ХХ ғасырдың екінші жартысындағы халықаралық құқық қорғау ұйымдарының мақсаты мен міндеттері қандай? Дүние жүзі тарихы, 9 сынып, дидактикалық маиериал


Халықаралық сот – мемлекеттер арасында даулы мәселелрді шешетін, сондай-ақ, БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің құқық мәселері бойынша ұсыныстық ұйғарым шығаратын ең басты ұйым саналады. 15 тәуелсіз соттардан тұрады. Олар басқа жүмыстармен айналысуға құқықтарынан айрылған және дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерге ие. Сотқа тек мемлекеттер қатыса алады, ал жеке және физикалық түлғалар қатыса алмайды.

БҰҰ-ның Жоғарғы соты бүгін Косовоның 2008 жылы Сербиядан бөлініп шығып, тәуелсіздігін біржақты жариялауы халықаралық заң нормаларын бұзған жоқ деп ресми түрде төрелік айтты.

ДАУДЫҢ БАСЫХалықаралық соттың Косово тәуелсіздігіне қатысты шешімін орындау міндетті болмаса да, Жоғарғы сот қорытындысының Белград пен Приштина арасындағы дауға ықпал етуі ықтимал.Бұған қоса, заңгерлер сот шешімі басқа аймақтардағы жікшілдік қозғалыстарына да әсер етеді деп есептейді.Сербия Косово аймағын өзінің ұлттық болмысы қалыптасқан мекен ретінде қарастырады. Бірақ, Белград бұл аймақты бақылау тізгінінен 1999 жылы айрылып қалды. Сол кезде НАТО Косовода серб әскері мен этникалық албандар арасындағы соғысқа араласқан болатын.

Халықаралық қылмыстылықпен барлық хаплықаралық қауымдастық күресуге тиіс, ал халықаралық қылмыстар жасағаны үшін кінәлі адамдардың жазасы халықаралық сипатта болуға тиіс. Әлемде ешбір мемлекет халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіретін халықаралық қылмыстарды санамағанда, күннен күнге өсіп жатқан трансұлттық қылмыстылыққа өз бетінше қарсы тұра алмайды. Агрессия, геноцид, әскери қылмыстар және тағы басқа қылмыстар тәрізді айыр халықаралық қылмыстар жасағаны үшін кәнілі адамдарды халықаралық қылмыстық жауаптылыққа тартқан жағдайда ғана әділеттілік халықтарын трибуналды мұндай қылмыстар жазаланбай қоймайтындығына сендіруге болады. Мұндай қылмыстар үшін жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауаптылығы мемлекет атынан қызмет ететін, арнайы құрылған Халықаралық сот органымен жұзеге асырылуы мүмкін. Осы Халықаралық қылмыстық сот жасалған халықаралық қылмыстар үшін жазаның болмай қоймайтындығы қағидасының орындалуының кепілі болып табылады.

Тұрақты негізде халықаралық қылмыстық сотты құру тарихы бірнеше онжылдықтардан тұрады. БҰҰ бұл мәселеге 1948 жылы көңіл бөлді. Ол кезде бұған Нюрнбергтік және Токиолық трибуналдардың құрылуы негіз болды. БҰҰ Бас Ассамблеясы 9 желтоқсан 1948 жылғы 260 (III) резолюциясында халықаралық құқық Комиссиясына «халықаралық конвенциялар негізінде осы органның өкілеттілігіне жататын геноцид және тағы басқа қылмыстар жасағаны үшін айыпты адамдардың істерін қарау жүктелген халықаралық заң органын құрудың қажеттілігі мен мүмкіндігі туралы мәселені шешуді және Комиссияға осы мәселені қарауда «Халықаралық Соттың қылмыстық камерасын құру мүмкіндігіне көңіл бөлуді ұсынды»».

Аталған мәселе бойынша ұсынылған баяндамаларды талқылағаннан соң Комиссия геноцид және басқа да қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі адамдарды айыптау бойынша істі қарау жүктелген халықаралық заң органының құрылуы қажетті және мүмкін деген пікірге келді. Алайда Комиссия мұндай органды Халықаралық Соттың камерасы ретінде құруды жақтамады да, дербес сот органын құру жолын дұрыс деп санады.

Халықаралық қылмыстық юрисдикция туралы мәселе бойынша Комиссияның баяндамасын алдын ала тәртіппен қараудан соң Бас Ассамблея 12 желтоқсан 1959 жылғы 489 (V) резолюциясында Халықаралық қылмыстық сотты құруға қатысты нақты ұсыныстарды дайындау үшін он жеті мемлекеттер-мүшелер өкілдерінен құралған Комитетті бекітті. 1951 жылдың тамызында Комитет Халықаралық қылмыстық соттың Статутының жобасын дайындауды аяқтады. Статут жобасында мұдай соттың тұрақты құрылымы болады, ал оның қызметі оған ұсынылған істердің негізінде ғана жүргізіледі делінген.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен екі трибунал – 1991 жылдан бері бұрынғы Югославия аумағында халықаралық гуманитарлық құқықты елеулі түрде бұзғаны үшін жауапты адамдарды сотта тергеу үшін Халықаралық трибуналдың және Руанда аумағында жасалған геноцид және халықаралық гуманитарлық құқықты бұзғаны үшін басқа да қылмыстар бойынша жауапты адамдарды тергеу және 1 қаңтар 1993 жыл мен 31 желтоқсан 1994 жыл кезеңінде көршілес мемлекеттер аумағында жасалған геноцид және басқа да осы тәрізді қылмыстарды жасағаны үшін жауапты Руанда азаматтарын үшін сотта тергеу үшін халықаралық қылмыстық трибуналдың құрылуының үлкен рөлі болды.

Маңызды тарихи оқиға болып Халықаралық қылмыстық сотты құру бойынша БҰҰ атымен құзырлы өкілдердің Дипломатиялық конференциясы табылды. Конференция өз жұмысын 15 маусым 1998 жылы Римде ФАО штаб-пәтерінде бастады. Конференция жұмысында 156 мемлекеттер өкілдері қатысты, оның ішінде Қазақстан Республикасы да болды, және 260 жуық үкіметтік емес ұйымдар да бар. Конференция нәтижесі бойынша оның соңғы күнінде Халықаралық қылмыстық соттың Римдік статуты (мәртебесі) қабылданды.

Статут преамбуласында көрсетілгендей мемлекеттердің әлемдік қауымдастығының осындай халықаралық орган құруға түрткі болған себептердің бірі болып «бүкіл әлемдік қауымдастықты мазалайтын елеулі қылмыстар жазаланусыз қалуға болмайды және оларды тергеу тек ұлттық деңгейде қабылданатын шаралармен қамтамасыз етіліп қоймай, халықаралық қауымдастықты белсендету» табылады. Сонымен қатар онда былай делінген: «БҰҰ жүйесімен байланысты Халықаралық қылмыстық сот бүкіл әлемдік қауымдастықты толғандыратын ең елеулі қылмыстарға қатысты юрисдикцияға ие және «осы Статут негізінде бектілген қылмыстық юстицияның ұлттық органдарын толықтырады».

1 Бөлім «Соттың құрылуы», 4-бабына сәйкес Сот халықаралық құқықсубьектілікке ие. Ол сонымен қатар, оның функцияларын жүзеге асыру үшін және мақсаттарына жету үшін қажетті болуы мүмкін құқыққабілеттілігіне де ие. Сонымен қатар, сот кез келген мемлекет-қатысушы аумағында және арнайы келісім бойынша кез келген мемлекет аумағында Жарғымен белгіленген функциялар мен өкілеттіліктерін жүзеге асыра алады делінген.

2 Бөлім Соттың юрисдикциясын және қолданбалы құқық мәселелерін айқындайды. Мысалы, Сот юрисдикциясы бүкіл әлемдік қауымдастықты тікелей толғандыратын елеулі қылмыстармен шектеледі. Статут мұндай қылмыстарға мыналарды жатқызады: генцид қылмысы, адамзатқа қарсы қылмыстар, әскери қылмыстар және агрессия қылмыстары.

Геноцидті қылмыстар тізіміне енгізу туралы мәселе бастапқы уақыттан ақ даусыз болды. Статуттың 6 бабында 1948 жылғы геноцид қылмысын алдын алу және ол үшін жазалау туралы Конвенциядағы, югославиялық және руандық трибуналдардың жарғыларында, сондай ақ бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар Кодексінің жобасындағы геноцидтің анықтамасы пайдаланылған.

Халықаралық құқық Комиссиясымен адамзатқа қарсы қылмыстарға қатысты Статут жобасын қарастыруда, мұндай қылмыстарды анықтау және Статутқа енгізу үшін Нюрнберг трибуналының Жарғысының 6-бабында көрсетілген, және өз кезегінде бұрынғы Югославияның Трибунал Жарғысының 5-бабында одан ары дамуын тапқан адамзатқа қарсы қылмыстардың анықтамасын негізге алу керек делінген. Мысалы, Статуттың 7-бабына сәйкес, «Адамзатқа қарсы қылмыстар» кез келген азаматтарға кеңкқөлемді және жүйелі шеңберде шабуыл жасаумен жасалатын келесідей іс әрекеттердің кез келгені табылады, егер мұндай шабуыл саналы түрде жасалса:

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылш. Organization for Security and Co-operation in Europe) — саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. 3500 астам қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал оның 10 %-ға жуығы бас пәтерде отырады.

20 ғасырдың 70-жылдары Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес негізінде құрылды. 1994 жылы Будапештте өткен мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесуінде аталған кеңесті Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым деп атау жөнінде шешім қабылданды. Бұл — Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлығының 55 мемлекетімен консенсус (бір ауыздылық) негізінде келіссөздер, кеңесулер өткізіп, саяси шешімдер қабылдауға арналған көп тарапты құрылым. Мүше мемлекеттер басшыларының кездесулерінде ұйым қызметінің басты бағыттарын айқындайтын негізгі құжаттар қабылдайды. Мұндай кездесу 2 жылда 1 рет өткізіледі. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Министрлер кеңесі мән-маңызы жағынан екінші басшылық органы болып саналады. Оның мәжілісі мемлекеттер басшылары кездесуінің аралық кезеңінде жылына 1 рет өтеді. Басшылық кеңесі саяси және жалпы бюджеттік сипаттағы мәселелерді талқылап, нақтылайды, оның мәжілісі Прага қаласында өтеді. Сондай-ақ, ол Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның экономикалық форумы ретінде де шақырылады. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Тұрақты кеңесі — ағымдағы саяси шешімдерді қабылдайтын негізгі жұмысшы орган. Мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдерінен құралады. Оның апталық мәжілістері Венада өтеді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым органы — Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумы шеңберінде қарулану мен қарусыздануға бақылау орнату, өзара сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөнінде келіссөздер жүргізеді. Ұйымның лауазымды басшысы — бас хатшы, оны Министрлер Кеңесі 3 жыл мерзімге тағайындайды. Сондай-ақ, ұйымның құрамында Аз ұлттардың ісі жөніндегі 9 жоғарғы комиссар, Демократиялық институттар мен адам құқылары жөніндегі бюро және Парламенттік ассамблея бар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу