Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті қалай сақтауға болады? Дүние жүзі тарихы, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзaқ мeрзiмдi жоспaрдың тaрaуы:

8-бөлім.

Қазіргі әлемнің жаһандануы

Мeктeп: Петропавл қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғaлiмнiң aты-жөнi:

Уақыты:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы:

 Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті қалай сақтауға болады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Оқу бағдарламасына сәйкес

Оқушылар:

9.2.3.3 жаһандану жағдайында ұлттық мәдени құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын дәлелдеу;

9.2.2.2 ХХ ғасырдың екінші жартысы - ХХI ғасырдың басындағы бұқаралық мәдениеттің қоғамның рухани дамуына ықпалын бағалау

Сабақтың мақсаты

Бұқаралық мәдениеттің ықпалын бағалау және ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңыздылығын дәлелдеу

Бағалау критерилері

  • "Бұқаралық мәдениет", "ұлттық бірегейлік"ұғымдарымен сипаттайды.;
  • Мәтін негізінде бұқаралық мәдениетке "иә" және "қарсы" дәлелдерін ажыратады (кем дегенде 6), оның әсерін -5-тен 5-ке дейінгі шкала бойынша бағалайды, өз бағасын дәлелдейді;
  • "Біз жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңыздылығын немесе жолдарын (таңдап) дәлелдейтін эссе жазады

Мектеп құндылықтары менМәңгілік Ел құндылықтарын дарыту

Мәдениет құндылықтарын құрметтеу, оқушылардың назарын ұлттық бірегейлікті сақтау қажеттігіне аудару

 Пәнаралық байланыс

Өнер, Орыс тілі (эссе жазу дағдылары)

АКТ саласындағы дағдылар

Мұғалім дайындаған Презентация, интернет көздерін пайдалану. Google іздеу жүйесімен жұмыс істей білу

Алдыңғы білім

Ұсынылған алдын-ала білімге 8 және 9 сыныптардың Дүниежүзілік тарихы, Әдебиет пен өнердің дамуы туралы мазмұн кіреді. БАҚ-тың адам өміріне әсері.

САБАҚ БАРЫСЫ

Жоспарлаған сабақ бөліктері

Жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы – 3 мин

Амандасу

Слайдтағы суреттермен жұмыс жасау

? Сабақтың тақырыбын қалай тұжырымдауға болады ?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Дәптерлерге жазу. Бағалау критерийлерін талқылау.

1 Слайд

2-3 Слайд

Сабақтың ортасы- 34 мин

Терминдермен жұмыс. Кестені талдау негізінде,"Бұқаралық мәдениет" терминнің анықтамасын тұжырымдау.

Анықтаманы ҚБ-ға жазыңыз.

1 Тапсырма. Жұптық жұмыс. Мәтінді оқып, тезистік түрде кестеге бұқаралық мәдениеттің "иә" және "қарсы" дәлелдерін жазыңыз (кем дегенде 6)

Дескрипторлар: оқушылар жұптасып мәтінді оқиды және бұқаралық мәдениеттің "иә" мен "қарсы" дәлелдерін бөледі (кем дегенде 6). Жұпта талқылайды, оның қоғамның рухани дамуына әсерін бағалайды (-5-тен 5-ке дейінгі шкала бойынша). Дәлел келтіреді.

Аргументтерді жұппен талқылау және -5-тен 5-ке дейінгі шкала бойынша бұқаралық мәдениеттің қоғамға әсерін жалпы бағалауды анықтау. Бағалауын аргументтеу.

Терминдермен жұмыс. Схеманы талдау негізінде "ұлттық бірегейлік"терминінің анықтамасын тұжырымдаңыз. Анықтаманы ҚБ-ға жазыңыз.

2. Тапсырма Ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз:

"Жаһандану дәуірінде ұлттық бірегейлікті сақтау неліктен маңызды?»

"Жаһандану дәуірінде ұлттық бірегейлікті қалай сақтау керек?»

Дескрипторлар:

- Көлемі: 100-120 сөз;

- Эссе құрылымын сақтау: кіріспе бөлім (20%), негізгі бөлім (60%), қорытынды бөлім (20%);

- Эссе композициясының тұтастығы және қисындылығы: кіріспе бөлігінде-мәселені қою (дәйексөз, аллегория, риторикалық сұрақ), негізгі бөлігінде – тақырыпты ашатын 2 тезис және тезистерді растауға арналған 2 дәлел, автордың жеке ұстанымының болуы; қорытынды бөлігінде – қорытындылар.

- Қорытынды мен Кіріспе мәселеге назар аударуы керек (кіріспеде ол қойылады, қорытындыда автордың пікірі жинақталады).

- Сөйлеу және жазу мәдениеті (сөйлеудің эмоционалдылығы, синонимдерді қолдану, стилистикалық, сөйлеу және орфографиялық қателіктердің, мәтінді түсінуге кедергі келтіретін түзетулер болмауы.

4 Слайд

5 Слайд, ҚБ

6 Слайд

7 Слайд

Рефлексия 3 мин

Үй тапсырмасы.

Жұмыстарымен алмасу, жоспар бойынша кері байланыс жазу:

1. Тақырыпты ашу

2. Эссе құрылымын сақтау

3. Жеке ұстанымның болуы және дәлелділігі

4. Сөйлеу және жазу мәдениетін сақтау

Рефлексия

8 Слайд

9 Слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу