Жаһандану саясат пен әлемдік экономиканың дамуына қаншалықты ықпал етеді? Дүние жүзі тарихы, 9 сынып, дидактикалық материал.


Қазіргі кезеңдегі жаһандану мәселесі және оның болашағы

Жалпы алғанда қазіргі жаһандану мәселелі өткен заман заңдарымен дамып келеді.

Алайда оның өзіне тән ерекшеліктері бар, олар:

  • Қазіргі жаһандану мәселесінің ауқымы мен таралу кеңістігі өткен уақытпен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Өткен уақыттарда жаһанданудың әсерін сезінбеген елдер мен аймақтар болған, ал қазіргі таңда әлемде мұндай елдер мен аймақтар жоқ. Ерте кезеңдерді есепке алмағанда, қазіргі кездегі халықаралық сауда ағындарының көлемі, әлемдегі халықтың көші-қон мөлшеріне тең немесе жаһанданудың (4-ші) кезеңіндегіден бірнеше есе асып кетуде.
  • Қаржы операциялары мен алыпсатарлық бұрын-соңды болмаған көлемге жетті. Осылайша, 1983 жылдан 2001 жылдың аралығында әлемдегі қаржы операцияларының жалпы көлемі шамамен 60 есеге өсті, ал әлемдік ЖІӨ-нің көлемі осы кезең аралығында шамамен 2 есеге ғана өсті. 2001 жылы Д.Харвейдің есебі бойынша қаржылық операциялардың жалпы көлемі, шамамен 40 триллион долларды құрады, оның ішінде сауда мен инвестицияларды қолдау үшін тек 0,8 триллион доллар (2%) қажет болды, қалған 98% қаржы операциялары таза алыпсатарлық операциялар болды. Г.Райзеггердің есебі бойынша, 2000 жылдардың басында АҚШ ЖІӨ американдық қаржы нарықтарындағы қаржылық және валюталық операциялар көлемінің 0,5% -ын ғана құраған, оның айтуынша, «дайын өнім, тек үштен бір бөлігін құраса, ал 2/3 бөлігін қызмет көрсету саласына тиеселі, әсіресе виртуалды экономикада саласында болды». Осылайша, әлемдік экономика алып-сатарлық қаржы капиталының қарамағына қарады, оның күші мен көлемі нақты секторда шоғырланған капиталмен салыстырғанда орасан зор.
  • Жаһанданудың алдыңғы кезеңіндегідей халықаралық есеп айырысуда алтынға байланбаған ақша бірліктері (доллар, еуро) қолданылады. Бір жағынан, бұл халықаралық сауданың тез өсуіне ықпал етеді, өйткені Америка Құрама Штаттары мен Батыс Еуропа өздеріне қажетті тауарларды алу үшін алтынды жаратпай, тек қағаз ақшаны доллар мен еуроны басып шығарып, сонымен төлем жасап, импортты жүзеге асырады. Екінші жағынан мұндай түрдегі есеп айырысу бүкіл халықаралық есеп айырысу жүйесінің құлдырауына және халықаралық сауданың шектелуіне қауіпті.
  • Өткен кезеңде жаһандану мәселесі көбінесе Африка, Азия және Латын Америкасындағы елдерін отарлау арқылы тарады (Британия, Франция, Испания және басқа отарлық империялар арқылы). Отарлау жүйесі жоқ қазіргі әлемде жаһандану үрдісі халықаралық ұйымдар жүйесі (ДСҰ, Дүниежүзілік банк) арқылы және АҚШ пен НАТО-ның тікелей саяси және әскери араласуы («түрлі-түсті революциялар», әскери интервенциялар, «жарамсыз елдерді» бомбалау және т.б.) арқылы жүзеге асырылуда. Бұл әлемдегі әскери қақтығыстар мен саяси тұрақсыз аймақтардың одан әрі көбеюіне қауіп тудырады. Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия, Латын Америкасы, бұрынғы КСРО елдері, яғни қазіргі әлемде әлеуметтік жарылыстармен, революциялар және терроризмнің өсуімен қамтылмаған аймақ қалмады. Алайда, болашақта саяси және әлеуметтік тұрақсыздық пен әскери қақтығыстарға ұшыраған елдер тізімінің одан әрі кеңейе түседі деп болжауға болады.

5. Бұрынғы жаһандану орталықтарының (АҚШ, Батыс Еуропа) құлдырауы және жаңаларының көтерілуі (Қытай) алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда тым тез жүруде, бұл әскери-саяси жағдайдың және Үшінші дүниежүзілік соғыстың шиеленісуіне қауіп төндіреді. Себебі, Бірінші дүниежүзілік соғыс Германияның жаһандық экономиканың жаңа орталығы ретінде тез өсуі нәтижесінде және ескі орталық - Ұлыбритания мен оның одақтасы Францияның тез құлдырауы нәтижесінде пайда болды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу