттік қаржыландыру мәселесі ушығып кетті.
Аталған жаңа білім беру үрдісін дамытудың негізгі бағыттарын анықтайды. Жаңа білім беру жүйесі компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялардың жоғары әлеуетін іске асыруға бағытталған. Атап айтқанда жаңа білім беру жүйесінің басты артықшылықтарының бірі жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылатын мүмкіндіктердің бірі - қашықтықтан оқыту.
Қазіргі мектептің түлегіне білім мен біліктің жиынтығы ғана емес, оны игеру қабілеті қажет, сонымен қатар еңбекқорлық қана емес, бастамашылдық пен тәуелсіздік қасиеттері керек.
Сонымен, қазіргі әлемдегі білім беруді дамытудың келесі негізгі тенденцияларын бөліп көрсетуге болады:
- «білім беру =оқыту» парадигмасын «білім беру=қалыптасу» парадигмасына ауыстыру
- Білімді қоғамның негізгі қаржы көзіне айналдыру,
- Үздіксіз білім беру концепциясын дамыту
- Даралай оқыту үрдісіне біртіндеп ауысу
- Диалогтылық пен оқытуда әр түрлі тәсілдер мен оқыту әдістерін қолдану
- Білім беруде интернет технологияларын және басқа да жаңа технологияларды пайдалану үрдісін арттыру
- дүниежүзілік жаһандану үдерістеріне сәйкес білім беруді интернационалдандыру
- қашықтықтан оқыту үрдісін дамыту
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?